Гимнастикалық таяқшамен жаттығу жасау.
1.Аяқты иық деңгейіне қойып, таяқшаны екі басынан ұстап жоғары көтергенде тыныс алып , түсіргенде демді шығару. Қайталау 6-8 рет.
2.Аяқты иық деңгейіне қойып , таяқшаны кеуде тұсында ұстап, екі қолды алға созғанда тыныс алып, қалпына келгенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.
3.Таяқшаны ұстап жоғары көтергенде тыныс алып, ал алға еңкейгенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.
4.Таяқшаны жоғары ұстап, оңға және солға иілу, жоғары ұстағанда тыныс алып, иілгенде тыныс шығару. Иілгенде бір аяқты алға созу. Қайталау 6-8 рет
5.Таяқшаны жоғары ұстап тұрып , бір аяқты артқа қойып, екі қолды таяқшамен артқа керу. Қайталау 6-8 рет.
6. Таяқшаны алға ұстап тұрып, қолды оңға, солға , айналдыру. Қайталау 6-8 рет.
7.Таяқшаны алға ұстап, алға және артқа қарай дөңгеленте айналдыру. 6-8 рет.
8.Таяқшаны алға ұстап тұрып, оң тізені бүгу сосын сол тізені бүгу. 6-8 рет.
9.Таяқшаны алға созып тұрып,жартылай отырып тұру. Қайталау 6-8 рет.
10.Еңкейіп тұрып таяқты кеудеге тартып дем алу, төмен түсіргенде дем шығару. (насос). Қайталау 4-6 рет.
11.Аяқты иық деңгейіне ұстап, қолды алға созып денемен бірге оңға, солға бұру. Қайталау 4-6 рет.
12.Таяқшаны еңкейіп ұстап тұрып, денемен бірге оңға және солға көтеру. Жоғары көтергенде тыныс алып, түсіргенде тыныс шығару. Қайталау 6-8 рет.
13.Таяқшаны жоғары көтергенде тыныс алып, төмен түсіргенде тыныс шығару. Қайталау 4-6 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |