1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі


ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИЦИПТЕРІ



бет29/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИЦИПТЕРІ

 Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұтығуын түзету қажеттігі. Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысынада жеңіл түрде болады, бірақ жеңіл де әрең байқалатын тұтығуы бірте-бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады және жақсы оқуына жиі кедергі жасайды. Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек.

Бірақ бұндай көзқарас жақын арада ғана қалыптаса бастады. 1930-шы жылға дейін СССР – де логопедиялық көмек тек жеткіншектер мен үлкендерге ғана көрсетілір келген. Балалар психиатры мен педиатр баланың жас кезінде тұтығуға көңіл аударудың қажеті жоқ, тек емдеу, сақтандыру шараларын баланы балалар коллективінен бөлу /жүргізу ғана қажет деп келді/.

1930 жылдардағы бұл көзқарас бекреге шығарылды. Тұтығуды мектепке дейінгі кезеңде түзетудің алғаш рет негізін алып, дамытқан Б.А.Гиляровский болды. Ол тұтығудан айықтыру жұмыстарын жүргізетін арнайы балалар мекемелері, балалар алаңы немесе жартылай стационар болуы керек деп пайымдаған.

1931 жылы Москвада тұтығатын балалар үшін бала-бақша ашылды. Онда Е.Ф.Роу логопедиялық жұмыстар жүргізуді және Н.А. Власова жұмыс істеді. 1932 жылы Санкт-Петербургте ұзартылған күн топтары ұйымдастырылды. Онда М.Ф. Брунс жас балалардың тұтығуын түзетумен айналысты.

 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҰТЫҒУДАН АЙЫҚТЫРУДЫҢ КОМПЛЕКСТІ ӘДІСТЕРІ

 Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада /іс жүзінде/ дәлелденіп отыр.

Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады:

1. Медициналық әсер ету. ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуын бөлу, белгілеу /жазып алу/.

3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрысм және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.

4. Логопедиялық ритмика. /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.

5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету – тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп, одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет, сабақтарды әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуіне қолдау жасап, түбінде толық болатын, яғни тұтығудан біржола айырылып, дұрыс сөйлей алатынына көз жеткізу керек.

Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекмелер мен жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлегу дағдыланады.

Баламен бірқалыпта қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет.

 Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу мен шынығудың тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет