1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


)Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы



бет13/40
Дата29.10.2022
өлшемі167,63 Kb.
#155564
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не
Шығын,Өнім бағасы, икемділік, Qкр-10есеп (1), Алкандар 1, Основы реферат, СРС1, 2. Тема 2, 1. Тема 1, Тмоги, 2 лекция, 2 лекция, Методические указания к семинарским занятиям и срсп для студенто, Неделя 5. СРО, 01 Naurzbayeva final, Саяси партиялар, Болат Дана 21-РТК-1, Кесте - ғалымдар
18)Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы.
Орталық Азия онда мекендейтін халықтардың тағдырына, географиялық жағдайына және жалпы мәдени заңдылықтарға байланысты айтарлықтай тұтастық және өзіндік мәдени - тарихи кеңістікті білдіреді. Орталық Азия – бұл бірегей ерекше аймақ, оның аумағында көп ғасырлық өркениеттер мен көптеген діндер мен наным – сенімдер, көшпелі және отырықшы мәдениет түйісті, және дәл осы жерден Жібек жолы өтті. Өзінің тарихи шығу тегіне қарай бұл мемлекеттердің халқы екі – батыстық және шығыстық өркениеттің түйісуінде маңызды рөл атқарды. Қазіргі кезеңде ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі халықтардың тарихи – мәдени өзара байланысы мәселелерін, еуразиялық жақындастық пен өзіндік ерекшелігін зерттеуде үлкен маңызға ие. Орталық Азия тарихы мен мәдениеті бірнеше жүздеген жылдар бойына шығыс өркениетімен тығыз байланыста дамыды. Қытай, түрік, моңғол, иран және арабтық ерте және орта ғасырлық жазба ескерткіштер Орталық Азия аймағындағы территориялардың мемлекеттілігі мен этносаяси тарихын зерттеу үшін бағалы дерек көздері болды. Кеңбайтақ Еуразия аймағындағы орын алған және болып жатқан күрделі тарихи үрдістерді объективтік тұрғыдан түсінуде маңызы зор. Орталық Азияның әлемдік өркениеттер тоғысында орналасу жағдайы оның өркениетаралық диалогтағы, мәдени құндылыықтармен алмасу, адамзат қоғамының, халықтар, мемлекеттер дамуындағы бірегейлік рөлін анықтап берді. Аймақ бұл миссияны ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы орындап келеді, этникалық, мәдени, конфессионалық үрдістердің алуан түрлілігі оның тарихынан көрініс тапты . 1991 ж. тәуелсіздік алған сәттен тарихи – мәдени мұраны қорғау Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттының негізін қалаушы принциптерге айналды. Тарихи – мәдени мұраны қорғауды жүйелі түрде жүзеге асыру аймақтағы жас мемлекеттердің қалыптасуы үшін маңыздылығын терең түсінуге байланысты. Орталық Азиядағы этникалық, мәдени және рухани плюрализмді одан ары дамытуға бағытталған табысты шаралар топтамасы өткізілді. Мәселен, Бішкекте 1999 жылы қыркүйекте өткізілген «Орталық Азиядағы мәдениет және дін» тақырыбында халықаралық конференцияның оның барысында Қырғыз – Ресей славян университеті жанында мәдениет пен дінді зерттеу бойынша ЮНЕСКО кафедрасы құрылды. Орталық Азия халықтары өзінің мәдени құндылықтарына ұқыптылықпен және сүйіспеншілікпен қарайды, дәл осы құндылықтар орталықазиялық елдерді біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет