1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет12/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
surdopedagogika kazaksha okulyk, surdopedagogika kazaksha okulyk, ЛОГОПЕДИЯ КИТАП
ДИСЛАЛИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 Сөйлеу тілі мүшелерінің күрделі қимылдарын және тілдің қатысуын онша керек етпейтін м,н,т,п дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кезе келгені жиі бұзылып айтылатындығы байқалады.

Әсіресе сөйлеу тілі мүшелерінің қиын айтылатын р,л тіл дыбыстары, ысқырық (с,з,ц) және ызың (ш,ж,ч,щ) дыбыстары жиі бұзылады.

Әдетте қатаң және ұяң дауыссыздар сыңарларын мен қоса бірден бұзылады. Мысалы: бала, с,з, дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда олардың жңішке сыңарларының да ақауы болады. Р,л дыбыстарының ғана жіңішке сыңарлары көбінесе дұрыс айтылады, өйткені бұл дыбыстардың жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мүшелерінің ыңғайына қарай келіп тұрады.

Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы түрліше болады, мысалы, кез келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бірі оларды бұрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін.

Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Мысалы: ракета-акета, тарақ-таақ, батыр-баты.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарады. Мысалы: Р дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілідеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тербетіліп, көмейден ырылдаған тұрпайы «р» дыбысы, тілін шайнап «с» дыбысын, тілін бұрап езуін «ш»  дыбысын, еріндерін үрлеп «л» дыбысын шығарды.

Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырылып айтылады. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

1.Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл артық түзелмелі (шұғыл) дыбыстарын тіл алды т.д шұғыл дыбыстарына алмастырылады. (Кәмила – Тәмила, гүл - дүл);

2. Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды «с» дыбысы тіл алды «т» дыбысына алмастырылады. (сабын-табын);

3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар «с» дыбысына алмастырылады. Мысалы: Самат- фамат ж.т.б.

4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы мен жасалу жолдары ұқсас дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы, ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен  алмастырылады. (болат-полат, қозы-қосы);

5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырылады: (пяз-паз, ерік-ерык):

Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым, ал одан көп болса күрделі дислалия дейді.

Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары дыбыс шығарудағы  сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы (мысалы, ысқырықтар) дыбыстарда болса, оларды мономорфиялық дислалия дейді. Егер бұндай ақаулықтар дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бірнеше топтардағы  /мысалы, ротацизм, сигматизм және ламбдацизм/ дыбыстарда болса, оларды полиморфиялық дислалия дейді.

Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай түрлерге бөліндеі:



1.Сигматизм – гректің сигма деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық /с,сі, з, зі ,ц/ және ызың /ш,ж,ч,щ/ дыбыстарының айтылу мүкістіктерін білдіреді. Мүкістіктер – сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында ең көп тараған түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет