1 латын тілініњ шыѓу тегі


Рим мемлекетінің қызмет жүйесі



бет15/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#37448
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
14 Рим мемлекетінің қызмет жүйесі

Римде қызмет жүйесі патша өкіметінің дәуірінде дами бастады. Барлық қызметтер сайлау жолымен тағайындалды; осы қызметтегі адамдарды магистрат деп атады. Көптеген рим қызметтерінің атаулары (диктатор, консул, цензор, трибун және басқалар) бүгінгі күнге дейін қолданылады (басқа мағынада).


Ежелгі Римнің жоғарғы мемлекеттік мүшелері, комиций болды. Сенат бұрынғы магистраттардан тұрды, саяси сұрақтарды шешті, халық жиналысының жұмыстарын бақылады.
Магистрат болып тек бай адамдар сайланды, себебі мемлекеттік қызметтегі азаматтарға төлем ақы төленбеген. Б.з.б. IV ғасырда кейбір орындарға плебейлерден де сайлана бастады. Жоғары рим магистраттары консулдар, преторлар және цензорлар болды. Консулдар (consules), халық жиналысында 1 жылға тағайындалды. Б.з.б. 367 жылдан бастап бір консул патрициядан, ал екіншісі плебейлерден болды. Б.з.б II ғасырдың басында консулдыққа 43 жастан кейін ғана тағайындалды. Консулдардың негізгі жұмысы: соғыс кезінде әскер басқару, сенатты шақыру және халық жиналысының шешімдерінің орындалуын бақылау. Магистратураны бітіргеннен кейін консул «проконсул» деген атау алып, провинциялардың бірінде қызмет атқарған. «Провинция» деп Италиядан тысқары басып алынған жерлерді атаған.
Преторлар (praetor) 1 жылға төрт кісіден сайланды (екеуі рим азаматтарының, ал екінш топ– шетел азаматтарының істерн қарастырған). Олар сот жұмысын басқарды. Рим мемлекетінің өсіумен бірге преторлардың саны 16 – ға жетті. Қызметін аяқтағаннан кейін претор «пропретор» атауын алады. Преторлыққа 40 жастан бастап қана тағайындалған.
Квесторлар (guastories) ең бірінші олар консулдардың көмекшілері болған, содан кейін преторлардың орынбасарлары болды. Біздің заманымызға дейін V ғасырдың соңында квесторларды плебейден тағайындайды. Олар мұраға жауапты болған, рим әскерінің жорықтарынан кейін түскен мүлікті бөлумен және тағы басқаларымен айналысты (оларды 30 жастан бастап алды).
Цензорлар (censores) 1,5 жылға консул қызметінде болғандардан тағайындалды. Олар кеме өндірісін, қаржыны бақылады. Бұл қызмет ең жоғары дәрежеде болды.
Республикалық Римде ерекше орын алатын қызмет халықтық трибундар (tribunus plebis). Олар сенаттың және басқа магистраттардың қызметін бақылап, плебейлерге пайдалы жақтарын қарастырды. Олардың саны 10 болды. Оларға тіл тигізген адам өлім жазасына кесіліп жазаланды.
Қызмет ординарлы және экстраординарлы магистраттар болып екіге бөлінді. Экстраординарлы магистратқа диктатор, оның көмекшісі, атты әскедің қолбасшысы жатты. Олар алты айға ғана, соғыс кезінде немесе құлдардың көтерлісі болғанда тағайындалып отырған. Барлық магистраттар диктаторға бағынған.
Римде қызмет иерархиясы болды. Қызмет иерархиясының соңғы баспалдағында квестор қызметі тұрды, олардың көмекшілері эдилдер болды, халық трибундары, преторлар және консулдар болды.
Октавиан қосымша қызметтер кіргізді, Римнің префектері қаланы сумен жабыдықтауын және канализацияны бақылаумен айналысты.
Бірте – бірте аппарат басқармасы үлкейе бастады. Әлеуметтік саяси бағытта консолидация болды, біздің дәуірімізге дейін I ғасырдың соңында 4 әлеуметтік топтарға бөлінген: сенаторлар, салт аттылар, муниципалдық, провинциалдық ақсүйектер, тағы да құқықтары жоқ рим азаматтары. Октавиан Рим ақсүйектерінің отбасыларынан ғана сенатқа адам алды. Ол білімсіз, байлықсыз адамға үлкен мемлекетті басқару қиын болады деп есептеді.
Республикалық салт аттылар мүшелері сенатор ақсүйектерімен дауласты. Августың кезінде бұл даулар тоқтатылды. Август оларды қаржы басқармасының жұмыстарына салды.
Әр муниципалда халық жиналысы өткізілді, онда қалалық кеңес және қалалық магистраттар болды. Муниципалдық кеңеске ақсүйектер және бай азаматтарды таңдады.
Түйіндей келе, империяның әлеуметтік саясаты өте жоғары болды.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет