Қосымша әдебиеттер:
1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
6. Тіл кемшіліктерінің психологиялық – педагогикалық жіктелімі
6.1. Жалпы сөйлеу тілінің жетіспеушілігі
Аннотация: Жалпы сөйлеу тілінің кемшілігі балалардың сөйлеу тіліндегі күрделі патологиялық кемшіліктердің формалары
Кілт сөздер: алалия, афазия, дизартрия, ринолалия
Жоспар:
1. Жалпы сөйлеу тілінің патологиялық кемшіліктері
2. Патологиялық кемшіліктердің даму жағдайы
Дәріс тезисі: Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – қалыпты есту мен сақталған интеллект кезіндегі сөйлеудің барлық компоненттерінің , яғни сөйлеудің мағыналық және дыбыстық жағының бұзылуымен сипатталатын түрліше анықталатын сөйлеудің бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы туралы мәселелерге теориялық тұрғыдан алғаш рет анықтама жасаған Р.Е.Левина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренковалар болды. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында сөйлеудегі кемшіліктерді жоғары психикалық функциялардың негізіндегі анықталатын дамудың ауытқушылығы деп қарастырды.
ЖСТД жүйелі түрде қарастырудың нәтижесі ол балаларды мектеп бағдарламасын игеруге мүмкіндік жасай отырып, арнаулы білім беру мекемелеріне саралаудың қажеттілігін анықтады. Жалпы сөйлеу тілінің кемшілігі балалардың сөйлеу тіліндегі күрделі патологиялық кемшіліктердің формасында, яғни алалия, афазия, дизартрия, ринолалия кезінде бақыланады. Фонетикалық-фонематикалық сөйлеу тілі бұзылған балалардың қатарына қалыпты дамудағы балалар жатады. Логопедия ғылымының даму жетістіктері (Р.М.Боскис, Р.Е.Левина, А.Р.Лурия, Ф.А.Рау, Е.Ф.Рау, М.Е.Хватцев) артикуляторлық интерпретация арқылы естілетін дыбыстардың түрлі деңгейде естілуі төмендеп қабылданатынын анықтады. Фонетикалық-фонематикалық сөйлеудің бұзылымы анықталған балалардың артикуляторлық процестерінің аяқталмайтыны және фонемаларды қабылдауы дыбыстарды қабылдау мен артикуляцияның аяқталмаған күйінде орындалатыны анықталған. Фонетикалық-фонематикалық дамудың жағдайы дыбыстарды қабылдау анализінің дамуына ықпал етеді. Екінші рет пайда болған фонетикалық-фонематикалық сөйлеудің бұзылымы органдардың анатомиялық және қимылдық кемшіліктер кезінде байқалады.Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады.Ондайларды мақау балалар дейді.Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады,сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз,құбылмалы келеді.Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы бет- аузын қисаңдатып,ымдап түсіндіруге тырысады.Байланыстырып сөйлеу тілі мүлде дамымаған.Сөйлеу тіл дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөзден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыс. Балалар шана теуіп жүр.Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде байқалады.Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың атын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуді қарапайым, әрі қысқа болғанмен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс.Балалар заттың атын білгенмен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады(ағаштың бұтағы,жапырағы, түбірі,тамыры), ыдыс-аяқтардың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді.Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:
1.Балалардың белсенді сөздігі зат есім,етістік,сын есім,үстеу сөздерімен толықтырылады. 2.Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау,жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексикалық-грамматикалық және фонетикалық- фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды.Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс,дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады,сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады.Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған атын,түсін,тұлғасын,сапасын,белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін-еркін әңгімелеп бере алады,қысқа әңгіме де құрастырады Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда , өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді. Сонымен сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады: Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады.Сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім,үстеу таптары аз кездеседі.2.Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады.Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді.Сөз өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған.
3.Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді қолданады,құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.4.Бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады
Достарыңызбен бөлісу: |