1 курс «Стоматология» мамандығына арналған №1 Аралық бақылау сұрақтары. Остеология, краниология. 2023-2024 оқу жылы
Дата 23.09.2023 өлшемі 14,05 Kb. #182154
Байланысты:
Стом 1-АБ сұрақтары
1 курс «Стоматология» мамандығына арналған
№1 Аралық бақылау сұрақтары. Остеология, краниология.
2023-2024 оқу жылы
Анатомия пәні және маңызы. Клиникада және медицина практикасында анатомия пәнінің маңызы. Анатомиялық тексерістердің шаралары және әдістері.
Омыртқа бағанының жалпы құрылысы , бөліктері, иілімдері, варианттары , патологиясы.
Мойын омыртқалары: құрылысы , айырмашылық ерекшеліктері.
Кеуде омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
Бел омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.
Қабыртқалар, құрылысы, І, ХІ, ХІІ қабыртқалардың ерекшеліктері.
Төс, бұғана, жауырын құрылысы,
Тоқпан жілік: құрылысы.
Білек сүйектері: шынтақ, кәріжілік сүйектері.
Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері.
Жамбас сүйектері. Жамбас тұтас. Жыныстық және жас шамалық ерекшеліктері. Әйел жамбасының размерлері.
Еркін аяқ сүйектері: ортан жілік , құрылысы.
Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері.
Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері.
Ми сауытының дамуы. Жас шамалық , жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.
Бассүйек төбесінің сүйектері: маңдай, төбе және шүйде сүйектері, құрылысы.
Жоғарғы жақсүйек, құрылысы. Төменгі жақсүйек, құрылысы.
Самай сүйегі, құрылысы. Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы.
Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері , олардың маңызы.
Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары , тесіктері, қатынастары.
Бассүйектің ішкі негізінің топографиясы, тесіктері мен олардың қызметі.
Бассүйектің сыртқы негізінің топографиясы , тесіктері мен олардың қызметі.
Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Самай шұңқыры, самайасты шұңқыры.
Бет сүйектерінің құрылысы мен топографиясы: торлы сүйек, бетсүйек, таңдай сүйегі, көзжассүйек, мұрынның төменгі кеуілжірі , кеңсірік желбезегі.
Достарыңызбен бөлісу: