1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру


Буын аурулары мен тірек- қимыл аппаратының



бет10/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Буын аурулары мен тірек- қимыл аппаратының

деформациясы кезіндегі ЕДШ.

Тірек – қозғалыс аппараттарының өзгерістеріне: Омыртқа жотасының қисаюы (алға-артқа), Сколиоз (оңға,солға қисаюы), қазтабан жатады. Адам денесін тік ұстауы қаңқа сүйектегі бұлшық еттердің бітіміне байланысты. Е.Г.осы қаңқа сүйектеріндегі бұлшық еттерді, жүрек бұлшық еттерін, өкпе мен кеуде қуысындағы ауа айналыстарын үлкейтуге, нығайтуға бағытталады. Ағзалардағы зат алмасуды реттеп,ас қортуды жақсартады. Бір қалыпты және мөлшерлі дене шынықтырумен айналысу дене бітімінің өзгеріске ұшырауынан сақтайды. Кеуденің өзгеріске ұшырауында арқа және жауырын бұлшық еттерін шынықтыру керек.



Сколиоз- омырқа жотасының оңға немесе солға қисайып кетуі. Ауру іштен туа бітеді немесе жүре пайда болады. Қисаюдың С және S түрлері болады. С – омыртқаның бір бағытқа қыйсаюы (оңға немесе солға). S қисаюдың бірнеше бағытта болуы. Балалар сколиозбен мектеп бағдарламасында жаттығады, өте қатты қисайған кезінде ЕДШ топтарында жаттықтырылады.

Жаттығулары: емдік жүзу, ыстық және салқын душ қабылдау, азанда және кешке өзіне -өзі су құю(обливание).

Омыртқа жотасының қисаюы тек сыртқы келбетті бүлдіріп қоймай , ол ішкі ағзаларға да әсіресе, өкпе мен жүрек қызметіне кері әсерін тигізеді. Өйткені қисайған омыртқа көкірек ішіндегі өкпенің толық жазылуына , көк еттің қозғалуына бөгет жасайды. Сондықтан денеде қан айналысы кеміп оттегі жетпей іштегі қысым өзгереді.



Қазтабан. Табанның жалпаюы, аз қимылдайтын сіңір бұлшық еттері , жетілмеген әлжуаз және семіз адамдарда кездеседі. Ең көп тараған түрі статикалық (қозғалмайтын) қазтабан. Бұл ауруда аяқ тез талып , шаршап табан, өкше, жіліншік, сан бұлшық еттері ауырады. Жаттығу. Азанда 5-6 минут жалаң аяқ жүру , алдымен табанмен сосын аяқтың ұшымен жүру. Одан соң жүреден отырып табанның сыртымен жүру, аяқтың ұшымен секіру. Орындықта отырып аяқты созып, ұшын бүгіп бір нарсеге қатты тірейді, сосын еденге тірейді, саусақтарымен ұсақ заттарды көтереді, осылай сіңірді , бұлшық еттерді нығайтады. 30-40 минут жасалады. Қазтабанды анықтау түрі- плантография.

Полиартрит- буындардың қимылдамауы. Артрит - көп тараған ауру. Буындардың қызметтері бұзылғандықтан ауру белгілері сырт көзге білініп тұрады. Бұл ауру адамдарды еңбекке жарамсыздыққа және мүгедектікке әкеп соқтырады. ЕДШ буындардың қимыл қозғалысы мен қызметін қалпына келтіріп Т.Қ.А. қызметі және жалпы ағзаларды нығайтады.

ЕДШ бағыттары:

1) бұлшық еттердегі және буындардағы қан айналысын күшейту.

2) буын қозғалысын арттыру, қызметінің бұзылуының алдын алу, зақымданған жерге әсер ету.

3) буын байланыс аппараттарына әсер ету

4)төсекте жатқан ауруларға ( қан айналысы, тыныс алу, зат алмасуды) қалпына келтіруге әсер ету.

5) зақымданған буындағы ауырсыну сезімін азайту.

6) шынықтыру жаттығуларын және жұмыс қабілетін көтеру.

ЕДШ-ды аурудың айқын белгілері және қатты аурусынулары бар кезінде қолдануға болмайды. Ауырсынуды азайту үшін зақымданған буынға лангета қолданып гипстеп жылу процедураларын береді. Ауырсыну қатты болса абайлап қолдану керек.



Остехандроз. Омыртқа аралық буындардың және байланыс аппаратының өзгеріске ұшырауы, клиникаық формасына байланысты емдеудің түрлі әдістері қолданылады,. Дәрілер, физиотерапия және ЕДШ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет