1-курс, ҚТӘ-11 тобының студенті Мендигулова Айкөркем Гасырқызы



бет3/3
Дата21.12.2022
өлшемі0,76 Mb.
#163721
1   2   3
Байланысты:
практика жоспар
11-daris.magnit orisi, Proekt dogovora kupli prodazhi, Выйди из зоны комфорта. Измени свою жизнь. 21 метод повышения личной эффективности (Брайан Трейси) (z-lib.org)
Мінездеме беруші: Мендигулова А.Г.
Сынып жетекшісі: ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ Ражанова А.К.


Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
Университетінің Филология факультетінің
1-курс ҚТӘ-11 тобының студенті
Мендигулова Айкөркем Гасырқызына


Мінездеме
Мендигулова Айкөркем Гасырқызы - №48 жалпы орта білім беретін мектептен 21.02.2022. – 05.03.2022 жж. аралығында практикадан өтті. Практикадан өту кезінде өзін жақсы қырынан көрсете білді.Практиканың бірінші күнінен бастап оқушылармен,мектеп ұжымымен тез тіл табысып,оларды өзінің қарапайымдылығымен,жылы жүзділігімен,мәдениеттілігімен жақын тарта білді.Айкөркем алғашқы күннен бастап жауапкершілкті сезініп,әрбір сабақтарға жақсы қатысты. Оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болды. Мендигулова Айкөркем Гасырқызы тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, ізденістпен келеді.Студент-практиканттың орындауға міндетті қызметтерін қатаң дұрыс сақтады,барлық тапсырмаларды толықтай орындап,мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне практика есебін тапсырды.Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі,пән мұғалімдері мен оқушылармен арнайы сұрақтар қойып,өзіне көп мәлімет алды.Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді.
Ұйымдастырушылық қасиеті бар,мінезі жақсы,өз жұмысына қабілеті бар студент-пратиканттың мектептегі пән мұғалімдерімен тіл табыса алды.Ең бастысы,табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып,өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі.Менің методикамды да,оқушылармен кері байланысымды да бәрін көре-білген студент-практикант алдағы уақытта жақсы мұғалім-педагог болады.Әрбір сабақ немесе сыныпішілік тәрбие жұмыстарына белсене қатысты.Мендигулова Айкөркем Гасырқызының алдағы уақытта білімді де білікті,үлгілі еліне адал қызмет ететін мұғалім-педагог болатынына сенеміз.

№48 ЖОББМ директоры: ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ Мусагалиев А.В.


Сынып жетекші: ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ Ражанова А.К.
Пән мұғалімі: ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ Ражанова А.К.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
университетінің Филология факультетінің
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
1-курс студенті машыққкер
Мендигулова Айкөркем Гасырқызының
сарамандық машықтан

Есебі
Мен, Мендигулова Айкөркем Гасырқызы 2022 жылдың 21.02 – 05.03. аралығындағы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Деркул кентінде орналасқан «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесінен үздіксіз сарамандық машықтан өттім.Мен өзіме жүктелген 6»б» сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ражанова Айнұр Конысбаевнамен таныстым.Сыныпта барлығы 22 оқушы болды. Оның 13 ұл бала,9 қыз бала. 6»Б» сынып оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті ,тәрбие сағаты сабақтарна қатысып, оқушылардың білім деңгейін,оқу үлгерімін,мұғалім методикасын бақыладым.Алғашқы күннен бастап,пән мұғалімінң методикасын, оқушылармен қарым-қатынасын бақыладым.Маған пән мұғалімінің оқушылармен қарым-қатынасы,сабақ өткізгендегі методикасы қатты ұнады.Өзінің методикасымен оқушыларды тартады.Қазақ тілі сабағынан «Етістік және олардың түрлері» туралы жаңа тақырып түсіндірілді.Қазақ әдебиетінде Оралхан Бөкейдің өмірбаяны мен «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасымен танысты.Ал тәрбие сағаты бойынша 8 наурыздың қарсаңына орай қыздар арасында қыз сыны өткен болатын.Қыздар барынша өз өнерлерімен,білімділіктерімен озық болды. 6 «Б» сынып оқушылары бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста,өте ұйымшыл,білім деңгейлері де өте жақсы.Сыныптың оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстым.Болашақ мұғалім-педагог ретінде оқу тәрбие мекемесінің материалдық техникалық базасымен,педагогикалық ұжыммен және мұғалімдердің міндеттері мен методикасы әртүрлі екенін білдім.Сонымен қатар, сарамандық машық кезінде көптеген біліп-түйерім көп болды, жақсы тәжірибе алдым,соның ішінде оқушылармен жұмыстануды,сабақ берудің тиімді әдістерін көріп,біліп меңгердім.Оқушылармен қалай жұмыстану керектігін,қарым-қатынас жасап,ұйымдастыруды ,сабақ өткізу үлгілерін,әр мұғалімнің өзіне сай методикасы болатынын ескердім.

Студент-практикант: ⸏⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ Мендигулова А.Г.



Күні

Пән атауы

Тақырыбы

Мұғалімнің аты-жөні

Сабақ мазмұны

Оқушыларды барлау

Қолы

21.02.2022

Қазақ тілі

Етістер.Ортақ етіс.Өзгелік етіс.

Ражанова Айнур Конысбаевна

Сабақ басы:Мұғалім оқушылармен амандасып,түгендеді. -Үйге берілген тапсырманы сұрады.Үйге берілген 3-тапсырма етістіктерді етістерге айналдырып жазу. Сабақ ортасы:Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы өткен сабақты қайталады.Жаңа тақырып түсіндірілді.Тақырып бойынша «Қазақстаннан шыққан спорт жұлдыздары» туралы жазуға берілді.Сонда кездесетін етістіктерді етістерге айналдыру. Сабақ соңы: Кері байланыс жасалды. -Үйге тапсырманы аяқтап келуге берілді.

Оқушылар берілген үй тапсырмасына тиянақты дайындалып келген.Олар қойылған сұрақтардың бәріне жауап берді.Сабақта берілген тапсырмалар бойынша «Қазақстаннан шыққан спорт жұлдыздары» туралы айтып, бір-бірімен ақпарат бөлісті.





22.02.2022


Қазақ әдебиеті


Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»


Ражанова Айнур Конысбаевна


Сабақ басы:Мұғалім оқушыларды түгендеді. –Үй тапсырмасы сұралды. Сабақ ортасы:Мұғалім оқушылармен бірге өткен сабақты жалғастырып оқыды.Оқушылардың ынтасын ояту үшін,тақырыпты қызықты етіп түсіндірді. –Оқушыларды топ-топқа бөліп, тақырып бойынша әр топқа түрлі тапсырмалар берді. Сабақ соңы:Сабақты қортындылау үшін мұғалім осы тақырып аясында оқушыларға сұрақ қойды. –Оқушыларды «сиқырлы қол» әдісі арқылы бағалады. -Үйге берілген тапсырма шығарманы толықтай оқып келуге берілді.


Оқушылар үшін сабақ қызықты өтті.Олар берілген тапсырманы өз уақыттарында орындап, өз ойларын ашық түрде жеткізді.Мұғаліммен кері байланыс жасап, қойылған сұрақтарға дәлелмен жауап берді. Оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты.





23.02.2022



Қазақ тілі


Өздік етіс.Өзгелік етіс


Ражанова Айнур Конысбаевна



Сабақ басы:Мұғалім оқушылармен амандасып,түген-деді . -Үй тапсырмасы сұралды.Өткен тақырыпты қайталады. Сабақ ортасы:Жаңа тақырып түсіндірілді. –Тапсырмалар берілді.Етістік пен етіс кездесетін сөйлемдер талдады. –Сабақты етістік пен салт етістікке байланысты сөйлемдерге етіс жұрнақтарын жалғау. Сабақ соңы: Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалады. –Үйге тапсырма берілді.

Оқушылардың кейбірі сабаққа дайындалмай келген.Оқушылар сабақ барысында сабаққа белсенді түрде араласып, берілген тапсырмалар-ды толықтай орындады.Сол арқылы олар жаңа тақырыпты меңгергендерін көрсетті.







24.02.2022


Қазақ әдебиеті


Оралхан Бөкейдің шығармашылығы


Ражанова Айнур Конысбаевна


Сабақ басы:Мұғалім оқушылармен амандасты. -«Сұрақтар тоңазытқышы» әдісі арқылы өткен барлық тақырып бойынша оқушылар қойған сұрақтарға бірге жауап беріп, өткен сабақты пысықтады. Сабақ ортасы: Оралхан Бөкей жайлы түсіндірілді. –Оқушыларды түрлі түсті резеңкелер арқылы топ-топқа бөлді.Әр топқа түрлі тапсырмалар берілді. – I топ.Оралхан Бөкейдің өмір жолы.IIтоп.Шығармасы. – III топ.Еңбек жолы. Сабақ соңы:Мұғалім берілген тапсырмалар бойынша оқушыларды бағалады.


Оқушылар қойылған әр сұраққа өте белсенді түрде жауап берді.Жаңа тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз қиялдарын қосу арқылы тапсырмаларды қызықты етіп орындады.Әр жауаптарын толықтай дәлелмен келтірді. Сабақтың жақсы өтуіне өз үлестерін қосты.





25.02.2022


Қазақ тілі


Қайталау

Ражанова Айнур Конысбаевна

Сабақ басы: Мұғалім оқушыларды түгендеді. –Үй тапсырмасы сұралды. Сабақ ортасы: Мұғалім оқушыларға етістік пен етістің құрамын, олардың мағынасы жағынан қалай бөлінетіні жайлы қайталады. -Қайталау сабағына байланысты мұғалім оқушыларға түрлі сұрақтар қойды. –Етіс жұрнақтарын сұрады. Сабақ соңы: Мұғалім «мен білемін», «Мен білмеймін», «Мен үйренемін» әдісі арқылы, үй тапсырмасы арқылы оқушыларды бағалады. –Үйге тапсырмалар берілді.


Оқушылар үй тапсырмасына дайындалып келген.Қайталау сабағы бойынша мұғалімге өткен тақырыптар бойынша сұрақ қойып отырды.Өздері де мұғалім қойған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.Сынып оқушылары «Мен орындай аламын», «Мен білемін» деген тәсілге толықтай жауап берді.Сабақ оқушылар үшін өте қызықты өтті.










25.02.2022.Қазақ тілі пәнінен қайталау тақырыбы бойынша мұғалімнің оқушылармен өткен тақырыпқа байланысты өзінің методикасымен ойын ретінде сабақты қайталау.




Күні

Пән атауы

Тақырыбы

Мұғалімнің аты-жөні

Сабақ мазмұны

Оқушыларды бақылау

Қолы

28.02.2022

Қазақ тілі

БЖБ: «Спорт. Белгілі спорт жұлдыз-дары. Морфоло-гия»

Ражанова Айнур Конысбаевна

БЖБ орындау,мұғалімге көрсету

БЖБ орындады




1.032022

Қазақ әдебиеті

БЖБ: О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Ражанова Айнур Конысбаевна

БЖБ орындау,мұғалімге көрсету

БЖБ орындады




2.032022

Қазақ тілі

Үстеу. Қазақ халқының әдет ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

Ражанова Айнур Конысбаевна

Сабақ басы:Мұғалім оқушыларды түгендеді.Өткен тақырып пысықталды. Сабақ ортасы:Мұғалім лексикалық тақырып бойынша «тұсаукесу» дәстүрін түсіндірді. –Жаңа тақырыпты тақтаға мысал жазу арқылы түсіндіріп,талқылады. –Үстеу тақырыбы бойынша тапсырмалар орындалды. -3-тапсырма. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығарып,тапсырма- ларды орындатты. - 2 тапсырма.Терме диктант жазғызылды.
Сабақ соңы: Үйге 4-тапсырма берілді.

Оқушылар жаңа тақырыпты лезде түсініп алды.Тақтаға шығып , тапсырмаларды орындады.Олар мұғалім жаңа тақырып бойынша қойған сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды. Олар қазақтың «тұсаукесу» дәстүрімен, жаңа ақпараттармен танысты.




03.03..2022



Қазақ әдебиеті



Қалқаман Әбдіқадыр
«Қар күреген бала» шығармасы



Ражанова Айнур Конысбаевна



Сабақ басы: Мұғалім оқушылармен амандасты.Оқушыларды түгендеді.
Өткен тақырып пысықталды.
Сабақ ортасы: Мұғалім жаңа тақырыпты айтып түсіндірді.
Қажымұқан туралы мәлімет айтты.Жаңа тақырыпты сныпта оқып оқушыларға оқып түсіндірді.
Сабақ соңы: Бүгінгі тақырыпты оқушылардан қысқаша түсінік ретінде сұрады.Сұрақтар қою арқылы оқушыларды өткен тақырып және бүгінгі тақырып бойынша 10дық шкалада бағалады.Үйге тапсырма ретінде шығарманы оқып,түсінгенін айту берілді.



Оқушылар берілген тапсырманы өте жақсы орындаған.Бүгінгі сабаққа жақсы дайындалған.Олар қойылған сұрақтардың бәріне жақсы жауап берді.Жаңа тақырып түсіндірілді.Жаңа тақырып бойынша үйге тапсырмалар берілді.

Қолы




04.03.2022



Тәрбие сағаты

8-наурыз қарсаңына орай «Қыз сыны» шарасы

Ражанова Айнур Конысбаевна

Тақырыпты ашып, түсіндіру.Оқушылар шараның кезеңдері бойынша өнер көрсету.Мұғалім оқушыларды бағалау.

Оқушылар өте жақсы дайындалған.Өз өнерлерін барынша салды.Тақырыпты түсіндіру бір оқушы жүргізуші болып тәрбие сағатын түсіндірді.Көп дайындалғаны көрініп тұрды.
Оқушылар топқа бөліну арқылы қыздар тобын құрды.Соңында достық жеңіп,мұғалім оқушыларды қуантты.Оқушылар шараны жақсы алып шыққандарына қуанышты болды.Әр кезең бойынша өнерлерін көрсетіп,өздері тәрбие сағатын алып шықты.
Өздерінің ұйымдастырушылық қастиеттері бар екенін көрсетті.









04.02.2022. Тәрбие сағатынан үзінді фотолар



04.02.2022. Тәрбие сағатынан кейін сыныппен және сынып жетекшімен фото.



Күні
(1-апта)

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің мазмұны

Орындалу жөніндегі белгі

Мұғалімнің қолы

1

1-ші күн. 1.Мектептің әкімшілігімен кездесу,мектеп ұжымымен танысу. 2.Сыныптарға бөлу. 3.Сынып жетекшісімен және пән мұғалімен,сабақ кестесімен танысу. 4.Сабаққа қатысу.






2


2-ші күн. 1.Сабақтарға қатысу. 2.Сынып журналының құрылымымен танысу. 3.Сынып жетекшісінің тапсырмасын алу.







3


3-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Мектептің жылдық жұмыс жоспарының құрылымы мен мазмұнын зерттеу. 3.Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмасын алу.






4


4-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын зерделеу.







5

5-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспарын зерделеу.








Күні
(2-апта)

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің мазмұны

Орындалу жөніндегі белгі

Мұғалімнің қолы

1


1-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Мұғалімнің күнтізбелік жоспарын зерттеу. 3.Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің тапсырмасын алу.






2


2-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайымен танысу.







3


3-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2. Сынып жетекшісінің тапсырмасын алу.






4


4-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Оқушының жеке басының психлогиялық сипаттамаларын құрастыру. 3.Пән мұғалімінің тапсырмасын алу.






5



5-ші күн. 1.Сабаққа қатысу. 2.Сынып жетекшісінің тапсырмасын орындау. 3.Есеп құжаттарын дайындау.









Бекітетін: ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ Тлепбергенова Г.Е.



ЕСЕП

21.02.2022 – 05.03.2022 жж. уақыт аралығында практикадан өткендігі туралы офлайн оқыту формасы, 1-курс студенті.


Мамандығы: 6В011701 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау».
Тобы: ҚТӘ-11.
Студенттің ТАӘ : Мендигулова Айкөркем Гасырқызы.
Мектеп директоры: Мусагалиев А.В.
Қолы: ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏ ⸏

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет