1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі


НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет41/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Балалардың сөйлеу тілдерінің жағдайлары әр түрлі деректерге байланысты. Солардың ішіндегі негізгілері:

- есту қабілетінің кемдік дәрежесі баланың естуі неғұрлым ауырлаған сайын, соғұрлым сөйлеуі де қиындайды;

- есту қабілетінде ақаулықтың пайда болу уақыты: егер баланың есту қабілеті 3 жасынан кейін бұзылған болса, онда оның сөйлеу тіліндегі сөз тіркестері болмашы ауытқулармен сөздігінде, грамматикалық құрлысында, дыбыстарда айтуына болуы мүмкін. Егер есту қабілеті мектеп жасында зақымданса, онда сөйлеу тіліндегі жақсы меңгерілген сөз тіркестеріндегі қателер негізінде ұяң дауыссыздардың қатаюынан екпінсіз буындардың түсініксіз айтылуынан, сөйлеу тілі мүшелері әрекеттерінің кеміскіленуінен көрінеді. Есту қабілетінің ерте жасындағы кемуі сөйлеу тілінің өте қатты бұзылуына әкеліп соғады;

- есту қабілеті зақымданғаннан кейін баланың өсіп жетілу жағдайында: уақытысында бастаған түзету оқуы жұмыстың шамалы ғана нәтижелілігін береді;

- нашар еститін баланың физикалық және психикалық жағдайы балалардың денелерінің әлсіреуі, психиялық белсенділігінің аздығынан сөйлеу тілінің қалыптасуында белсенділік кемірек болады.

Ерте жасынан сөйлеу тілінен айырылған нашар еститін балалардың көп жағдайларда лексикасы, грамматикасы, фонетикасы толық дамымайды. Сөзді толық естіп қабылдамауы сөздік қорының кедейленуіне, шатастырылуына, тіпті қолданып жүрген сөзінің маңызын жетік білмейтіндігіне әкеліп соғады.

Сонымен бірқатар сөздердің көп мәнділігімен және кең мағыналылығымен қатар баланың сөздігінде өзіне тән деректер де бар олар жалпылама сөздер жоқтың қасы дерлік /транспорт, ыдыс, жануарлар және тағы басқалар/, бүтін заттың және оның бөлшектерінің аттары шатастырылады, заттарды аттарымен әрекет қимылдарының өзара орындары ауыстырылатындығы байқалады /сурет-қалам, төсек-жатам, от-жақ, және тағы басқалар/. Көмекші сөздерді және мағынасы басқаша берілген сөздерді меңгеруі қиындау болады.

Нашар еститін балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрлысының қалыптасу дәрежесі сол жастағы бір қалыпты өсіп келе жатқан дені сау балалардың дәрежесімен бірдей сипатталады. Естілуіндегі сөздердің түсініксіздігі олардың жалғауларындағы, жұрнақтарындағы, қосымшаларындағы ерекшеліктері сөздің грамматикалық түрлерін бөлшектеуге, сөздердің арасындағы грамматикалық байланыстарын меңгеруге кедергі жасайды. Күрделі қателер әр қалай болады. Мысалы, септелуіндегі, қиысуындағы қателер бір сөзден тұратын сөйлемді қолдануына кең көлемдегі сөздер тізбегін қолдануларында да байқалады.

Сөздің басындағы немесе аяғындағы өкпінсіз буынды анық ести алмаған бала оларды түсініп қалдырады немесе алмастыру түрінде қолданады.

Сөйлеу тілінің фонетикалық жағындағы дыбыстардың айтылуында буындық құрамы әр түрлі сөздерді қайталаула толып жатқан қателер жіберіледі және артық дыбыстармен толтырылады. Есту қабілеті нашар балалар фонетикасы жағынан ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді айтылуында жиі шатастырады.

Бұл жерде кемістіктерінің ерекшеліктері төмендегідей болып бөлінеді:

а) ұянды қатаң, ысқырықты ызың, жуанды, жіңішке дыбыстармен шатастырады;

б) бір дыбысты екіншісімен алмастыратыны жиі кездеседі, мысалы с-з, т-д және тағы басқалары;

в) ұяңдалып айтылу ақаулығы; жіңішкеріп айтылу ақаулығы;

г) аффрикатты дыбыстардың кеш қалыптасуына байланысты дыбыстар құрамындағы біреуінің жоқ болуы;

д) шатастырылып айтылатын дыбыстар.

Мұнымен қатар есту қабілеті нашар балалар сқйлеу тілі мүшелеріндегі күрделі дыбыстардың айтылуын меңгере алмайды /р, л, ч, ц, ж. т, б/.

Сөйлеу тіліндегі жалпы көмескілік және дауыс ырғағының ажарсыздығы нашар еститіндерге тән қасиет. Бұндай балалардың дауысы күңгірт және үні әлсіз. Сөйлеу тілінің шапшаңдығы баяу болады.

Нашар еститін балалардың ауызекі сөйлеу тілінің ақаулығы жазу тілінде айқын байқалады.

Жазу мен оқуын меңгеруінің қиындығы есту қабілетінің кемістігінің себепші болуынан ғана емес, сонымен бірге сөйлеу тілінің фонематикалық түйсігінің толық дамымауынан да болады.

Жазуындағы қателердің қатарына әріптерді алмастыру да жатады. Мысалы «тарлығат» қарлығаш.

Сөздің дыбыстық құрамын жеткілікті меңгерген бала жазуында сөздің тек екпін түсетін буынын ғана жиі қайталайды, ал кейде сөзді танымастай етіп өзгертіп жібереді /«дырна» - қырман/.

Сөздік қорының кедейлігі және тілдің грамматикалық құрлысын жеткілікті меңгермеуі оқығанын шала түсінуіне себеп болады.

Есту қабілеті нашар балалардың ринолалия /ашқы және жабық/ сөйлеу тілінің шапшаңдығының бұзыдуы сияқты есту қабелітінің жағдайына байланысы жоқ сөйлеу тілінің басқ да ақаулықтарын байқауға болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет