1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет50/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Арнаулы тыныс алу жаттығулары.
1. Тұрған қалыпта айнаның алдында барып қолды іш аумағына бос қойып,

денені босатып қарқынды тыныс шығару (бұл кезде іш тартылады.) Ішті бос ұстап тыныс алу.(бұл кезде іш керіледі) Иық және кеуде қозғалмауы керек. Тек ішпен тыныс алынады. Қайталау 2 – 3 реттен.

2. Орындықта отырған қалыпта аяқ, қол, денені қозғамай тек ішпен тынысалу, тыныс шығару. Қайталау 4 – 5 реттен.

3. Шалқадан жатқан қалыпта аяқ, қол, денені қозғамай тек ішпен тыныс алу.

Қайталау 4 – 5 реттен.

4. Тізені бүгіп отырған қалыпта, екі қолды бүйірге таяп шынтақты жанына қарай ұстап, алға еңкейіп басты төмен жіберіп кеудені бүккенде толық тыныс шығару. Қалыпқа келгенде терең тыныс алу. Орындау тәсілі өздігінен . Қайталау 15-20 реттен.

5. Шалқадан жатқан қалыпта екі қолды бастың астына қойып , екі аяқты түзу тік бірге жоғары көтергенде- терең тыныс шығару. Төмен түсіргенде -тыныс алу және екі аяқты кезекпен жасауға болады. Орындау тәсілі өздігінен. 15-20 рет минутына.

6. Шалқадан жатқан қалыпта басты сәл көтеріп тізе буынынан бүгіп, іш бұлшық еттерін босату. Тыныс алу бірқалыпты.

7. Тегіс жерде қырынан жатқан қалыпта бастың астына кішкене жастықша салып, кеуденің астыңғы жағына шиыршықтап оралған тіреуіш қойылады. Алақанды бастың астына салып үстінгі тізені бүгіп ішке тигізгенде, денені босатып қарқынды тыныс шығару. Қалыпқа келгенде- тыныс шығару.

Қайталау 4-5 реттен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет