7. Берцовая кость человека в поперечном разрезе.
1)Қабыршақты сүйек тіні. Остеон.
2)Бояуы:Шморль бойынша
3)Сүйек диафизінің үш қабатын, сыртқы жалпы пластинкаларын, ортаңғы- остеондар жүйесі, ішкі жалпы пластинкаларын ажыратады. Ішкі табақшалар сүйектің тығыз заты тікелей жілік майы қуысымен байланысатын жерлерде жақсы дамыған. Ортаңғы қабат- остеондар жүйесінен тұрады.
4) 1-остеон өзегі
2-сүйек пластинкалары
3-сүйек лакуналары
4-дәнекерлеуші сызық
5-аралық пластинка
*Остеондар түтікшелі сүйектің тығыз затының құрылымдық бірлігі болып табылады. Олар бірінің ішіне бірі салынған, шеңберленген сүйек табақшаларынан тұрады.
*Остеонның орталық каналында қан тамырлары және олармен ілескен дәнекер тін және остеогенді жасушалар өтеді. Остеондардың арасында аралық пластинкалар орналасады.
* Әрбір остеондардың сыртын көрші остеондардан шектеп тұратын дәнекерлеуші (шеңберлі) сызықтары болады. Сүйек лакуналарында сүйек жасушалары(остеоциттер) орналасады. Мұндай қуыстардың ұзындығы 22-25 мкм, ені 6-14 мкм іші сұйықтыққа толы.
5)Қызметі: Қорғаныштық
6)Орналасуы:Сүйек диафиздерінде
8. Берцовая кость человека в продольном разрезе.
1)Қабыршақты сүйек тіні. Сыртқы жалпы пластинкалар. Периост.
2)Бояуы: Шморльбойынша
4)*Сүйек тіні қабығы немесе периост екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты талшықты дәнекер тінінен құралған. Ішкі қабатта камбиалдық жасушалар, преостеобласттар және әр деңгейде орналасқан остеобласттар құрайды.
* Периост сүйекті қоршап жатқан тіндермен байланыстырады және оның қоректенуіне, дамуына , өсуіне және қалпына келуіне қатысады. Сүйектің диафизін құрайтын тығыз зат қалыңдығы 4мкм-ден 12-15 мкм-ге дейін жететін сүйек табақшаларынан тұрады.
*Сүйек диафизінің үш қабатын, сыртқы жалпы пластинкаларын, ортаңғы- остеондар жүйесі, ішкі жалпы пластинкаларын ажыратады.Сыртқы пластинкаларында Фолькманов каналдары болады, бұлардан қан тамырлары келіп остеондарға енеді.
5)Қызметі: Қорғаныштық
6)Орналасуы:Сүйек диафиздерінде
Достарыңызбен бөлісу: |