1. Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері. Логопедияның негізгі міндеттері. Тіл кемістіктерінің тарихы. Ежелгі шығыc, Греция, Рим. Қазақстандағы логопедиялық ғылымның дамуы логопедиянің мақсаты мен әдістемесі



бет38/42
Дата19.05.2020
өлшемі211,81 Kb.
#69694
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
ЛОГОПЕДИЯ КИТАП

ОҚУЫН ТЕКСЕРУ

 Балалардың оқуын тексеру баспа әріптерімен берілген арнайы текст пайдаланылады. Оқуын тексеру үшін бұндай құрал мынандай талаптарға жауап беру керек: 1) текстің ішінде қарама-қарсы әріптер мен буындар неғұрлым көп болуы керек; 2) текстің мазмұны баланың біліміне дәлме-дәл сай, оның түсінігіне жеңіл болу керек; 3) текстің көлемі көп болмау керек; 4) балаға таныс текстерді бұл жерде пайдалануға болмайды.

1. Жеке әріптерді оқу.

Логопед балаларға әріптердің қиындысын біртіндеп көрсетеді, ол оларды атайды. Сосын логопед баладан сол әріптердің ішінен біреуін тауып беруді өтінеді. Әріптерді тану үшін оларды қарама-қарсы дыбыстармен сәйкес келетіндей ретпен атау керек. Мысалы, С-Ш-Ч-З-Ж-Ц-Р-Л-Г-К және тағы басқалар.

2. Буындарды оқу.

Балаға құрамында қарама-қарсы дыбыстары бар буындарды ұсынады. Мысалы, са-ша, за-жа, ца-ча, ра-ла және тағы басқалар. Тура буындардан басқа, қарсы буындарды және сонымен бірге дауыссыз дыбыстар қатар келген буындарды да ұсынады, егер бала кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайтын болса, оларды оқуында тексеру үшін міндетті түрде буындарды құрамында кіргізу керек. Ол үшін баланың дыбыстарды ажырата білетіндігіне ерекше көңіл бөлу керек.

3. Сөздерді оқу.

Балаға алдымен ең қарапйым жеңіл сөздерді оқытады. Мысалы, апа, ақша, қой, ата, аға және т.б. Сосын буындық және морфологиялық құрамы бойынша күрделірек сөздерді оқытады. Мысалы, алаша, қаңылтыр, арыстан, сексеуіл, жапалақ және т.б.

4. Жеке сөйлемдерді және арнайы іріктеп алынған сөз жолдарын оқу.

Оқу барысын тексеруден басқа бұл тәсілді пайдалану кезінде, сондай-ақ баланың оқығанын қалай түсінгенін де тексеру керек. Осы мақсатпен баланың жекелеген қысқа сөйлемдерді оқыған кезінде мазмұны сол оқығанына сәйкес келетіндей бейнелі суреттерді іріктеп алуды ұсынуға болады. Мысалы, бала сырғанақ теуіп жүр; кемпір шұлық тоқып отыр; қыз айнаға қарап тұр және т.б. балаға оқығандары бойынша сұрақтар қою немесе тапсырманы айтып беруді өтіну.

Сонымен бірге оқуындағы ежіктеу ерекшелігінде анықтау қажет.

Әсіресе қарама-қарсы дыбыстардың алмастырылатын, түсіріп қалдыратын, буындардың орын ауыстырылатын және бұрмаланатын сөздердің алмастырылатын; оқуындағы агграмматизм – басқа сөзбен айтқанда дисграфия сол қателер, бірақ олар жазуында емес оқуында кездесетін дислексиялық қателерді ерекшеліктерінің сипатына аса жоғары көңіл аудару қажет.

Сондай-ақ болжаулап оқуының және шапшаңдығының сипатын анықтау да қажет.

Оқуымен жазуын тексерген кездегі анықталатын барлық қателердің ішіндегі ерекшеліктерімен көзге түсетіндерін өзгеше бөліп алып мұқият талдау қажет.

Содан кейін дыбыстарды айтуды және фонематикалық түйсігі, сондай-ақ сөздік қоры және сөйлеу тіліндегі грамматикалық құрылысының қалыптасу деңгейі сияқты баланың жалпы сөйлеу тілінің даму жағдайын тексеру керек.

Сосын жазу мен оқуы тексерген кезіндегі анықталған қателерді ауызекі сөйлеу тілінің барлық сңырарларындағы қателермен салыстыру қажет. Бұл дисграфия мен дислексиның әр қайсысының нақтылы жағдайы фонематикалық түйсігінің бұзылуының нәтижесінде бе, немесе одан гөрі маңыздырақ басқа бір жері жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының себебінен   бе екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге нағыз дисграфия мен дислексияны сөйлеу тілінің толық дамымауының себебінен емес, басқа әртүрлі себептермен дұрыс оқи алмауынан және жаза алмауынан айыра білу қажет. Бұндай себептерге ана тілі бойынша бағдарламаны жеткілікті игере алмауын, өнегесіз тәрбие, қос тілділінің ықпалын жатқызуға болады. Бірақ бұндай жағдайда тіпті оқуы мен жазуында өте көп әр түрлі қателер болса да баланың ерекше қателер болмау керек.

 ЖАЗУ МЕН ОҚУЫНДАҒЫ КЕМІСТІКТЕРДІ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

Қазіргі уақытта балалардың ауызекі сөйлеу тілінің толық дамымауы мен оқуындағы және жазуындағы кемістіктердің арасында тығыз байланыс бар екені көпшілікке мәлім. Сондықтан кемістіктерді жою үшін түзету ықпалының бірыңғай жүйесі қажет. Дисграфия мен дислексия екеуі екі бөлек ақаулық емес, керісінше бірімен-бірі тығыз байланысты қабаттасып жүгіретін жоғарыдағы көрсетілген деректер растады.

