19 Латын тілі – ғылым тілі
Ғылым саласында, римдіктер гректердің оқушылары болды. Басында Рим ғылымы ұлттық құқықпен және риторикамен шектелді. Рим ғылымының басты мақсаты өмірде күнделікті қажет салаларды –емдеуді, ауылшаруашылығын, саясатты, соғыс өнерін және т.б. – жүиелеу болды.Ежелгі рим ғылымы энциклопедия түрінде жазылып дамыды. Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырдың соңында ғана рим ғылымы тереңдетіліп зерттеле бастады. Әрине бұған басты себепкер болған грек мәдениеті.
Рим жаратылыстану патриархы Марк Порций Катон (б.з.б. 234-149 жылдары өмір сүрген) болды. Оның басты еңбектері ауыл шаруашылық, медицина, риторика, әскери іс туралы. Барлық еңбктерін өзінің ұлына арнау оқулық түрінде жазған. Осыдан тек «Ауыл шаруашылығы туралы» трактаты сақталған.
Грек ғылымы қатты әсер еткен ғалым Марк Теренций Варрон (б.з.б.116-27жылдары өмір сүрген) атақты рим энциклопедисы. Ең белгілі Варронның трактатында рим тарихы, мәдениеті және діні туралы жазылған. Атақты еңбектерінің бірі – «Божественные и человеческие древности» деп аталатын трактат, бірақ толық сақталмаған тек қана кейбір үзінділері біздің заманымызға жеткен. Варонның «Ауылшаруашылығы жөнінде» деген трактаты және мағанасы зор «Латын тілі жөнінде» атты филологиялық шығармасы сақталған.
Империя дәуіріндегі жаратылыстану б.з. I ғасырында Цельс, Сенека, Плиний еңбектерінде дамыды. Авл Корнелий Цельс «Өнер» деген энциклопедияны жазды, негізінен бұл энциклопедияның медицина тарауы сақталып біздің заманымызға жеткен.
Луций Анней Сенека (б.з.б 4 – б.з.65 өмір сүрген) - атақты философ, жазушы және драматург, жаратылыстануға қызығушылықты білдірді. Сенеканың шығармасы «Жаратылыс ғылымы сұрақтары», ауа-райының және табиғаттың құбылыстарына ғылыми сараптамалар беріп, сипаттаған жұмысы бізге жеткен.
Ең белгілі шығармалардың бірі - «Жаратылыс тарихы» Плиний Үлкенмен (23-79 жылдары өмір сүрген) жазылған. Онда рим жаратылыстанудың салт дәстүрлері жайында бірнеше жылғы жинақтаған еңбектері кіреді. Бұл энциклопедияға 400 аса әдеби шығармалар мен қатар ғалымның өз зертеу-бақылаулары кірген. Мазмұн тақырыбы да жан-жақты, мұнда геология, география, зоология, ботаника, медицина, өнер және т.т. қамтылған.
Латын авторлары ғылымда екінші боп қала берді, ал тарих саласында оларды гректермен салыстыруға болады. Ең атақты латын тарихшылары - Тит Ливий, Тацит және Светоний.
Тит Ливийдің (б.з.б.59 - б.з.17 өмір сүрген) ең белгілі еңбегі «Рим тарихы».
Корнелий Тацитта (б.з.55 - б.з.120 өмір сүрген) «Анналы» және «Тарих» (Рим императорлары туралы жазылған) еңбектері сақталған. Тациттың әдебиеті үлгі ретінде болды.
Гай Светоний (б.з.70-б.з.140 өмір сүрген) «12 цезардың өмірі» деген өмірбаяндық шығарма қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |