1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



бет4/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1 Дәрістер

9.1.1.Тақырыбы: Кіріспе.Сабақтан тыс жұмыстың мақсат міндеттері, мазмұны.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Оқуды ізгілендіру және қоғамдандыру

  2. Сабақтан тыс жұмыс – мақсаты,міндеттері

  3. Сабақтан тыс жұмыстың функциялары

Дәріс тезисі:

Позитивті өзгерістер еліміздегі білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеу қызметтер жүйесіндегі өз маңызын тапты. Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, адамгершілікті, гуманистік бағыттың, жеке тұлғаның әлеуметтік белсенді дамуындағы саяси және рухани маңыздылығын ұғымы үрдісі жүріп жатыр. Жалпы қазақ менталитетінің, мәдениетінің, ұлттық-тарихи дәстүрлерін ескере отырып, интеллектуалды, рухани және шығармашылық әлеуетін қайта түзету мақсатында шарттар құрылуда.Мектеп әмбебап білімнің толық жүйесін, білік, дағды сонымен қатар оқушының жеке жауапкершілігі мен дербес қызмет тәжірибесін,мазмұнын қазіргі сапасын анықтайтын негізгі құзыреттілігінқалыптастыруы керек.Білім беру мақсаттарының бірі оқу үрдісіндегі ұйымдардыңжоғары деңгейін мойындайды. Осы тұрғыда қазіргі әлеуметтікмәдениетті жағдайға барабар болатын, оқу қызметіндегі жаңа ұйымның нысандарды іздеумен байланысты педагогикалық мәселе өзекті болыпотыр, аталған мәселені шешу оқушылардың сабақтан тыс қызметтер жүйесінде мүмкін болады, ол ұйымдардың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін біріктіреді және білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сыныптық сабақтық құрылымы мен әдістері, неғұрлым перспективалы нысандарын дамытуда жаңа серпін береді. Сабақтан тыс қызметтің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі еркін тұлғаның тәрбиесін қамтамасыз ететін, әр оқушының танымдық қажеттіліктері мен қабілеттерін қалыптастыратын немесе мүмкіндігінше дамыту жағдайындағы ортаны ұсынады. Сабақтан тыс іс шаралардың көп түрлі оқыту нысандары қызметтің алуан түрлі түрлеріне өте үлкен жағдай жасайды, ол оқушының, тек негізгі білім беру ауқымын кеңейту емес, сонымен қатар арнайы ғылыми және кәсіби білімдері, дағдылары мен ептіліктері үшін тарлық психикалық үрдісін қамтиды. Сабақтан тыс іс- шаралар маңызды мақсаттарды шеше алады:



  • баланың мектептегі қолайлы бейімделуін қамтамасыз етеді;

  • оқушының оқу жүктемесін оңтайландыруға;

  • баланың дамуы үшін жағдайды жақсарту;

  • оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет