Сабақ: Сауат ашу Кейіпкерлерді сипаттаймын ю дыбысы мен әрпі Мектеп



Дата08.09.2017
өлшемі53,13 Kb.
#31470

Сабақ: Сауат ашу

Кейіпкерлерді сипаттаймын

Ю дыбысы мен әрпі


Мектеп

С. Бердіқұлов атындағы орта мектебі



Күні: 21.02.17 ж

Мұғалімнің аты-жөні:Молдакулова Макпал Бакытбековна

Сынып: 1 « Б »

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаттары

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.9.2. Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну(я,ю,е дыбыстары-қосарлы дыбыстар) және дұрыс оқу

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну,қолдану



Бағалау критерийлері

- Әріптерді таниды және ажыратады,әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

- Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

- ю бар сөздерді дұрыс оқиды, ю-дың сөздегі қызметін түсіндіреді;



Тілдік мақсат


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?




Не себепті ........... деп ойлайсың?

Не себепті ф дауыссыз дыбыс деп ойлайсың?



Бұған дейінгі меңгерген білім

Ф дыбысы мен әрпі

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған тапсырмалар

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут


  • Қайырлы күн достым

  • Қайырлы күн болсын

  • Сейсенбінің сәті

  • Сәттілікке толсын

  • Біздің алар бағамыз

  • Кілең бестік болсын.

Шаттық шебері


Сабақтың ортасы

Дискриптор


Дискриптор


Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Дескриптор

Топтық жұмыс


Дескриптор

Жұмбақ жасыру:

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан

Үп үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арадан. Ол не?

Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс?

Аю сөзінде неше буын бар? Хормен ю,ю,ю.

Ю қандай дыбыс?

Ю дыбысының баспа,жазба түрлерімен таныстыру.

Ю дыбысын айтқанда й-у қосарлы дыбысы естіледі,жазғанда ю болып жазылады.Ю дыбысы өз алдына жеке буын құрай алады. Ю дыбысы сөздің ортасында, аяғында кездеседі.

Ал енді балалар оқулыққа қараймыз. Сөздерді оқимыз.

№1. Оқылым. Интербелсенді тақтаға жазып,оқыту

Аю қою құю есею азаю

Ою қию түю үлкею көбею

Енді осы жерде сендерге таныс емес сөз бар ма?


  • Сөздерді дауыстап оқиды;

Аюды сипаттау. Аюдың суретін көрсету.

Аю қоңыр,қара,ақ аңғал,батыл,жыртқыш

№2. Мәтінді мұғалім дауыстап оқиды, сұрақтар қояды.

Жеңімпаз аю

Аю, түлкі, қасқыр – үшеуі жарысты.

Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар аюды шаға бастады. Араларға таланған аю тез жүгірді.

Сөйтіп аю түлкі мен қасқырдан озып кетті.

«ашық микрофон айдары» ойыны. Бұл ойында берілген мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

1)Жарысқа нелер қатысты?

2)Аю нені бұзып кетті?

3)Аюды аралар не істей бастады?

4)Аю қалай жүгірді?

5) Аю нелерден озып кетті?



  • Мәтінді түсінеді, сұрақтарға жауап береді;

  • Аю туралы видеоролик

№3 жазылым. Жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтай отырып, көркем жазу.

  • Жоғарғы және төменгі сызықты сақтап,көркем жазады;

1-топ. Паравоздың вагондарына буындардан сөз құрап жапсыру.

2-топ. Я,Ю сөздері бар суреттерді өз үйлеріне жапсыру.

3-топ.Қалқаңқұлақ дауысты дыбыс,тышқан дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді сызық арқылы қосу және дыбыстық талдау жасату.

4-топ.Паравоздың вагондарына буындардан сөз құрап жапсыру.

5-топ.Кірпілерге 2 және 3 буынды сөздерді жапсыру және салыстыру.


  • Буындардан сөз құрайды,дыбыстық талдау жасайды,дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады;

АКТ

АКТ


микрофон

Видеоролик

Дәптерлер

Буын сөздер,А3 қағаз,суреттер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Ағашқа түсінген оқушылар кептерлерді ұшырады,түсіндім бірақ әлі де үйренерім бар оқушылар кептерлерді ағашта қалдырады.




Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Рефлексия





Математика,көркем еңбек,музыка сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет