1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Бейінді оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері



бет18/20
Дата30.05.2023
өлшемі187,32 Kb.
#177972
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1-Лекция. Математиканы о ыту дістемесіні , негізгі м селелері м

Бейінді оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері Мектептерде бейінді оқыту. Бейінді мектептер. Оқыту концепциясы Бейіндік оқыту – білім алушыларды кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, олардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейінді оқыту – оқытуды саралау мен даралау құралы. Бейінді білім беру – бұл жоғары сынып оқушыларының арнайы дайындық жүйесі, ол білім алушылардың жалпы білім беретін орта мектептің соңғы сатысындағы оқу үрдісін: нақты талаптар мен қабілеттіліктерге сәйкес келетіндей, оқушылар өздерін саналы түрде жасаған таңдауын өздерінің кәсіптік мамандықтары ететіндей барынша даралауға бағытталған. Бейіндік оқыту – оқытуды саралау мен даралаудың құралы болғандықтан бұл жаңа педагогикалық технология деңгейлік саралауға сүйене отырып, бұл жұмысты дәстүрлік құрамдағы кәдімгі сыныптарда да қолдануға мүмкіндік береді. Бұл технологияны пайдалану балалардың оқуға деген жағымды мотивациясын арттырады, олардың мектептегі уақытын ыңғайлы, тиімді етеді, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы конфликттерді барынша азайтады, олардың арақатынасына сенімділік, құрметпен қараушылық әкеледі. Бейіндік оқыту әдістерін ендіру үшін төмендегілерді қолданады: - диагностикалық тест қорытындыларын, - диагностикалық тарату құралдары, - әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулар. Факультативтік сабақтар Қызығушылықтар мен бейінділіктер. Жұмсақ (элективтік-таңдамалы) саралау. Бейіндік сыныптар. Жоспарланған мамандыққа қызығушылықтар мен бейінділік. Қатты (селективтік) және деңгейлік саралау. Пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптар. Жоспарланған мамандыққа қызығушылықтар мен бейінділік және оқудағы жетістіктер Қатты (селективтік) және деңгейлік саралау. Данынды балалармен және үлгермеушілермен жұмыс. Қызығушылықтар және оқудағы жетістіктер, ерекшеліктер, оқытуды даралау. Білім алушының пәнді өзінінің таңдау жасауына жағдай жасау. Бейіндік оқыту – жеке тұлғаға бағытталған оқу үрдісін аске асыруға бағытталған. Мұнда оқушының өзіндік дара білім алу аймағын құруына мүмкіндігі кеңейеді. Бейіндік оқытуға көшу келесі мақсаттарды алдына қояды: - толық жалпы білім беру бағдарламаның жеке пәндерін терең оқытуды қамтамасыз ету; - білім алушылардың жете тұлғалық, дараланған, өзіндік білім алу бағдарламаларын құруларына мүмкіндік беру және икемді оқыту мазмұнын кеңінен саралауға жағдай жасау; - әртүрлі қабілеттіліктері бар білім алушылардың өздерінің бейінділіктері, дара икемділіктері мен талаптарына сәйкес келетін толық білім алуға тең қол жеткізуін орнатуға көсектесу; - білім алушыларды әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету; мектеп бітірушілерді олардың жоғары кәсіптік білім беруді қабылдауына тиімді дайындау. Бейіндік білім беруді іске асыру тек қана бейіндік емес пәндердің оқу материалын салыстырмалы түрде қысқарту жағдайында ғана мүмкін болады. Бейіндік оқытуды ендіру кезеңдері: дайындық кезеңі; бірінші кезең; екінші кезең; үшінші кезең. Бейіндік оқытудың мақсаттары «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» орта білімнің жоғары сатысында бейіндік оқытуды енгізу жоспарланған болатын. Кейінгі жылдары еліміздің мектептерінің 10 сыныптары екі бағыт (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) бойынша оқытуды бейіндік саралауға көшті. Осы процесс 12 жылдық білім беруге көшу барысында өзінің заңды жалғасын таппақ. Білім беруде қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі – бейіндік оқыту болып табылады. Бейіндік оқыту бұл оқытудың бір түрі – оқушылардың пән бойынша білімінің деңгейін көтеретін, сол арқылы жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін пәндерді тереңдетіп оқыту. Оқыту үдерісінде оқушылардың дара ерекшеліктерін, олардың бейімдері мен қабілеттерін, қызығушылықтары мен сұраныстарын есепке алу мәселесіне педагогика ғылымының классиктері П.П.Блонскийдің, П.Ф.Каптеревтің, Я.А.Коменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Ы.Алтынсариннің, С.Т.Шацкийдің, т.б. еңбектерінде ерекше мән беріледі. Оқытуды бейіндік саралаудың шетелдік тәжірибесін А.Н.Джуринский, Н.Е.Воробьев, Н.В.Иванова, А.К.Савина, т.б. өз зерттеулеріне өзек етіп алды. Бейіндік оқытуға көшу шеңберінде оны ұйымдастыру мәселелері Д.Ермаков, Л.Гаджиева, В.Гузеев, Г.Петрова еңбектеріне арқау болды. Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл деп (10-11 сыныптар) анықталған. Бейіндік оқытудың міндеттеріне оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту, саралап жіктеп оқыту негізінде өзіндік оқу қызмет дағдысын қалыптастыру енгізіледі. Бейіндік оқыту мазмұнын іріктеу базалық білім беруді қамтамасыз ету үшін толық функционалдық негізге, сонымен қатар жалпы орта білім беру сатыларының сабақтастығына (бастауыш, негізгі, жоғарғы) сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде Қазақстанда 11 жылдық білім беру стандарттарын іске асыру жағдайында екі деңгейлік оқу бағдарламалары мен бейіндік оқытудың 10-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу-әдістемелік кешендері дайындалды. Республиканың педагогтары 10-11 сынып оқушыларының бейіндік оқыту мазмұнын жүзеге асыратын курстар бойынша оқу бағдарламаларын әзірледі. 12 жылдық білім беру жағдайында бейіндік оқытудың үлгісін құрастыруда кейбір кері нәтижені, бір қатар проблемаларды көрсету маңызды: негізгі орта білім беру деңгейінде оқушылардың бейіналды дайындық жүйесінің жеткіліксіздігі; әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың кездесуі, бейіндік оқытуды ұйымдастырудың барлық жағдайын толық орындауға жеткіліксіздіктің себеп болуы, оның ішінде шағын жинақталған мектептерде; білім беру мекемелерінің үлгісінде, білім беру мазмұнында, білім беру процестерінің деңгейінде білім берудің вариативтілік идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі; жоғарғы сыныптарда бейіндік оқытудың мазмұнын жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету; орта білім беру деңгейінің білім беру ұйымдары ретіндегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру. Сонымен, бейіндік оқыту – кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру мақсаты: 1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы роль ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу. 2. Жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдай жасау. 3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету. 4. Жоғарғы кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектептегі бейіндік оқыту – оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту процеісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым-қатынас стилі өзгереді. Бейіндік оқыту – білім беру үдерісінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылауына өзгерістер енгізу арқылы оқышылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып табылады. Оқушылардың қандай да бір пәнді зерделеуіне қатысты арнайы қабілеттіліктерінің құрамын зерделеу бойынша педагог-психологтардың зерттеулерін талдай келе, оның кейбір бөліктерін бөліп көрсетейік: - әдеби-тілдік бейінділік шығармашылық белсенділік және байқағыштық сияқты эстетикалық көзқарас жадында көрнекті бейнелердің сақталуы, шығармашылық елестету, сезімталдық және тілдің мәнерлігі анықтайды; - математикалық бейінділіктің ойлау үрдісінің жылдамдығы, терең әрі жоғары деңгейде талдай алуы, қабылдау математикалық іс-әрекетке қажеттілік, математикалық қисын, кеңістікті түсіну сияқты сипаты бар; - техникалық бейінділік-ойлай алу мен түсіністік, елестету кіреді, техникалық байқағыштықпен, іскерлікпен сипатталады; - физика, химия, биология ғылымдары табиғат құбылыстарын зерделейтін, яғни олардың қарастыратын пәндердің ортақ екенін ескерсек бұл оқу пәндерін зерделеуге оқушылар бейімділігінің өте жақын құрамы бар екенін байқаймыз. Онда бұл ретте жаратылыстану қабілеттілігі туралы айта аламыз. Мектептегі оқушының бейіндік қабілетін анықтап, әрі бейіндік оқытуға көшудің көптеген себептері бар. Олар: - оқушылардың қызығушылықтары мен өмірлік жоспарларының саралануы, оқушылардың 70 пайызы жалпы білім беретін пәндерді негіздер деңгейінде, ал тереңдетілген деңгейде тек өзінің болашағына қатысты пәндерді оқуға қызығушылығын танытып отыр; - мұғалімдер мен оқушылардың пікірінше қазіргі мектеп болашақ кәсіби іс- әрекетке және карьералық өсуге жағдай жасай алмай отыр; - болашақ мамандықты саналы таңдау білім берудің экономикалық тиімділігін арттыруы, сол сияқты түлектерді әлеуметтендірудің жетістікті болуы тиіс; - мектеп түлектеріне жоғары кәсіби білім беру мекемелері тарапынан қойылатын спецификалық талаптардың күшеюі, жоғары оқу орнына дейінгі даярлықтың келеңсіз тұстарын жою. Бейіндік мектептерю Қазақстан гимназиялары мен лицейлерінің бейіндік оқытуды жүзеге асыруы тәжірибесін сараптау бейіндеудің жіктемесін ұсынуға мүмкіндік береді (18-кесте). 18-кесте – Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың жіктемесі № Жіктеу негізі Бейіндеу түрлері 1 Бейін саны бойынша Бір бейінді және көпбейінді 2 Бейін бағыттылығы бойынша Гуманитарлық; Жаратылыстану-математикалық; Экономикалық; Құқықтық-заңдық, т.б. 3 Бейіндерді қалыптастыру бойынша Конкурстық негізде; Оқушылардың дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде конкурссыз 4 Білім жүйелеріне кіріктірілуі бойынша Дербес; Сәйкес ЖОО базасында құрылған 20-кесте – Қазақстан инновациялық мектептеріндегі оқытуды бейіндік саралаудың позитивті және негативті тәжірибесі Позитивті Негативті Инновациялық мектептерде оқытуды бейіндік саралаудың құқықтық-нормативтік базасының қалыптасуы Қосымша білім бағдарламаларын көптеп енгізу оқушы денсаулығына шамадан тыс күш түсіруге әкеліп соқтыруы Қалыптасқан құқықтық-нормативтік база негізінде инновациялық мектептерге білім мазмұнын іріктеуге академиялық еркіндіктің берілуі Оқытуды бейіндік саралауды өз мәнінде жүргізу үшін қосымша білім беру бағдарламаларын таңдауда жергілікті білім беруді басқару органдарының араласуының жиі орын алуы Әр түрлі бейін бағыттары бойынша білім беру мазмұны іріктелуі Бейін мазмұнын ашатын қосымша білім беру бағдарламаларының жасалуы Алғашқы кезеңде қосымша білім бағдарламалары жергілікті жағдайға бейімделмей, тікелей көшірілгендіктен, ұлттық және аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы Қосымша білім беру бағдарламаларын жүргізуге байланысты тәжірибе жинақталуы Бейіндерді құрудың нақты технологияларының болмауы Оқытуды бейіндік саралаудың негізі – тұлғаға бағдарланған оқытуға ерекше көңіл бөлінуі Инновациялық мектептердегі оқытуды бейіндік саралаудың жинақталған тәжірибесіне мемлекеттік деңгейде мән берілмеуі Оқытуды бейіндік саралаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасауға әрекет жасалуы Оқытуды бейіндік саралау нәтижелерінің мониторингісінің жүргізілмеуі Оқытуды бейіндік саралау негізінде білім беру мекемелерінің және олардың оқушылары мен түлектерінің түрлі моделдерінің жасалуы Дегенмен, инновациялық мектептердің оқытуды бейіндік саралау бойынша жинақталған тәжірибесінің оң, яғни позитивті тұстары басым болып келеді, олар өздеріне берілген артықшылықтарды тиімді пайдалану арқылы бейіндер құруда, олардың мазмұнын іріктеуде және қосымша білім беру бағдарламаларын жасап, жүргізуде бірқатар жақсы жетістіктерге жетті. Бұл осы тәжірибені алдағы уақытта тиімді пайдалануға, сол арқылы оң нәтижелерге жетуге болатынын айғақтайды. Бейіндік оқытудың құраушылары Бейіндік оқыту тұлғалық-бағдарланған оқу процесін іске асыруға бағытталады. Оның негізгі мақсаты – қабілетіне, дара ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына байланысты оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай жасау болып табылады. Бейіндік оқытуды іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады: бейіндік оқытуды теориялық-әдіснамалық қамтамасыз ету; бейіндік оқытуды құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету; бейіндік оқытуды ұйымдық-педагогикалық қамтамасыз ету; бейіндік оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Аталған міндеттерді өз мәнінде шешу нәтижесінде бейіндік оқытуды іске асыру тиімді жүргізіледі. Бейіналды оқытудың орны оқу әрекетінің практикалық нәтижесіне бағытталған. Бұл міндеттерді шешу оқушыларға тұлғалық және сараланып, жеке ыңғайланып, кезекті жүзеге асырумен байланысты (20, 21-суреттер). Математиканы бейінді оқытудың негіздері Оқушыларды бір бағдарлама бойынша негізгі үш деңгейде дайындау: жалпы мәдени, қолданбалы, шығармашылық. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» концепциясы: жалпы орта білім беру жүйесі жұмысының мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізу қажеттілігі. Экономикасы дамыған елдердегі білім берудің негізгі тенденциялары: міндетті білім берудің 12 жыл ұзақтығы бар әртүрлі елдердің білім беру жүйесіндегі ұқсас және ерекше проблемалар. Студенттерге педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы мектепте оқыту әдістемесін оқыту технологиясын жасау қажеттігі. Көптеген шет елдерде (Жопон, Ресей, Беларусь, Польша т.б.) оқу бағдарламаларының екі қабатты конструкциясы қабылданған. Алдымен базистік бағдарлама жасалады, мектеп математикасының мемелекеттік стандарттары белгіленеді, сонан соң барып әртүрлі профильденген мектептер үшін бағдарламалар жасалады. Оқушыларды (әсіресе лицейлерде) жалпы мәдени, қолданбалы, шығармашылық – үш деңгейде дайындау іске асырыла бастады: жалпы мәдени деңгей – болашақта математикамен айналыспайтын оқушылар үшін; қолданбалы деңгей – болашақ кәсіби мамандықтарында математика маңызды роль атқаратын оқушылар үшін; шығармашылық деңгей – болашақтағы кәсіби мамандығы математика немесе оған жақын білімдер болатын оқушылар үшін бағдарламалар жасалады Математика пәнінен бейіндікке даярлау дайындығын іс жүзінде асырып, оң нәтижелерге қол жеткізіп жүрген мұғалімдердің бірі Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Э.М.Максутованың Математика пәнінен бейіндікке даярлау дайындығын іс жүзінде асырылуының мониторингі үлгісін келтіруді жөн көрдік. Бұл мектеп-гимназиясында 2005 жылдан бастап, жоба бойынша бейінді және бейіналды сыныптар ашылып, ұйымдастырылған. Бейінді сыныптарды ашу үшін алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізілген. Ол мектеп психологтары жүргізген әр түрлі диагностикалар. Диагностика жасау арқылы психологтар оқушылардың кәсіби бағыттары мен бейінділіктерін анықтаған. Бейінді оқыту барысында мұғалімдер ұжымы, ата-ана, оқушы арасында түрлі жұмыстар жүргізіліп, оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беретін педагогикалық ынтымақтастық қалыптасқан. Білім беретін мұғалімдердің біліктілігі, оқылатын пәндердің мазмұны, ерекшелігі оқу жоспарындағы мектеп компоненті мен оқушы компонентіндегі пәндердің құрылымы жан-жақты талқыланып, олардың бағдарламаларын жасауға, білім беруді жаңа сапаға көтеру үшін оқыту технологияларын таңдауға, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруына бағыт-бағдар берілген. Таңдамалы курстар (элективтік) мектептің жоғары сыныптарынан бастап бейіндік білім беру құрамына енеді және келесі екі функциияны орындайды: - негізгі бейіндік пәндерді берілген стандарт деңгейде «қолдау», мысалы, «Математикалық статистика» таңдамалы курсы бейінді эконимика пәнінің стандарт деңгейін қолдайды; - оқытуды ішкі бейіндік мамандандыру және дараланған білім кеңістігін құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет