1. курс туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы


Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары



бет17/81
Дата03.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#130563
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
силабус сабактан тыс

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

  1. Оқушылардың құзіреттілігін арттыру.

  2. Коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

  3. Педагогтердің ІТ-құзіреттілігін дамыту және жетілдіру

  4. Пәнаралық байланыс негізінде құзіреттілікті қалыптастыру

Дәріс тезисі:

Дүниеге көзқарас дегеніміз – адамдардың, жеке адамдардың іс-әрекеттеріне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен барыстары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.

Дүниенің өзі микро, макро, мега жүйелерді құрайтын бір-бірімен көп салалы байланыста болатын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болса, дүниетанымның негізіне дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы кіреді. Дүниетаным әртүрлі білімдерді игеру барысында, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды санада түю нәтижесінде қалыптасады.Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді.Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел қамтиды.Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатысы бар.Олай болса мұғалім мынадай шарттарды жүзеге асыруы тиіс.

1.Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету.

2.Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру.

3.Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігін қадағалау.

4.Оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, тереңдету және бекіту.

5.Мұғалімнің өзі дүниетанымы мол, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі кең болуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет