1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін...»



бет3/33
Дата15.11.2022
өлшемі290,14 Kb.
#158383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
91 эссе квал тестке

«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін...»
«Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын - мұғалімдікі»

М. Жұмабаев


Қай кезде де қазақ – қазақ болғалы бала, отбасы, тәрбие ұғымдарын бірінші сатыға қойған дана бабаларымыздың ұрпағынан ұласқан қаракөз қазақтың қызы бүгінде «Ұстаз - ұлы есім» деп Мұхтар Әуезов атамыз ұлағатты сөзімен сипаттағандай осы ұлы сөзді мен де арқалап жүрмін.
Ұстаз болу мәртебе. Бұл қызмет қарапайым көрінгенімен адам өміріндегі жалпы тарихтағы ең ұлы істің бірі болып қала береді. Мектеп менің екінші үйім, ыстық ұям. Мен мұнда шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлімді тәрбие беріп, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беру арқылы мен өзіме ерекше бір күш - қуат, қайрат жігер аламын. Бойыма осындай жігер қайрат дарып отырғанда бар ынтаммен ізденіп, мектептің жүрегіне айналып, оқытып отырған шәкірттерімді сүйе отырып, білім ошағының құдіретті сәулесі іспеттес жарқырап қызмет етемін. Қазақ даналығында «Шырағың сөнбесін» деген әдемі айтылған қанатты сөз бар. Шырағың сөнбесін... иә, расында да, баланың шырағын жағу бұл астарлап айтылып отырған екі сөзден құралған сөз тіркесі. Алайда мұның астары өте терең әрі күрделі басқаларды үйрете жүріп, өзің де бойыңа көп нәрсені сіңіретін жауапты қызмет.
Шәкәрім атамыздың «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деген сөзі бар. Яғни, адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Алдымен жүрегің таза, еңбегің адал болу керек. Осындай таза жүрек арқылы баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Осылайша ұл тәрбиелей отырып жер иесін, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз. Демек, қазақ елінің, жұртының өркениетті қоғамда еркін өмір сүруі ұлт болашығы ұл - қыздарымызға тікелей байланысты болса, ұл - қыздарымыздың жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. Біз, ол ұстаздар. Ұстаз, ол мен. Мен – ұстазбын, мен – зерттеушімін, мен – ұйымдастырушымын, мен – ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін. Менің алдымда отырған әрбір жас жеткіншектің ертеңгі күні амгершілікке мол, қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс - әрекет ететін, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және қалыптастырамын. Мені осы қиын да қызық мамандық ешқашан жалықтырған емес, қайта өмір сүруге күннен-күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге итермелейді. Демек бойымдағы жастық жігерімді, күш - қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсау керек. Болашақта өсіп – дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мен себепкер болған шәкірттерімді биік белестерден көрсем, өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам ретінде толықтай сезініп білемін. Осы эссені жаза отырып толқыныста болып ойымның қорытындысы ретінде өз шығармашылығымнан туған мына өлең жолдарын ұсынсам деп едім.
Ұстаздық етем білім берем жалықпаймын,
Бейбіт елдің аспанында қалықтаймын.
Шәкірттерім тұрса озып өзімнен де,
Бақыттан бас айналып шарықтаймын.

Арман менен мақсатымды анықтаймын,
Еңбектенем, ізденемін қалыспаймын.
Шәкірттерді рухы биік ұлы адам етіп,
Өмір атты қарияға табыстаймын.

22 «ӨЗІҢДІ ОҚЫТУ-ИГІ ІС,БІРАҚ ӨЗГЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ОДАНДА ИГІ»


Балаға тәрбиеде қандай бағыт берсек, үлкенге де сондай бағыт-бағдар беріп отыру керек, онсыз үлкен адамдар да қателесіп кетуі ықтимал. Баланы не бұзатынын білсем, соған амал табар едім, бірақ оның қиындығы барлық талап тілегіне шектеу қоймауында ма деймін? Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.
Бабалар дәстүрінде тәрбиелеудің ең басты белгісі сенім. Осы берік сенім негізінде адамды қалыптастыра аласың. Өзіңді өзің беріліп, сеніп, шын тәрбиелемесең, қай істе болмасын өжеттілік жасай алмайсын.
Болайын деген бала жер тепкілеп туады, онысы «болам,болам», «алам,алам» дегені. Мен кейбір адамдардың сөзін, ойын, пікірін таң қалып тыңдаймын, тұла бойы асыл қазынаға толы неткен жандар деп ойлаймын. Егер осы адамдар түбегейлі қолына қалам алып жазса, кемеңгер адам болып, ұрпақтың кәдесіне жарарлық көп көп мұра қалдырар еді. Бірақ, көп адамдар тұтанып жанып, жылу да, жалын да бермей, өзімен алып кетеді. Сондықтан адамға ерте мән беріп, тәрбиелеп, бағыт бағдар берген дұрыс! Тентек қайдан келді демендер, қайда тіршілік етті деңдер.
Мектеп тәрбиесінен өтпеген бала - суарылмай тұрған гүл сияқты, барлық әсем түсінен айырылып қалады.Класс активіне сүйенген тәрбиенің жүз көзі, мың құлағы бар, сондықтан күнделікті жұмысты орынды пайдалана білген ұстаз табысты болады.Қорқытудың тәрбиелік мәні жоқ екендігі аксиомаға айналғаны шындық, сондықтан кімде-кім тәрбиеші болғысы келсе, бұл тәсілден әр кез аулақ болғаны жөн.
Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішірее білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алмайсын.
Шәкірттер арасында тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу күрделі инженерлік құрылыс тәрізді, қателік жібермеуді талап етеді. Тәлім-тәрбие барлық істің басы.Қисықты түзететін - күш, қыңырды түзететін - тәрбие, басқа жол жоқ.Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да, сондықтан жылы сөз сөйлеуге әр кез дайын бол.Адамға күн шұғыласы қандай қажет болса, тәрбие де сондай қажет,ендеше тәрбиеленіп өскеніне мақтана аласың.Тәрбиелену міндет те, борыш та, сондықтан әр жеткіншек ол кезеңнен өтуі қажет.Қорқақтық тәрбиенің жеткіліксіздігінен, сондықтан тәрбиеде мақсат, талап, тілек қойылып отыруы қажет. 
Ережелер тәртіптілікке ғана шақырып қоймайды, мәдениеттілікке де үйретеді.
Мектеп ережесінің мәнін, сыр-сипатын терең ашып түсіндіре білу - тәрбиешінің төл жұмысы.
Мен тәрбиеші бола алмаймын, ұстаз боламын!,- дейді кейбір мұғалімдер, олар балаға білім беру үшін тәрбиені бірінші кезекке қоюды ұмытады. Әуелі тәрбиеле, содан соң білім бер.
Тәрбиенің мақсаты: шат көңілділікке, өмір сүйгіштікке, адамгершілікке және жасампаздыққа баулу.
Мектеп өмірі ақиқат мәліметтер мен уақиғалардың жиынына толы болуы керек. Шындықтан алшақ, ғылымнан алыс ұғымдар мен ойлар мектеп іргесіне жақындамағаны жөн.
Мектеп барлық ғылым саласынан орта мәлімет беретін бірден-бір ғылыми орын, сондықтан әр оқушы өзіне керегін мектептен алып қалуға талпынуы керек, онда мектептегі бір күн іздегеніңді, кейін мың күн іздемейтін боласың.
Келешектің ұстаздары кем дегенде үш тілді, не үш мамандықты меңгерулері керек, ал компьютермен еркін жұмыс істеуге дағдылану қазіргі талап-тілек болып отыр, сондықтан келешекте ұстаз болу бақыт та, арман да болсын деймін жас ұрпаққа.
Педагогика мың мінездің басын біріктіріп, бір жиынтық мінез тудыратын ғылым.
Педагогикалық жұмыспен шұғылданған адам үш дәуірді басынан өткізіп өтеді: ол кешегі, бүгінгі және келешек.
Біздің мақсатымыз - шәкіртті жындысүрей етіп тәрбиелеу емес, ойшыл, епті, ерікті, сезімтал етіп тәрбиелеу, оны күнделікті тәрбие жұмысында ұмытуға болмайды.
Жындысүрейді де тәрбиелеу ұстаздың үлесіне тиген, сондықтан ақыл ойынды, күш жігеріңді оларға сарқа бере білуге үйрен.
Педагогика - сәбилердің ұясы, оны таза ұстау керек.

Оқушыға тәртіп талабын қойсаң, оны сыйлайтыныңды да сездіріп қойғаның дұрыс, себебі бала талап-тілекті түсінбеуі мүмкін. Адамды адам сыйлау арқылы ғана түсініседі,сыйласады.


Тентек жойылса, тәрбие далада қалады деме, ол шексіз.
Тәрбиенің құдіреттілігі сонда, күн сәулесін уыстап бергендей, ендеше зиялы азамат - тәрбие жемісі.
Мектеп басшысы тәрбиені оқушыдан емес, мұғалімнен бастаса іс түзеледі, мақсат айқындалады.
Менің мақсатым - бала жүрегінің дүрсілін сезіну.
- Бір ибадат оқып жібер,- дейді көптеген қариялар, ал қайсы бірі:
«Ибадатты бала екен»,- дейді, сондықтан баланы ибадаттылыққа тәрбиелеу 
керек.
Барлық ұстаздар міндеттерін өз құқығындай жақсы білсе ғой, жұмыс алға тезірек басар еді.
Жақсы ұстаз туа болмайды, жүре болады, бірақ дағдыда өмір бақи «ұжым тәрбиесінде» жүрген ұстаздар әлі де бар-ау.
Кейбір шәкірттерге неге сабақтан кешіктің демеу керек, кешігіп болдың ба деу керек, сонда ол кешіккенін тоқтатады.
Ұстаз ұстаз болған шәкіртімен кездессе де, ұстаздық сөзін айтады, ғажап жалғастық.
Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек, себебі шәкірт оны «құдайдай» көреді.
Шәкірттің ойын күнде жетелеп отырмаса, ол тәрбие көшінен қалып қояды.
Жақсы ұстаздың аяқ басқанының өзі оқы, оқы деп дыбыс бергендей.
Өзгені ұмытсаң да, шын ақылшы адамыңды ұмытпа.
Күнделікті оқымаған ұстаз - өз міндетін орындамағаны.
Алаңғасар шәкіртке алаңдамас ұстаз кез болар.
Жас ұстаз екі-үш жыл алаңдамай тиянақты қызмет істесе, одан ұлағатты ұстаздық күтүге болады.
Ұстаздың сөзі - игі істің басы.
Шәкірт шәкірт болуы үшін, ұстазға беріліп еліктеу керек.
- Бақытты кімге берер едіңіз,- депті шәкірт ұстаздан.
- Кім көп оқыса, соған,- депті ұстаз.
Баланы хұсайын етіп тәрбиелеу бесіктен басталады, бұл әр ананың парызы, оны естен шығаруға жол жоқ.
Біз адамдарды өзгертеміз деп тәрбие жұмысымен шұғылданып жүрміз, бірақ өзгеріп кеткен адам жоқ, тек әр қоғамдық талап-тілектерге байланысты бейімделген адамдарды көріп жүрмін. Адам - жағдайдың құлы, тәрбие - құлды жұбатудың құралы.
Шәкіртке қатты сөз айтуға болмайды, ол алланың қаһарынан да жаман.
«Бұзық» оқушымен әңгімелеспес бұрын, өзің туралы айтшы деп жақын тарт, сонда оны түсінесің, күдігің жойылады, өзара тіл табысасың. Тіл арқылы жүрекке кіресің.
Адамды тәрбиелеймін десең, оның тілегін орында, одан арғысы белгілі болады.
Ұлы адамдар да өле-өлгенше тәрбиеленіп өтеді. Тәрбие - телегей теңіз, байтақ ұғым, шеті мен түбіне жете алмайсың. Тәрбие - адамның екінші
табиғаты.
Тәрбие — теңіз, сондықтан тәлімдегің келсе, малтый білуді үйрен.
Баланы баяндама оқып тәлімдеме, баяндап тәлімде.
Барлық кереметтілік табиғатта ғана емес, адамдарда да сан-қилы, бірақ әлі толық сезініп біле алмай жүрміз. Адамды зерттей де, тәрбиелей де, түсіне де білуге ерте бастан көңіл бөліңдер.
Қай есік болсын, теуіп ашпа, тәлімгерлігіңнің төмендігін көрсетесің.
Жұмыртқадан шыға сала, құс та ұшпас.
Кедейлікке емес, байлыққа тәрбиелеу керек, себебі ұрпақ бай өсіп жетілсе, халыққа да берері көп болады.

Ұстаз мейірімсіз мінезін ешкімге де білдірмеуі керек, әйтпесе ол ұстаз бола алмайды. Ұстаз баланың жүрегінде отыратын «ақ періштесі» болуы шарт.


Баланың жүрегін меңгермей тәлім-тәрбие, білім-өнер бере алмайсың.Ұлттың ұйтқысы, намыс пен ержүректілікті, ақыл мен ойшылдықты қалыптастыратын, тәрбиелейтін ұстаз ғана. Ұстазы аз ұлт өсіп жетіле алмайды, рухани кемтар, жалтақ, жасық ұлт болады. Ұстаз ұлттың жаны мен дем берушісі.Ұлы ұлт боламын десең, ұстазды көбейте беріңдер.

23 «ШӘКІРТТЕРІНІҢ ІСТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ-МӘҢГІЛІК!»


Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман.
Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі.
Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды. Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды.
ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды.  Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады.
Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті. Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта  қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар,  мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға  деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де,  жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

24 «ЖАҢАНЫ ТҮСІНГЕН,ЕСКІНІ ҚАСТЕРЛЕГЕН АДАМ ҰСТАЗ БОЛА АЛАДЫ...»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет