1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ-АДАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ӘЛЕМДЕГІ НЕГІЗГІ ДАҒДЫСЫ



бет29/32
Дата01.12.2022
өлшемі285,37 Kb.
#160852
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
91 эссе квал тестке

80 МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ-АДАМНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ӘЛЕМДЕГІ НЕГІЗГІ ДАҒДЫСЫ
Біз білетін сауатты адам әріп танып, қолына қалам ұстай алады. Әріп таныған адам мәтін оқып, оның мағынасын түсіне біледі. Оқыған адам өзі шимақтап, біртіндеп жазуды үйренеді. Бұл – мектеп табалдырығын аттаған кез келген бала машықтанатын қабілеттер. Баршаға аян нәрсені неге тәптіштеп айтып отыр дерсіздер? Сол оқып отырған мәтіннің түрі мен түпкі мағынасын түсіну қаншалықты қиын болуы мүмкін? Бір қарағанда, оп-оңай.
Ал мақаламызға арқау болған медиа сауаттылық тұрғысынан келгенде әріден бастауға тура келеді. Ең алдымен «медианың» не екенін анықтап алайық. Бірден газет-журнал, радио, телевизия, интернет дерсіз. Қолыңыздағы кітап пен смартфон, көше бойындағы жарнама тақтайшалары, дүкеннің маңдайшасы, фильм, көне ескерткіштер, видео ойын­дар, музыка, аңыз-ертегілер мен ауызекі сөз­ге дейін медиаға жатады дегенге не дейсіз? Медиа – ағылшынша me­dium сөзінің көпше түрі, ақпарат жеткі­зетін кез келген коммуникация құра­лын осылай атауға болады. Енді техно­ло­гияның қарыштап дамуымен енген ме­диа­сауаттылық ұғымы нені білдіреді?
Біз жоғарыда айтқан ақпарат құрал­дары арқылы адам күніне қанша ақпарат алатынын білу үшін, 2020 жылы орташа есеппен күн сайын қанша дерек пайда болғанын қарап көрейік. Бұл сан күніне 2,5 квинтиллион байтты құраған. Квинтиллион деген сан мөлшерін бірінші рет көріп тұрсаңыз, жалғыз емессіз. Салыстырып көру үшін 18 нөлі бар еке­нін айта кетейік. Әрине, осы секілді адам күніне, секундына қанша ақпарат өңдейтінін көрсететін толып жатқан өзге де статистиканы келтіре беруге болады.
Десе де, үй мен жұмыстың арасы­ның өзінде қанша нәрсе көріп, қанша ақпарат оқитыныңызды өзіңіз де біліп отырсыз. Ол мәліметтің барлығына зер салып қарау міндетті емес, миыңыз өзі қабылдап өңдей береді, ал жадыңыз сақтай береді. Бұл ақпараттарға ортақ бір нәрсе бар, ол – авторының болуы. Кез келген ақпаратты таратарда бел­гілі бір себептің болатынын есте ұстау керек. Ал сол себепті түсіне білу – медиа­сауаттылықтың негізі.
Бізді қоршаған дижитал заманда ақпараттың қайдан, қандай мақсатпен шыққанын, қаншалықты сенімді екенін анықтау одан сайын қиындай түсті. Дегенмен, мойындағымыз келсе де, келмесе де, бұл бүгінгі күннің ең маңызды қабілеттерінің біріне айналды. Қоршаған ортаны енді танып-біліп, дүниетанымы қалыптасып келе жатқан, болашақта толығымен тех­нология дәуірінде өмір сүретін балаларға бұл, тіпті, өзекті. Медиасауаттылықты балаларды ақпараттан қорғау деп түсінуге әсте болмайды. «Бала­ның миын улайтын контент көрсетпеймін» деген желеумен теледидарды өшіріп, интернетті шектейтін ата-ананың әрекетімен ақпаратты айы­ра алатын ұрпақ тәрбиелеудің арасы жер мен көктей.
Медиасауаттылық анықтама­ла­рында бірінші мән беретін нәрсе – адамның сыни ойлай білу қабілеті. Бұл шетінен барлығын сынау емес. Сыни ойлай білетін адам біржақты пікірден аулақ болады, кез келген ақпаратты түрлі ракурстан талдай біледі. Бұл – негізі мектеп жасында қалыптасатын машық. Батыс елде­рінде білім алған отандастарымыз біз­дің білім беру бағдарламамыз осы жерде ақсайтынын жиі алға тартады. Ата-ананың, ұстаздың, не өзінен жасы үлкен адамның айтқанын өздігінен саралап, жеке пікірін білдіру – бұрыс не тәрбиесіздік емес. Кішкентайынан кез келген айтылған нәрсені сұраққа алып, шамасы келгенше талдай білетін балалардың уақыт өте келе сыни ойлау қабілеті қалыптасады. Міне, осы машықты бойына сіңірген бала медиасауаттылықтың негізін меңгерген десек артық емес.
Ақпарат көбейген сайын оның ақиқат не жалған екенін анықтау қиындап кетті. Оған пандемия кезінде толық көз жеткіздік. Коронавирус туралы бұрмаланған ақпараттар әр отбасында талқыланды. Бұған шүбә келтірмейтініміз анық. Вакцина салған жерді магнитпен тексерген талайды көрдік, әлі көретінімізге сенімдімін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданысқа пандемия­дан қаупі кем емес «инфодемия» терминін енгізді.
Жалған ақпараттың кең тарағаны соншалық, медиа және коммуникация саласында фактчекиң бағыты пайда болды. Ол бойынша деректерді тек­серіп, хабарлардың рас-өтірігі анық­талады. Былтыр пандемия ке­зін­де індетпен қатар, ақпараттық ви­­рус­тың кең тарағаны соншалық, Қа­зақстан үкіметі арнайы stopfake.kz жобасын іске қосуға мәжбүр болды. Бұл салада жалған ақпарат мәселесінің кезек күттірмейтінін көрсетті.
Қоғамда медиасауаттылықтың дең­гейін көтермесек, салдары қан­дай болатыны туралы журналист, фактчекер, Factcheck.kz онлайн басы­лымының редакторы Павел Бан­никовпен әңгімелестік. Ол бұл мәселенің салдарын қазірдің өзінде байқауға болатынын айтады.
– Қоғамда медисауаттылықтың төмен­дігі үрейге, сенімсіздікке, ден­сау­лық саласындағы жобалардың сәт­сіз болуына, әлеуметтік поляри­за­цияға, жек көрушілікке алып келе­тінін былтырдың өзінде анық көрдік. Бәрімізге айқын күнделікті көріністің бірі – халық алаяқтардың алдында қорғансыз қалады. Былтырғы статистиканың өзінен алаяқтардың арбауына түскен адамдардың қан­шалықты көп екенін көруге болады. Алаяқтар келтірген залал 2019 жылмен салыстырғанда 180 млрд теңгеге артқан. Бұл құқық қорғау органдарына шағымданғандардың үлесі ғана, ақшаға алданғанын айтқысы кел­мейтіні қаншама. Қоғамда медиа­сауаттылықтың төмендігінен туындайтын ең қарапайым мысал осы. Ал болашақта ең қорқыныштысы – қоғам­дағы поляризация дер едім. Халықтың біртұтастығы бұзылғанда, медиасауатсыз қоғамда үлкен ақпарат ағынын радикалды топтардың теріс ойлары оңай жаулап алады. Бұл – Қазақстан үшін де ең қауіпті мәселе, – дейді сарапшы.
Расымен, интернет алаяқтарды айыра алмау – қауіпсіздік саласын­дағы үлкен мәселелердің бірі. Жауап­кершілік құқық қорғау органдарының мойнына артылғанмен, бұл да медиасауаттылыққа келіп тіреліп тұр. Осы секілді ақпаратты саралай алмай опық жеген жан қаншама. Бұл, әсіресе, әлеу­меттік желі мен интернеттен оқы­ған кез келген мәліметке сене кететін орта жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі.
Мәселенің өзектілігін анықтадық. Оны шешу үшін не істей аламыз? Дамыған елдердің мысалына зер сал­сақ, бұл мәселе өткен ғасырдың соңында көтеріле бастаған. Сонда зерт­теушілер мен сарапшылар медиа­ның қоғамға теріс әсерін саралай келе, күнделікті тұтынатын ақпараттың қайдан, қалай, қандай мақсатпен тарағанын ажырата білу керек деген тоқтамға келген. Осылайша медиасауаттылық деп аталатын пән Батыста мектеп бағдарламасында оқытылатын болған. Қазір әлемдегі басқа да елдер бұл мәселенің өзекті екенін айтып, көбірек көңіл бөле бастаған. Осында бір қуанышты жаңалықты айтпай кетпеуге болмас. Жақында Қазақстандағы медиасауаттылық бойынша алғашқы оқу құралын мемлекеттік комиссия мақұлдап, білім беру мекемелерінде пайдалануға ұсынды. MediaNet халықаралық журналистика орталығы дайындаған оқу-әдістемелік кешенді еліміздегі оқу орындарында қосымша сабақ ретінде өтуге болады деген сөз. Су жаңа оқу­лық туралы жоба жетекшісі Алена Кошкинадан сұрастырып білдік.
– Біз алдымен сынап көру үшін оқу­лықты 2019 жылы орыс тілінде басып шығардық. Оқу құралы Қазақ­станның төрт мектебінде, тіпті бір университетте сынақтан өтті. Соны­мен қатар, Алматы мен Қараған­ды­да медиасауаттылық курсының бағдарламасы қабылданды. Мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша тренингтер 2019 жылы басталып, әлі де өтіп жатыр. Енді Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мұғалімдерді оқу құралына негіз­делген бағдарлама бойынша оқытуды жоспарлап отырмыз. Оқуға тартылған мектептердің толық тізімі жақын арада келісілетін болады, – деді А.Кошкина.
Мақалаға арқау болған мәселенің осы­лайша іс жүзінде шешім тауып жатқаны қуантады. Енді тек мек­теп басшылары бүгін білімді жас ұр­­пақ тәрбиелеуде олардың медиа­сауаттылығын көтеру қаншалықты маңызды екенін бірден түсінсе дейміз. Шетелден келген тағы бір «сәндегі» сөздердің бірі ғана деп қабылданбаса екен.
Жалпы, оқулық жоғары сынып оқушылары мен ересектерге де ар­налған. Бұл туралы жобаның қазақ тіліндегі редакторы Жұлдыз Әбділда ай­тып берді. Ол елімізде медиа­сауат деңгейі төмен екенін, тіпті әріп­тестерінің арасында кездесетінін алға тартты.
Өкінішке қарай, бізде медиа­сауаттылық өте төмен дең­гей­де. Басқаны айтпағанда, әріптес­теріміздің өзі ақпаратты тексеруді, оның рас-өтірігіне көз жеткізіп алмай тұрып жариялауға болмайтынын, оған қоса медиа этиканың бар екенін түсіне бермейді, – дейді Жұлдыз Әбділда. Маманның айтуынша, оқулық ақ­парат алу, ақпаратпен жұмыс істеу, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желі­лердің біздің өмірімізге ықпалы, қаупі, кибербуллинг бойынша жан-жақты ақпарат береді.
Балалардың сауатын арттыру мә­селесі сәл де болса түсінікті бол­ды. Ал дүниетанымы, белгілі бір көз­қарасы қалыптасып қалған, өзгерісті оңай қабылдай қоймайтын, көбіне жалған ақпараттың қармағына ілінетін орта жастан асқан азаматтарға қа­лай көмек­тесуге болады. Дәл осы сұрақты журналист, фактчекер, Павел Банниковке қойдық. Ол балалардан гөрі ересек адамдарды үй­ретудің расында қиын екенін айта келе, жауапкершіліктің бір ұшын БАҚ-қа әкеліп тіреді.
– Адам жасы ұлғайған сайын қосымша білім алуға құштар бо­ла бермейді. Сондықтан БАҚ пен бас­қа медианың міндеті медиа және ақ­параттық сауаттылық туралы жиі айтып, қоғамда медиа сауатты адамның жағымды тұлғасын қалыптастыруы керек. Шешімдердің біреуі осы делік. Одан бөлек ойын түрінде немесе кәсіби тегін курстар ұйымдастыруға болады. Десе де, бұл Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді алаңдататын сауал, – дейді П.Банников.
Адамзатты басқа тіршілік иесінен ерекшелеп тұратын ақылы мен санасы десек, сол екеуінің ортақ жемісі – сөзге келіп түйіседі. «Ақпаратқа кім ие болса, сол әлемді билейді» деген қанатты сөздің бүгінгі шын­дыққа қаншалықты сай екеніне күн­делікті өмірде көз жеткізіп келеміз. Ен­деше осы тұрғыдан келгенде медиасауаттылықты арттыру заман­ның басты талабы екені сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет