1. КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Пән оқытушысы: Кубиева С.С.
Кабинет № 209, «Дене шынықтыру және спорт»
2.ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Аймақтағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесі оқу пәні жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дене шынықтыру теориясының қазіргі тұжырымдамалары негізіндегі білімнің, біліктілік пен дағдының көлемін ұсынады. Дене шынықтыру және спорт жүйесінің бағдарламалық, нормалық, ғылыми-әдістемелік негіздері. Бұл жерде оқу пәнінің элементтері қарастырылады, яғни: пән, негізгі ұғымдары, дене шынықтыру білімі мен тәрбиесінің әдістері мен құралдары. Спорт пен дене шынықтырудың қоғамдағы негізгі түрлері мен қызметтері қарастырылады. Мектеп оқушыларының дене дайындылығының, дене дамуының, денсаулығының аймақтық ерекшеліктері, дене тәрбиесінің жас ерекшеліктер негіздері. Мұнда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің негіздері, студент жастар мен ересек тұрғындардың дене тәрбиесінің негіздері жан - жақты талқыланады. Аймақтың мектептерінде дене тәрбиесі процесін жоспарлау ерекшеліктері.
3. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ
Курс
|
Семестр
|
Дәріс
|
Семинар
|
Зертханалық
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
Бақылау формасы
|
3
|
6
|
45
|
15
|
-
|
30
|
60
|
жазбаша
|
4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
«Аймақтағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесі» пәнінің негізгі мақсаты – студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы болашақ мамандарға қажетті теориялық және тәжірибелік білімдерді қалыптастыру.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
- құзыреттілік тәсілдің ерекшеліктерін білу және қолдану;
- алдына мақсат қоя білу мен оған жетудің жолдарын таңдау;
- таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау;
- тиісті құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытында студенттер арасында жеке тұлғалық,
ұжымдық қатынастың маңыздылығын сезіну;.
- кәсіби және әлеуметтік мәні бар мәтіндерді дайындау және редакциялау;
- тәжірибені зерттеу контексінде біріге рефлексия әдістерін қолдану;
- өзін-өзі дамытуды жетілдіру, өзінің біліктілігі мен кәсіби – педагогикалық шеберлігін
арттыру.
6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
Блум таксоно-миясы деңгей-
лері
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Синтез
|
Бағалау
|
Оқыту нәтижелері (ОН)
Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберін-де қолданылатын инновациялық техно-логиялар-ды тиімді жүзеге асырады
|
Критериал-
ды бағалау, ұзақ,орта, қысқы мерзімді жоспарлауды білу және түсіну
|
Бағдарлама-
лық материал
ды сабақтың барысында студенттер-ден білім беру мазмұ-
нын жаңартылу технологиялары жөнінде жазу, баян-дау, көрсету,
дағдыларын
қолдана білуін
талап ету
|
Сабақтың барысында жаттығудың техникасы-ның, тактикасы-ның, дене дайындығы
бөлімдерін жіктеп жинақтау
|
Үйреніп жатырған материалда білім беру жүйесінің жаңартылған мазмұны бойынша дене жаттығулары элементтерін жаңаша құрастыру жөнінде жоспар құрастырып дайындау
|
Іске асырыл-
ған модульді оқытушы студенттер-
ден қалыптасқан құзыретті-
ліктердің тиімділігін
салыстыру
|
7. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:
Аймақтағы мектеп оқушыларының дене тәрбиесі пәнін оқытар алдында «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі», «Балалармен-жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі», «Мектептегі жеңіл атлетиканың теориялық және әдістемелік негіздері» сияқты пәндерді оқып білген тиімді.
8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:
Пәнді оқып үйрену «Шағын орталау мектептерде және толық күнді мектеп-интернаттарында дене тәрбиесін оқытудың әдістемесі», «Спорттағы кешендік бақылау», «Гандбол оқыту әдістемесімен» пәндердің біліміне негізделетіні көрсетіледі.
9.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ:
Дәріс, семинар, интерактивті дискуссия, рефлексия.
10. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:
№
|
ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)
|
Тапсырма түрі
|
Сағат саны
|
Орындалу мерзімі
|
|
ОСӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Дене шынықтыру
жүйесінің бағдарламалық,
ғылыми-әдістемелік негіздері
|
реферат
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
2
|
Мектеп оқушыларының дене дайындылығының, дене дамуының, денсаулығының аймақтық ерекшеліктері
|
презентация
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
3
|
Аймақтың мектептерінде жылдық жоспар-графикті жоспарлау
|
Тестілеу
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
4
|
Кәсіптік-педагоги-
калық және кәсіптік- қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістеме-
лік негіздерінің мәселелері
|
баяндама
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
5
|
Қазіргі кезеңде кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары, амал-
дары және әдістерінің шешу жолдары
|
реферат
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
6
|
Қазіргі кезеңде маман моделі және кәсіптік-қолданбалы дене дайындығының бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері
|
реферат
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
7
|
«Айналма жаттығу әдісінің» ерекшеліктері және оны студенттердің кәсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдану
|
презентация
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
8
|
Аймақтың мектептерінде тоқсандық жоспарды және жоспар-конспекті жоспарлау
|
реферат
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
9
|
Аймақтың экономикалық жағдайлары
|
презентация
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
10
|
Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындағы спорттың ғылыми-әдістемелік мәселелері
|
реферат
|
3
|
Сейсенбі 15.40-16.30
|
СӨЖ тапсырмалары
|
1
|
Аймақтың экономикалық жағдайлары арасындағы байланысы.
|
баяндама
|
6
|
3
|
2
|
Қазіргі таңда ғалымдардың спорт теориясындағы ұғымдарына көзқарастары.
|
реферат
|
6
|
4
|
3
|
Аймақтың мектептерінде жылдық жоспар-графикті жоспарлау
|
презентация
|
6
|
5
|
4
|
Шұғылданатын спорты түрінен спорттық жаттықтыру, техникалық дайындықтың ерекшеліктері.
|
реферат
|
6
|
6
|
5
|
Өзінің шұғылданатын спортының түрінен спорттық жаттықтыру,тактикалық дайындықтың ерекшеліктері.
|
реферат
|
6
|
9
|
6
|
Спорт түрінен спорттық жаттықтыру дене дайындықтың ерекшеліктері.
|
баяндама
|
6
|
10
|
7
|
Спорт қызметтерінің ерекшеліктері мәселелері
|
реферат
|
6
|
11
|
8
|
Аймақтың мектептерінде жылдық жоспар-графикті жоспарлау
|
реферат
|
6
|
11
|
9
|
Мектеп оқушыларының дене дамуының, денсаулығының аймақтық ерекшеліктері
|
презентация
|
6
|
12
|
10
|
Спорттық жарыс ұғым-
дарының өзара қатына-
сының сипаттамасы.
|
презентация
|
6
|
13-14
|
11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
11.1 Дәрістер
Дәріс № 1
Тақырыбы Пәннің оқыту тақырыбы, міндеттері, мазмұны және құрылымы.Дене шынықтыру теориясының негізгі ұғымы, белгілері.
Сағат саны 5
Тақырыптың жоспары
1. Дене шынықтыру теориясының түсінік аппараты күйінің сипаттамасы.
2. Спорттың қазіргі түрлерінің типологиясы.
3. Спорттағы бағдарлау мен іріктеу, жаттықтырудың негізгі әдістері мен амалдары.
Дәріс тезисі*
Спорт теориясында ұғымдар үш топқа бөлінеді: бастапқы, функционалды және қорытынды. Бастапқы ұғымдарға – спорт және спорттық жарыстар енеді.Спорт- шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, әлеуметтік мәні бар тәрбиелік, ойындық, жарыстық әрекет. Басқаша сөзбен айтқанда, спорт дегеніміз өзіндік-жарыстық әрекет, оған арнайы дайындық, сонымен бірге осы әрекеттер негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы ерекше қатынастар, мінез-құлық нормалары қажет.Спорттық жарыс – спорттық жетістіктерді көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спортты анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау.
Спорттық әрекет – адам әрекетінің көп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл-қозғалыс дамуының ең жоғарғы түрі. Функционалды ұғымдарға спорттық дайындық, спорттық машықтану жүйесі жатады.Спорттық дайындық – спортшының машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану және жарыс жүйесін ғылыми-әдістемелік және материалдық тәсілдік жағынан қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көпжақты жүйе. Қорытынды ұғымдарға спорттық жетістіктер, спорттық нәтиже және спорттық мамандану жатады.Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижедегі спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.Спорттық нәтиже - спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ол жалпыға белгілі өлшемдермен (кг, м, немесе балл, ұпай және т.б.) немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді.
Әдебиет
Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010. – 190 б.
Кубиева С.С. Спорт негіздері мен кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы // Оқу құралы. –
Алматы: ССК, 2017. – 208 б.
3. Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері /Оқу құралы. –
Алматы, 2011. – 107 б.
Өткізу форматы: тақырыпқа дискуссия жүргізу; алға қойылған мәселе бойынша топпен жұмыс жасау; тест тапсырмалар әдісі; рефлексия.
Дәріс № 2
Тақырыбы Спорттың негізгі жақтары, оларды жоспарлау және қазіргі таңда жүзеге асыру ерекшеліктері.
Сағат саны 5
Тақырыптың жоспары
1. Спорт жаттықтыруының негізгі жақтары.
2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау.
3. Балалар спорт дайындығының ерекшеліктері, жарыс және жарысты өткізу әдістемесі.
Дәріс тезисі*
Спорт жаттықтырулары дене қуаты дайындығы, техникалық, тактикалық, психологиялық және теориялық дайындықтар деген спортшы дайындығының жақтарынан кұралады.
Дене қуаты дайындығы. Спорттық жаттықтырудағы дене қуаты дайындығы спортшы ағзасының мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, олардың қызметтік мүмкіншіліктерін жоғарлатуға, дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Дене қуаты дайындығы жалпы және арнайы деп бөлінеді. Арнайы дене қуаты дайындыгы алдыңғы және негізгі арнайы дайындық деген екі бөлімге бөлінеді. Алдыңғы арнайы дайындық бөлімі негізгі бөлімге фундамент ретінде қаланса, негізгі бөлімі спорт түріне бағытталған қимыл дайындығын кең мөлшерде қамтамасыз етуге қолданылады.
Техникалық дайындық деп жарыс жат-тығуларын орындауды жоғары деңгейде меңгеру үрдісін айтамыз. Оның негізгі міндеті - спорттүріндегі негізгі қозғалысты шеберлікпен меңгеру, дағдылану. Тактикалық дайындық дегеніміз, жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс-амалдарды,айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады. Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене мәдениетінің ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері бірге жұмыла орындаулары керек.
Әдебиет
1.Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010. – 190 б.
2.Кубиева С.С. Спорт негіздері мен кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы // Оқу құралы. –
Алматы: ССК, 2017. – 208 б.
3.Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері /Оқу құралы. –
Алматы, 2011. – 107 б.
Өткізу форматы: тақырыпқа дискуссия жүргізу; алға қойылған мәселе бойынша топпен жұмыс жасау; тест тапсырмалар әдісі; рефлексия.
Дәріс № 3
Тақырыбы Спорт түрлерінің, қызметтерінің, спорттық жарыстар теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен тактикасының даму перспективалары.
Сағат саны 5
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Спорттың қызметтері мен қасиеттері арасындағы өзара қатынасы туралы.
2. Спорттағы басымды бағыттар: олардың ерекшеліктері мен байланыстары.
3. Спорттық жарыстың техникасы мен тактикасы.
Дәріс тезисі*
Спорт «полифункционалдық» оқиға ретінде сипатталады. Арнайы әдебиетте спорттың біршама функциялары ұсынылады. Оларды дұрыс түсіну үшін, олардың ішінде тек қана спортқа тиісті арнайы функцияларды, сонымен қатар, қоғамдық оқиғалармен процесстердің шекарасында спорттың функционалдық байланыстарын айыру қажет.
Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорт – күрделі көп қызметті құбылыс. Оларды төмендегідей жүйемен бөлуге болады: 1) жарыстық; 2) сауықтыру-реактивті; ақпаратты-болжамды 3) адамгершілік; 4) адамгершілік;5) бағдарламалы-мөлшері және ұйымдастырушы. Спорттың жарыстық қызметі. Бұл спорттың негізгі белгісі мен ерекшеліктерін көрсетеді және спорттық жарыс категорияларымен, спорттық дайындықпен және спорттық машықтанумен тығыз байланысты. Бұдан келіп спорттық мөлшері, диагностикалық және тартымдылық қызметтері туындайды. Спорттың даму процесінде міндетті түрде оның дифференциациясы пайда болады. Қазіргі танда спорттың екі ірі бағыттары жүзеге асырылады. Олар «көпшілік спорт» және «жоғары жетістіктер спорты». Материалдық факторлар /спорттық құрылыстар, құралдар, киім және көп жағдайларда спорттық міндеттерді /шапшандықпен жүгіріп өту, биікке секіру, шешуге және кейде жалпы білімділік, сауықтыру міндеттерін артыруға әсер етеді.
Әдебиет
1.Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010. – 190 б.
2.Кубиева С.С. Спорт негіздері мен кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы // Оқу құралы. –
Алматы: ССК, 2017. – 208 б.
3.Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері /Оқу құралы. –
Алматы, 2011. – 107 б.
Өткізу форматы: мәселелік әдіс; берілген тақырыпқа дискуссия жүргізу; алға қойылған мәселе бойынша топпен жұмыс жасау; тест тапсырмалар әдісі; рефлексия).
Дәріс № 4
Тақырыбы Кәсіптік-педагогикалық және кәсіптік- қолданбалы дене дайындығының теориялық-әдістемелік негіздері. Сағат саны 5
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1 «Кәсіптік-педагогикалық дене дайындығы», «кәсіби-қолданбалы дене дайындығы» және «кәсіби-қолданбалы дене шынықтыру»деген ұғымдар.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындықты анықтайтын факторлар.
3. Кәсіби-қолданбалы дене шынықтырудың қызметтері.
Дәріс тезисі*
Арнайы оқу орындарындағы дене тәрбиесінің кәсіптік бағыты олардың болашақтағы мамандығына қойылатын нақты талаптар бойынша анықталуы тиіс. Студенттерді кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына үйрету өздерінің кәсіптік сапаларын өзіндік бағалау барысында көмегін тигізеді. Өзіндік тұрғыдан берілген бағаның дәлдігі мен лайықтылығы болашақ мамандықтың сипаты туралы өзінің анағұрлым маңызды деген көзқарасы арқылы анықталады. Жоғары оқу орнында оқу барысында кәсіптік бағыттылық қызметі өзінің мазмұны мен шарттарын іске асыру жағынан болашақ маманның атқаратын қызметіне жақын түрде тәрбиеленеді. Кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы теориясының негізін қалаушылардың бірі Б.И. Загорский. Ол «кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына арнайы дене тәрбиесінің бір түрі ретінде жеке тұлғаның дене қабілеттерімен байланысты психикалық қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар, нақты еңбек және әскери қызмет ерекшеліктеріне қатысты қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруда қолданылады» деп баяндаған. «Кәсіптік-қолданбалы дене шынықтыру» ұғымы қолданбалылық көзқарас тұрғысынан өзінің тар және кең мағыналы ұғымы арқылы түсіндіріледі. «Студенттердің кәсіби-педагогикалық дене дайындығы» ұғым қолданылады. Оны қолдану барысында мұндай міндеттер шешіледі: а) Өсіп келе жатырған ұрпақтың білімі және тәрбиенің жалпы жүйесінде дене тәрбиесі маңызын анықтау. б) Оқушылардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, дұрыс келбетін қалыптастыру, дене қасиеттерін дамыту, дене жаттығуларымен айналасуға бейімдету үшін болашақтағы мұғалімдерді дене тәрбиесі құралдарын, әдістерін және әртүрлі ұйымдастыру түрлерін жөнімен іске асыруға үйретіп шығу.
Әдебиет
1.Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері // Оқу құралы. – Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2010. – 190 б.
2.Кубиева С.С. Спорт негіздері мен кәсіптік-қолданбалы дене дайындығы // Оқу құралы. –
Алматы: ССК, 2017. – 208 б.
3.Аманбаев Р.Р. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері /Оқу құралы. –
Алматы, 2011. – 107 б.
Дәріс № 5
Тақырыбы Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары, амалдары және әдістері.
Сағат саны 5
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1 Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру формалары.
2.Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру амалдары.
3.Кәсіптік бағыттағы оқу сабақтарды ұйымдастыру әдістері.
Дәріс тезисі*
Студенттердің дене тәрбиесі жүйесінде кәсіби-қолданбалы дене шынықтыруды іске асырудың бірнеше формалары анықталды, оларды келесі тұжырымдамалар бойынша топтастыруға болады.
арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары (міндетті және қосымша);
дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша өзіндік және өзіндік әрекет сабақтары;
оқу күні сабақтарындағы дене жаттығулары, көпшілік сауықтыру және дене шынықтыру мен спорттық іс-шаралар.
Арнайы ұйымдастырылған оқу сабақтары. Олар жоғары оқу орындарына арналған дене тәрбиесінің типтік бағдарламасы бойынша іске асырылады. Мұнда «дене мәдениеті» пәнінің мақсаты білім жүйесін меңгеру, практикалық іскерлік пен дағды, дене қуатын толық жетілдіруді қамтамасыз ету, денсаулықты күшейту, жоғары шығармашылық кәсіби белсенділігіне дайындық болып табылатындығы атап көрсетілген. Жоғары оқу орнында дене тәрбиесі процесін жүзеге асыруда келесі өзекті мәселелерді есепке алу қажет. Осы тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік білім беру стандарты дене тәрбиесі алдына студенттердің өмір стилін қалыптастыру міндетін қойып отыр. Әрбір студент дене мәдениеті өрісіндегі бар рухани құндылықтарды игеріп, өзінің жеке өмірінде қолдану қажет. Кредиттік технология бойынша студент көбіне өз бетімен жұмыс жасайды.
Әдебиет
Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру» пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.- Астана. – 2016.
Достарыңызбен бөлісу: |