Н.А.Никашина, Л.Ф.Спирова, Р.И.Шуйфер балалардың жазу патологиясын түзету мәселесіне арналған жұмыстарында ауызекі сөйлеу тілінің және оқуы мен жазуындағы кемістіктерін жұмылдырып жою керек екендігіне ерекше көңіл аударады.

Бұндай жұмысты әдетте логопед мектептегі логопедиялық тұрақты жайында сабақтың бос уақытын пайдаланып аптасына 3-4 рет жүргізеді. Логопедияның жұмысының негізгі бағыттары:

1. Фонематикалық түйсігін жетілдіру. Қарама-қарсы дыбыстарды және буындарды ажырату жұмысын тек айтумен естіріп қана жүргізіп қоймайды, сондай-ақ оны жазу тілінде бекітіп машықтандырады. Фонематикалық түйсігін қалыптастыруды, сондай-ақ міндетті түрде тілдің қимылдау анализаторының қатысумен жүргізеді. Сондықтан фонематикалық есіту қабілетін жетілдірумен дыбыстарды айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асырылады.

2. Дыбыстарды айтқызу жұмыстары. Ең алдымен бұрмалану, алмастыру, түсіріліп қалдырылу сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық кемістіктерді жою қажет. Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстарын айтылу сақталған балаларда кездеседі. Бұндай жағдайда тіл қимылының анализаторын іске қосу үшін сөйлеу тілі мүшелерін анығырақ істейтіндей ету керек. Одан басқа, фонематикалық есту қабілеті бұзылған кезде, тіпті сақталған дыбыстардың өздерінің артикуляциясы мүлде анық болмайтынын есте сақтау қажет.

3. Дыбыстарды талдауға және жинақтауға дағдылануын жетілдіру. Фонематикалық түйсігін жетілдіру жұмысына өтеді. Соңғы жұмыс әр уақытта балалардың дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі түрлері мынандай болады:

а) сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбыстарды бөлу. Бұндай талдау ұзын сызық сөйлемді, қысқа сызықтар сөздерді, ең қысқа сызықтар бундарды, нүктелер дыбыстарды көрсететін тұтас сөйлемнің нобайын құрастырумен қоса беріледі;

б) жетпейтін дыбыстарды, буындарды жазып бітіру;

в) бір бағанаға бір буынды сөздерді, екінші бағанаға екі буынды сөздерді жазып буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу;

г) берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу, әр сөзге қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу.

4. Сөздік қорын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру. Әдетте бұл кезең балаларды жаңа сөздердің әр түрлі жасалу жолдарымен таныстырады. Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бір етістік сөзден бірнеше жаңа сөздер жасайды, мысалы: кел-ін, кел-сап, кел-те; бір жұрнақтың көмегімен бірнеше жаңа етістік сөздер жасайды, мысалы: қолтық-тас, қытық-тас, пысық-тас, және тағы басқалар. Сөздік құрау жұмысының басқа бір түрі біріккен сөздерді іріктеу болып табылады. Мысалы: қосаяқ, аққу, белбау, қозықұйрық, тасбақа, еңбеккүн, Боранбай, Әсемкүл. Бұндай жұмыс дұрыс жазу ережесін жақсартып баланың ой-өрісін кеңейтеді.

Өткізілген барлық оқу жұмысында сөздік қоры молаяды, дәлелденеді, бекітіліп тұрақталады. Басты мәселе дыбыстарын талдау бойынша әрбір сөздің маңызын анықтау, жаттығуын, жазуы мен оқуын жаттығумен байланыстыру. Сөздік қорының белсенділігін арттыру үшін үлкен жұмыс жүргізеді.

5. Грамматикалық дағдыларын жетілдіру. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты жалғаулықтарды түсіндіру және қолдану, жалғаспалы көп бейнелі суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру, сөйлемдердің көлемін кеңейту және қысқарту болып табылады.

6. Ауызша қалай болса, жазбаша да солай сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру. Жазуындағы мен оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы барлық оқу жылы бойынша жүргізіледі. Олардың қажетті шарттарының нәтижелілігі ауызекі сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып саналады.

Оқуы мен жазуындағы кемістіктерді түзету тоқтаусыз әрдайым жұмыс істеуді талап етеді,  ол балалардың қаншама уақытын алады, оның үстіне қажытады. Соның нәтижесінде оқуда жалпы үлгерімі төмендеп кетуі де мүмкін. Сондықтан оларды жойғаннан гөрі алдын ала сақтандыру жеңлңрек және тиімді болады.

  ЖАЗУЫ МЕН ОҚУЫНДАҒЫ КЕМІСТІКТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

 Алдын алу ықпалының қажетті шарттарының бірі-сөйлеу тілінің толық дамымауының сақтық белгілерін ерте бастан танып білу.

Жан-жақты талдаудың және сөйлеу тілінің жекленген сыңарларының тіл кемістігіндегі маңызын анықтау негізінде 60 жылдары жазу мен оқуға үйрету үшін алдын-ала дайындық жағдайлары жеткіліксіз, мектепке дейінгі жастағы балалардың ерекше түрлері бөлінген болатын. Бұған фонетико-фонематикасы толық дамымаған балалар жатады.

 14. Есту және көру мүшелері зақымдалған балалардың тілдік дамуы. Зияты зақымдалған балалардың тілдік дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет