1. Лейкоцит. Эритроцит. Тромбацит



бет25/36
Дата08.11.2022
өлшемі31 Mb.
#157020
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
Гистология 96b preparat

8. Қаңқа тіні.
П репарат-1.Сухожилие теленка в продольном разрезе.
Бұзау сіңірінің бойлық кесіндісі. Бояуы: гематоксилин-эозин.
1-коллаген талшықтары; 2-фиброцит; 3-борпылдақ дәнекер тінінің қабаты (эндотенония).

Анықтама:


1 .Тінді: қаңқа
2.Бояудың әдісі:гематоксилин-эозин.
3.Бояу негізгі гематоксилиннің бояуын, көк-қызыл түске боялған базофильді жасуша құрылымын және қызыл-қызғылт түсті эозинофильді жасуша құрылымын боялған эозинді спирт қышқылы бояумен қамтиды. Эозинмен ашық-қызғылт түс боялған, гематоксилинмен көкшіл түске боялған.
4.Құрылысының ерекшеліктері: Бір-біріне параллель орналасқан коллаген талшықтары болады. Олар эозинмен ашық-қызғылт түске боялған. Талшықтардан тұратын фибриллалары болады. Сіңірдің құрамында біріншілік, екіншілік, үшіншілік кейде төртіншілік коллаген талшықтарының будаларын ажыратады. Біріншілік талшықтар будаларының араларында фиброциттер қатарлары және аморфты зат орналасады. Талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасымен (эндотеноний) қапталған бірнеше біріншілік талшықтар будалары екіншілік будаларды түзеді. Бірнеше екіншілік талшықтар будалары жалпақ келген талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы қабатымен (перитеноний) қапталып, үшіншілік талшықтар будаларын құрайды. Көптеген сіңірлер үшіншілік талшқктар будаларынан тұрады. Ірі сіңірлерді түзуге төртіншілік талшықтар будалары қатысады. Перитеноний мен эндотонийдің құрамында сіңірді қоректендіретін қан тамырлары және жүйкелер болады.
5.Функциялары: Сіңір тіректік қызмет атқарады. Бұлшық еттер сүйек, буындармен осы сіңірлер арқылы байланысады. Өте қалың сіңірлер аяқта орналасқан, себебі денеге түскен барлық салмақты солар көтереді. Созылудан және үзілуден қорғайды.
6.Организмде орналасуы:аяқта.

Препарат-2. Эластическая связка быка в продольном разрезе.


С урет-1.
1-эластикалық талшық; 2-борпылдақ дәнекер тін; 3-фибробласттың ядросы.


Сурет-2.
Эластинді тін. Бояуы: гематоксилин-пикрофуксин. х400.


1-жуан эластин талшықтары, 2-нәзік коллаген талшықтары, 3-дәнекер тін жасушаларының ядролары.

Анықтама:


1.Тінді: эластинді
2.Бояудың әдісі: гематоксилин-пикрофуксин.
3.Боялуының түсінігі: Пикрин қышқылымен эластикалық талшықтары сары түсек боялған.Коллаген талшықтары қызыл түске боялған. Жасуша ядролары - қара-күлгін түсте гематоксилинмен боялған.
4.Құрылысының ерекшелігі: эластикалық сіңірдің өз алдына эластикалық талшықтардың тәжілерінен тұрады. Эластикалық талшықтардың тәжі тығыз фиброзды ұлпамен- перитенониймен қапталған. Эластикалық ұлпаның клеткааралық затында қалың, гомогенді, пикрин қышқылымен сары түске боялған эластикалық талшықтардың көп мөлшері болады. Олар параллель жүреді, бір-бірімен жанасады, эластикалық ұлпаның негізгі функциональдық элементі болып табылады. Клеткааралық пішіндерден фиброциттер басым болады. Талшықтардың арасындағы саңылауларда осы талшықтарды біртұтас байланыстыратын дәнекер ұлпасы орналасады. Коллаген талшықтары қызыл түске боялған. Осы талшықтар арқасында желке байламы иілгіштікпен қатар үлкен беріктікке ие болады. Борпылдақ дәнекер ұлпасында камбиальді элементтер, қан тамырлары, нерв өзектері болады.
5.Функциялары: Коллаген талшықтары арқылы беріктік қызметін атқарады. Серпімділік қызметі бар.
6.Организмде орналасуы: құлақ қалқанында, көмейдің мүйізше тәрізді түтіктерінде кезде.

3. Эластический хрящ ушной раковины свиньи.


С урет-1
Шошқаның құлағындағы эластинді шеміршегі.Бояуы:орсеин
1-шеміршек,2-хондроциттер,3-эластинді талшық.

Анықтама:


1.Тінді: эластинді
2.Бояудың әдісі: орсеин
3.Боялуының түсінігі: Эластинді шеміршектің ерекшелігі орсеинмен қоңырқай түске боялған талшықтарының болуы.
4.Құрылысының ерекшелігі: Эластинді шеміршек — гиалинді шеміршектен құралады, құрамында созылмалы талшықтар болады.Шеміршектің сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Шеміршекқап сыртқы талшықты және ішкі хондрогенді (камбиалды клеткалы) қабаттардан тұрады. Оның құрамында жас шеміршек клеткалары — хондробластар бөлініп, көбею арқылы клеткааралық заттар түзіп, шеміршектің қалыңдап өсуін қамтамасыз етеді. Шеміршек зақымданған жағдайда шеміршек сырты тінінің өсуі арқылы бұрынғы қалпына келеді.
5.Функциялары: тіректік.
6.Организмде орналасуы: құлақ жарғағы, көмекейдің, мүйіз және сына шеміршегі
4. Гиалиновый хрящ ребра кролика.
С урет-1.
Қоян қабырғасындағы гиалинді шеміршек тіні. Бояуы гематоксилин-эозин.
1 –шеміршек, 2 – гиалинді шеміршек, 3 – жасушааралық зат, 4 – хондробласттар, 5 –шеміршек жасушалары, 6 – хондроциттер, 7 – капсулалары, 8 – базофильді бөлігі, 9 – изогенді топтары, 10 –жасушалық бөлік, 11 –жасушаішілік зат, 12 – перихондриттің сыртқы қабаты, 13 –перихондриттің ішкі қабаты, 14 –шеміршектегі қантамыры.

Анықтама:
1.Тінді: гиалинді шеміршек
2.Бояудың әдісі: гематоксилин-эозин
3.Боялуының түсінігі: Эозинмен ашық-қызғылт түс боялған, гематоксилинмен көкшіл түске боялған. Осы бояу арқылы жасушааралық зат гомогенді (біркелі) болып көрінеді, талшықтары анықталмайды.
4.Құрылысының ерекшелігі: Гиалинді шеміршек ұлпасы жануарлар организмдеріндегі басқа тірек-трофикалық ұлпалар сияқты шеміршек жасушаларынан хондроциттерден және жасушааралық заттан тұрады. Хондроттетер цитоплазмасында Гольджи кешені мен агранулалы және гранулалы эндоплазмалық торлар көптеп кездеседі. Аталған органеллалар шеміршек ұлпасының жасушааралық затын түзуге қатысады. Гиалинді шеміршек жасушааралық затының 75%-ын су құрайды. Оның құрғақ затының 70%-ы диаметрі 10 нм-ден аспайтын жіңішке коллаген талшықтарынан, ал 30%-ы пішінсіз (аморфты) заттан тұрады. Аморфты зат гликозамингликандардан, протеогликандардан, липидтерден, талшықсыз протеиндерден құралған.
5.Функциялары: сүйек тінінің өсуін қамтамасыз етеді.
6.Организмде орналасуы: адам мен жануарлар организмдерінде қабырға шеміршегін, төс бөліктері (стернебралар) аралықтарындағы шеміршектерді, сүйектердің буындық беттерін қаптайтын шеміршекті, мұрындағы, көмекейдегі, кеңірдектегі, ауатамырлардағы (бронхтардағы) шеміршектерді түзеді
5. Волокнистый хрящ. Межпозвоночный диск теленка.
С урет-1.
Талшықты шеміршек. Бұзаудың омыртқааралық дискісі. Бояуы: гематоксилин-эозин.
1 - талшықты жасушалары, 2 - шеміршектің негізгі заты, 3 - коллаген талшықтары.

Анықтама:


1.Тінді: талшықты шеміршек
2.Бояудың әдісі: гематоксилин-эозин
3.Боялуының түсінігі: Эозинмен ашық-қызғылт түс боялған, гематоксилинмен көкшіл түске боялған.
4.Құрылысының ерекшелігі:Шеміршектің жасуша аралық заты біркелкі болмайды. Микроскоппен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшықтары да байқалады. Талшықтар өзара шырматылып тор түзеді. Шеміршек ұлпасының басқа ұлпалардан айырмашылығы ондағы аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршектің аморфты заты протеиндерден хондриотино күкірт қышқылынан және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлігі хондриотино күкірт қышқылымен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі заты. Шеміршектің негізгі затында коллаген мен хондромукоид біркелкі орналаспайды ол жануарлар мен адамдардың жасына байланысты.Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқындала түседі. Онда тұздар көп жиналып, кәрі шеміршек опырылғыш келе
5.Функциялары: Механикалық, тірек қызмет атқарады. Ауыр жүктерді төзуіне мүмкіндік береді.
6.Организмде орналасуы: Омыртқа аралығында кездеседі.

С урет-2.


Талшықты шеміршек.Бояуы:гемотоксилин-эозин
1-Талшықты шеміршек тіні, 2-Гиалинді шеміршек
3-шеміршек қалдықтарымен эндохондральды сүйек тінінің трабекулалары, 4-дамып жатқан қызыл сүйек кемігі.



Сурет-3.
Талшықты шеміршек тіні. Бояуы: гематоксилин эозин.


1-коллаген талшықтарының жігі, 2-хондрин талшықтары шоғырлары аралығыгндағы шеміршек жасушалары.
6 . Сухожилие в поперечном разрезе.
Сурет-1.
Бояуы:гематоксилин-эозином
1 – эндотеноний; 2 - перитеноний
Анықтама:
1.Тінді: талшықты шеміршек
2.Бояудың әдісі: гематоксилин-эозин
3.Боялуының түсінігі: Эозинмен ашық-қызғылт түс боялған, гематоксилинмен көкшіл түске боялған.
4.Құрылысының ерекшелігі: Бір-біріне параллель орналасқан коллаген талшықтары болады. Олар эозинмен ашық-қызғылт түске боялған. Талшықтардан тұратын фибриллалары болады. Сіңірдің құрамында біріншілік, екіншілік, үшіншілік кейде төртіншілік коллаген талшықтарының будаларын ажыратады. Біріншілік талшықтар будаларының араларында фиброциттер қатарлары және аморфты зат орналасады. Талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасымен (эндотеноний) қапталған бірнеше біріншілік талшықтар будалары екіншілік будаларды түзеді. Бірнеше екіншілік талшықтар будалары жалпақ келген талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы қабатымен (перитеноний) қапталып, үшіншілік талшықтар будаларын құрайды. Көптеген сіңірлер үшіншілік талшқктар будаларынан тұрады. Ірі сіңірлерді түзуге төртіншілік талшықтар будалары қатысады. Перитеноний мен эндотонийдің құрамында сіңірді қоректендіретін қан тамырлары және жүйкелер болады.
5.Функциялары:Сіңір тіректік қызмет атқарады. Бұлшық еттер сүйек, буындармен осы сіңірлер арқылы байланысады. Өте қалың сіңірлер аяқта орналасқан, себебі денеге түскен барлық салмақты солар көтереді. Созылудан және үзілуден қорғайды.
6.Организмде орналасуы: аяқта, сүйектерде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет