Тауардардың сапасы келісім-шарттардың техникалық шарттарына сәйкес болуы керек, әйтпесе, тұтынушылар рекламация қойып, кәсіпорынға залал келтіреді және ол рекламациялардың қанағаттандырылған сомасына тең табысын азайтады.
Рекламация – товарлардың саны немесе сапасы бойынша қойылатын претензия. Ұсынылатын рекламациялар құжаттық куәландырылатын болады.
Қанағатандырылған рекламациялар сомасының қойылған товарлар құнына қатынасының пайыздар көрсеткішін пайдалануға болады.
Өнім сапасы - өнімнің қасиеттерінің жиынтығы мен пайдалығының шегі, өнімнің қоғамдық және жеке мұқтаждықтарды қанағаттандыра алу мүмкіндігімен сипатталады.
Сапаны сипаттайтын параметрлер – техникалық мәліметтер – қызмет ету мерзімі, салмағы, энергоауқымдылығы, эстетикалылығы, сенімділігі, экологиялылығы, сыртқы түрі.