Саяси бөлім бойынша командир орынбасары.
Отряд кеңесі басшылығымен жұмыс істейді, отряд жасұландарын даярлауды жүзеге асыруға отряд командиріне көмектеседі, «біреуі барлығы үшін, барлығы біреу үшін» қағидасын жүзеге асырады. Ұрыс парағы редакторының жұмысына басшылық етеді. Газеттерді оқу және саси ақпараттануды өткізуді ұйымдастырады.
Барлаушы.
V-VI сыныптар: картадағы шартты топографиялық белгілерді оқи білуі, жергілікке бағдарлана білуі, жасырына білуі, затқа азимутты анықтай білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша
Өлшегіш және сызғыш көмегімен топографиялық картадағы арақашықтықты өлшей білуі, азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты анықтай білуі тиіс;
Құралдар көмегімен жергіліктегі радиация деңгейін анықтай білуі, залалданған аумақтарды айналып өту жолдарын табу, командирге жеткізу мазмұнын құра білуі тиіс.
Байланысшы
V-VI сыныптар: сигналдарды жалаушалармен беру және телефон арқылы жеткізу, жалаушалық семафорды білуі тиіс;
VII-VIII сыныптар: қосымша – телеграфтың әліппе көмегімен жеткізулерді жалаушалармен жіберу. Кабельді сымдарды жүргізе білуі, далалық телефон аппаратын қоса білуі радиостанцияны қоса білуі, байланысқа еніп, жеткізулерді жібере білуі тиіс.
Атқыш
V-VI сыныптар: шеру колонасында жылжи білуі, жүгіре және өрмелей отырып жылжуды, граната лақтыруды, шабуылға (30м ара қашықтық) көше білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша – жергілікке бағдарлана білуі, колшник автоматын толық емес шашып және қайта жинай білуі, шабуылға (50м ара қашықтыққа
Санитарлы күзет мүшесі
V-VI сыныптар: сыну, қан кету, күйіп қалу, үсіп қалу және т.с.с кездерінде алғашқы көмекті көрсете білуі, зардап шегушілерді тасымалдау, дәрілік өсімдіктерді және олардың медициналық тәжірибеде қолданылуын білу тиіс.
VII-VIII сыныптар: алғашқы көмек көрсету кезінде меңгерілген дағдыларды жетілдіру, барлық тәсілдермен зардап шегушілерді тасымалдай білу, суға батып бара жатқанды шығарып алғашқы көмек көрсету, берілген азимут бойынша жылжи білуі тиіс.
Қозғалысты ретке келтіруші
V-VI сыныптар: светафор белгілеріне сәйкес ретке келтіруші дене қимылдарын білуі, жаяу жүргіншілермен жалаушылардың жалпы міндеттерін жол белгілерін танып білуі, велосипедті тебе білу.
VII-VIII сыныптар: қосымша – қиылыстағы транспортты айыра білуі, «аялдамалық жолдарды » санай білуі, отандық автотранспорт автокөліктердің белгілерін және шаркаларын білуі тиіс.
Өрт сөндіруші
V-VI сыныптар: практикалық өртке қарсы іс шараларды және өрт сөндіруді құралын қолдану ережелерін білуі тиіс.
VII-VIII сыныптар: қосымша – жеңді торапқа қоса білуі, үйшік, шарбақ, бум секілді кедергілерден өте білуі, отты сөндіру үшін өрт сөндіру құралын қолдана білуі тиіс.
Ұрыс парақ редакторы
Ұрыс парақтарын өз уақытында шығаруы және фото стендттерді өндеуі тиіс. Саси бөлім бойынша командир орынбасарына саси ақпараттандыру жүргізуді көмектесуі керек.
Жас ұландар тұрғылықты жерлері бойынша клубтардағы, әскери оқу орындарындағы, әскери бөлімдердегі автомаделизм, авиациалық, ракеталық үйірмелер жұмыстарына қатысады.
Жергілікке арналған ойындар
V-VI сыныптар үшін жергілікке арналған ойындарды VII-VIII сыныптардан бөлек өткізілуі қажет. Ойындарды бірге өткізген жағдайда V-VI сыныптар үшін оның ұзақтығы қысқартылады және жеңіл тапсырмалар беріледі.
Отряд құрамында ойналатын ойындар белгілі бір жас ұландар мамандығын немесе отряд әрекетін өңдеу мақсатында жүргізіледі.
Батальон құрамында ойналатын ойындар белгілі бір кезең қорытындысын шығару немесе батальондағы үздік отрядты анықтау міндетіне ие.
Ереже бойынша, ойындар бір жақта жүргізіледі, екі жақты ойындарды өткізу жағдайында жақтардың қындауына жол берілмейді.
Ойын мәні ЕҚД нормаларын тапсыру маңызына ие, жасұландардан инициатива, ерік және дене сапаларының көрсетуін талап ететін шарттарды құру және тартымды болуы тиіс.
Жергілікке арналған ойындар кезінде жасырынудың әртүрлі тәсілдерін қолданады, барлау жүргізеді, жергілікке бағдарланады, көздеген жерге дейінгі ара қашықтықты анықтайды, сигнализация, байланыс құралдарын қолданады, әртүрлі тәсілдермен алға жылжып, шынайы және қолдан жасалған кедергілерден өтеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Ойынды өткізу үшін ойын жоспары және ережелер жасап шығарылады, қатысушылар әрекеті үшін бағалау жүйесін өңдейді. Ойын мәніне жауап жергілік таңдалынады, ойын қорытындыларын шығару үшін сұрақтар белгіленіп, даярлық өткізіледі.
Ойынға жетекшілік ету
«Алау» әскери-спорттық ойынын өткізеді. Қазақстан Ресмпубликасының Білім және ғылым министрлігі, дене мәдениеті және спорт комитеті, ҚР азаматтық қорғаныс штабы.
Ұйымдар мен ведомстваларда әрекет ету координациясы және ойынға тәжірибелік жетекшілік жасау үшін «Алау» әскери-спорттық ойынының бас штабы құралады.
Штабтар ойынға әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асырады және ойынды өткізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстардың үздік тәжірибелерін жалпылайды, тапсырмалар мен ұсыныстарды өңдейді, жеке тақырыптар бойынша бұйрықтар шығарады, ойын насихатын өткізеді, мамандықтар бойынша жас ұландарды даярлау үшін инструкторларды,отряд командирлері мен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, штаб басшыларымен саяси бөлім бойынша орынбасарларына, командирлеріне оқу өткізеді; қызығушылық танытқан ұйымдар мен мекемелерді ойынға қатысуға тартады, жұмыс қорытындыларын шығару, «Ұлан» әскери-спорттық ойындар штабтарымен өз жұмысын тығыз байланыста орнатады.
Мектеп директорлары, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылар, әскери жетекшілер, мұғалімдер ботальон штабтарына педагогикалық жетекшілік етуді жүзеге асырады, оқу және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырады.
Ардагерлер, офицерлер, басщылық жасаушы әскери бөлімшелер солдаттары, әскери-оқу орындарының курсанттары мен тындаушылары, әскери комиссариаттар офицерлері консультант, инструктор және аралық адамдар ретінде шақырылады.
Қорытындыларды шығару және марапаттау
Батальондарда ойын қорытындылары үш рет шығарылады: күзде, қыста және көктемде. Аудандық қалалық, аумақтық финалдар жыл сайын бір шілдеге дейін жергілікті шарттар және жоғарыдағы штабтар шешіміне сәйкес өткізіледі. Облыстық, өлкелік және республикалық финалдар жергілікті ұйымдардың қарауына қарай бірінші шілдеге дейін, бірақ екі жылда бір реттен жиі емес өткізіледі. Батальон штабтары жас ұландарды даярлаудың барлық тараулары бойынша қорытындыларды шығарады, әр кезеңнің аяқталуы бойынша жеңімпаздарды анықтап, жоғарыда аталған штабтарға есептерді жібереді.
Ойынға басшылық етушілер бұйрықтарының орындалуы туралы батальон штабтарының жеткізулері аудандық және қалалық штабтарға жіберіледі.
Ойынға басшылық етушілер бұйрықтарының орындалуы туралы жеткізілімдер, есептер, бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша марапаттауға ұсынылымдар «Алау» Республикалық, өлкелік, облыстық штабтармен жіберіледі. Ойында ерекше көзге түскен жас ұландар отрядтары дипломдармен және «Алау» жергілікті штабтар белгілерімен марапатталады.
Финалдарға бір сыныптың оқушыларынан тұратын, бір жылдан аз емес қатысқан және облыстық, өлкелік финалдар жеңімпаздары болған отрядтар қатысады.
Жас ұландар – ойын финалына қатысушылар «Алау» дипломдарымен және төс белгілермен марапатталады, ал ерекше көзге түскен жас ұландар «Үздіктігі үшін» медальдармен марапатталады. Азаматтық қорғаныс эстафетасына қатысушылар «ҚР азаматтық қорғанысына даярмын» төсбелгілерімен марапатталады.
Ойын финалының командалар – жеңімпаздары бас штаб шешімімен «Жеңімпазға» үлкен медальмен, дипломдармен, финалды өткізуші ұйымдар сыйлықтар және төсбелгілермен марапатталады.
Негізгі әдебиеттер
1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
№ 1 Тақырып: Єскери – патриоттық тєрбиеніњ мазмүны. Жалпы әдістемелік нұсқаулар
Оқу сұрақтары:
1. Әскери патриоттық тәрбие мәні.
2. Әскери патриоттық тәрбиенің мазмұны.
Тарау оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, сондай-ак Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, өскери доктринаны, Қарулы Күштердін жалпы әскери жарғыларының талаптарын, "Жалпыға ортақ әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы", "Келісім-шарт бойынша әскери кызмет туралы", "Аумақтық корганыс туралы" және т.б. заңдарды оқып-үйренуге бағытталган.
Оқушылардың заңдарды білуі олардың Қазақстан Республикасының егемендігін қорраудагы міндеттері мен қүкықтарын жете түсінуін айқындайды. Ол Отанына шы-найы берілген азаматтың жеке басын калыптастырады, әрбір адамның өмірлік көзқарасын таңдауды алдын ала аныктайды, сондай-ак Қазақстан Республикасвіньщ азаматы белсенді, мағыналы, салауатты өмір сүруі тиіс деген түсі-нікке алып келеді.
Сабақтарды өткізу әдісі оқыту бағдарламасы талапта-ры мен басқа да орта білім туралы жетекші құжаттарга сәйкес бағытталуы тиіс.
Мұғалімге кемек ретінде 1-кестені үсынамыз. Онда оқылатын тақырыптардың атаулары мен үлгі тізімдері, АӘД багдарламасына сәйкес оқу сүрактарының мазмұны келтірілген, сағаттар саны, оқыту әдісі және ұсынылган оқу материалдары көрсетілген.
"Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде" тарауын оқып білу кезінде оқушылар мынаны білуі тиіс:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кұрылымын, Қазақстан Республикасы егемендігінін негізгі белгілерін;
Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерін;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің релі мен орнын;
Қазақстан Республикасынын мемлекеттік нышандары және әскери бөлімінің жауынгерлік туынын маңызын;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен салаларын, офицерлік және сержанттық қүрамның әскери атақтарын.
Әскери – патриоттық тєрбиеніњ мазмүны.
Әскери – патриоттық тєрбиеніњ мазмүнынањ бір – бірмен өзара тығыз байланысқан екі негізі компонентті біліп көрсетуге болады. Біріншісі кењ әлеуметтік – педагогикалық баѓытпен сипатталады. Ол мынадай элементтермен негізделеді: өмірге деген позитивті козқарас жєне негізі әлеуметтік, тарихи, арият, саяси, әскери жєне басқада мәселелер бойынша позиция; жан – дуние, адамгершілік, іскерлік секілді мањызды сапалар (Отанға деген сұй; спеншілік, зањдылыққа мєртебе, Отанды және оныњ азаматтарын қорғаудағы конституциялық міндеттерді орындауға деген жауапкершілік).
Мазмүннық әлеуметтік – педагогикалық компоненті басты, және оныњ орталығы болып табылады.
ЌР қарулы кұштерініњ жеке ќүрамын, басќада єскерлерді, әскери қүрылым және органдарды кәсіби көшіру мєселелер; шешіліп жатқан кезде әскери – патриоттыќ тәрбиеніњ мазмүныныњ ролі єлдеқайда жоғарлайды.
Әскери – патриоттық тәрбиеніњ ерекше компоненті нақты және іскерлік бағытпен сипатталады. Бүл мазмүнныњ тәжребиелік орындалуы әр – бір жас азаматтық. Отанына қызмет етуде орнын тереқ түсінуіне.
ЌР қарулы кұштерінде, қызмет етуге қасиетті негізгі сапалар, қасиет, дағдыларды қүруды қамтамасыз етуге бағытталған. Ерекше компоненттіњ негізгі мазмүны Отанға деген сұйіспеншілік, азаматтыќ және әскері парызға сенімдімік, батырлық түраќтылық, ерлік болып табылады.
Ќазіргі жағдайда жастарды әскери – патриоттық тәрбиелеу мазмүнынық басымдылық сапасы болып мына адамгершілік қүндылықтар саналады:
азаматтылық;
мемлекеттік масштабтағы жалпы үлттылық;
жеке түлғаға қоғамдық – мемлекеттік басындылық;
патриоттылық, із Отанына шын берілу
ЌР қарулы күштерініњ жақсы дєстүрлерін сақтау және дамыту
іжеттімік жєне қиындықтарды жењуге үмтылу
адамгершілік, ізін силау қүрметтеу сезімі
әлеуметтік белсенділік, жауап кершілік
Шынайы патриотизм- жалпы адамзаттық құндылықтардың маңыздысы болғандықтан басқа халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға сыйластықпен , ізгі ниетті адамгершілікпен қарауды көздейді. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекеленген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен тұтас байып отырады. Өйткені,Халық деген ұғымға мемлекеттегі барлық адам, яғни ұлттар, ұлттық топтар сияды.
Көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым- қатынас мәдениетімен ажырағысыз бірлікте қарастырылуға тиіс. Мұның мәнісі алдымен, қоғамдағы патриотизмнің екі элементтен тұратына байланысты. Олар : жалпы яғни барлық ұлт өкілдерінің бойындағы жалпыұлттық патриотизм және ерекше, яғни жекелеген ұлттардың өкілдеріне тән ұлттық патриотизм.
Айталық, Қазақстан Республикасында патриотизм бірден жалпықазақстандық, осында тұратын барша ұлтардың жалпыұлтық патриотизмі және қазақтардың , орыстардың, ұйғырлардың т.б. өзіне тән ерекше ұлттық патриотизмі түрінде көрінеді. Осылайша, жалпықазақстандық патриотизмнің даму дәрежесі ұлттаралық патриотизмнің даму дәрежесі ұлтаралық қарым- қатынас мәдениетінің даму деңгейін сипаттайды.
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті, ең алдымен, халықтардың тең құқылығы, өзара сыйластықөзара көмек гуманизм т.б. өркениетті қатынастар принциптерінің ұлттық санаға қаншалықты сіңгеніне, сол санада ұлттық мүдделермен басқа халықтардың мүделлері қаншалықты үйлесім тапқанына байланысты дамиды. Яғни, ұлтаралық қатынастар мәдениетті дегеніміз ұлтардың қамсыз- мұңсыз өмір сүруіне қажет мүлде жаңа сипаттағы рухани- парасат ортасының және ұлтаралық қатынастардың қалыптасуына себепкер әрі сол себептердің нәтижесінде қол жеткен ақтық нәтиже болып табылады.Ұлтаралық қатынастар әрі ұлттық, әрі жалпыадамзаттық парасат- мораль нормалары түрінде көрініп, рухани байлық, адамгершілік тұрғысында адамдар тіршілігінеәсер етеді.
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті халықтар, ұжымдар арасында және жеке адамдар арасында әртүрлі деңгейде көрініс береді. Көптеген адамдардың араласып, еңбектес, тағдырлас болуы бұл байланыстардың сапасыөзгеріп отырады.
Зертеулерге қарағанда әртүрлі ұлт өкілдерінің ара қатынасында мына үш жағдайда байқалады екен:а) ынтымастық, ә) бейтараптық, б) алауыздық.
Мұның ішінде аса жағымсыз қоғамдық жағдай ретінде алауыздықтың тигізетін зияны аса зор. Алауыздық салдарынан ұлтардың біріне – бірі қарсы тұруы, қастандық, бітіспес қайшылықтар мен арпалыс күрес, т.б. келеңсіз жағдайлар орын алады. Бұлардың мемлектаралық сипаты ел арасында соғыстарға себеп болатын, мемлекттің өз ішіндегі алауыздық азамат соғысына апаратынын көріп жүрміз.
Бейтараптық жағдайда мемлекеттер арасында, бір елдің өз ішінде, сондай- ақ, адамдардың арасында кездесуімүмкін. Біріне- бірі ашық жауласпағанымен, өкпе ренішін анық білдірмей, өзара байланыс жасап жүргенімен , олардың арасындағы салқын қабақ табылмай қоймайды. Белгілідәрежеде біріне-бірі шыдамдылықпен төзіп, шын пиғылын көзге көрсетпесе де, бейтараптық жағдайында бір ұлттың екінші ұлт мүдесіне енжар қарауы, сырттай, сыйласқансияқты болуы да келеңсіз көрініс. Мұндай жағдайлар көбінесе жеке адамдар арасында, шағын ұлт топтарыарасында кездеседі.
Қарым- қатынастағы жақтардың немқұрайдылығының астарында үлкен қатер жатады. Мұндай салқындық кез келген сәтте, болмашы себептің өзінен де ұрыс- керіске, қарулы жанжалдарға ұласып кетуі мүмкін.
« Алтау ала болса- ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса –төбедегі келеді», деген халық даналығының астарында адамгершілік қатыстардың мәнін ашатын зор мағына жатыр. Өзара ынтымық, түсіністік пен татулық – аса қуатты жасампаз күштердің негізі міне осында жатыр.
Мемлекеттер арасындағы экономикалық, рухани жәнеәскери ынтымақ XXI ғасырдың табалдырығында бұрынғыдан да зор күшке ие болуда.
Егемендік алып, көк байрағын көтергеннен бері Қазақстан мемлекеті әлемнің жүзден аса елімен ынтымақ шартарын жасасты. Оның бәріне бір елдің екінші елдің байлығына, қалқына көз алартпауы, шекара дауын туғызбау, адамгершілік ниетте қарым – қатынас жасау негіз болған. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достық және татулық шартына қол қойылуының тарихи маңызы бар. Сондай- ақ, екінші бір үлкен көршіміз- Қытаймен шекара айқындасып, татулық шартын жасадық.
Түбі бір түркі елдері - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, жырақтағы Түркия мемлекеттері біздің бауырлас достарымыз. Бұл арада біз тек сол мемлекттердегі саны басым ұлттармен ғана емес, олардағы жекеленген шағын ұлттардың, ұлыстардың мүдделеріне де ортақ екнімізді, оларды сыйлайтындығымызды паш еттік.
Жеке мемлекеттің өз ішіндегі ұлттар ынтымағының жемісі қандай болатынын біз Қазақстан Республикасының өмір мысалдарын көріп отырмыз.Өтпелі кезеңде қазақстың басына түскен қиыншылықтар, шешілмеген күрделі мәселелер басқа ұлттарға да ортақ, Әлемдік өркениетке қол созған Қазақстан мемлекті өз жеріндегі барлық халықтар мен ұлтардың мүдде ортақтығы, ниет бірлігі арқасында жаңа реформаларды табандылықпен жүргізу үстінде. Бұл тарихи кезеңде еліміздің олжалы болмағының кепілі – оның барлық халықтарының ынтымағы мен достығында, бір отбасының баласындай татуында.
Бұл ынтымақ қатынастары жеке адамдар арасында адамгершілік негізде дамып отырса, тұтас алғанда Отандық патриотизмнің мызғыиас іргетасы болып табылады.
Нақты әлеументтік зертеулер нәтижесінде адамдардың біріне- бірінің адамгершілік қатынастарының, гуманизмнің үш деңгейі анықталған. Соның ішінде жоғарғы деңгей – ізгілік қатынастар идеясы адамның бүкіл болмысын, яғни оның жаны мен ақылын толық қамтып, санасын, сезімдерінен, іс әрекетінен , басқа үл өкілдерімен арақатысынан көрінеді екен.
Ал, орта деңгей жеке адам болмысының белгілі бір жақтарын ғана қамтиды, яғни сол белгілі бір мәселеде мейірімділік, туыстық пиғыл танытып, басқа бір жағдайда ұлтық тар шеңбер аясында қалады.
Төменгі деңгейде адам басқаға алакөз, іші тар, қаскөй мінез танытады, ұлтшылдық дертімен уланып, сол ұлтық деңгейден аса алмайды. Ұлтаралық қарым- қатынастар мәдениеті дегенде оның ұлтаралық қатынастарға қаншалықты әсер ететінін ескеруіміз қажет.
Ұлтаралық қарым- қатынастардың деңгейі мен сапасы, тиісінше, ұлтаралық қатынастардың дамуымен : белгілі бір ұлтардың, ұлтық топтардың , ұлыстардыңдамуымен, сол қауымдастықтардың табиғатына, мінез- құлқына, ара байланыстарына қарай, сондай – ақ, жеке адамдарарасындағы қарым –қатынас табиғатына, сипатына, ерекшеліктеріне, яғни түрлі ұлт өкілдерінің өндірісте, рухани және басқа да өмір салаларында қаншалықты араласатындықтарына қарай сипатталады.
Сонымен, ұлттаралық қатынастар мәдениеті түрлі ұлттар өкілдері арасында сыйластық, өзара көмек, гуманизм, ұлт артықшылығы дегенге төзбеу, өз ұлтының рухани мәдениетін де, басқа ұлттар мен топтарының рухани мәдениетін де игеруге құштарлық болып табылады.
Әлбетте, ұлттаралық қатынастар мәдениетін өз бетімен пайда болып, қалыптаса қоймайды. Ол үшін мемлекеттің, партиялардың, қозғалыстардың, ұлттық мәдени орталықтардың т.б. күнбе- күнгі белсенді қызметті сияқтысубекті оң факторлар керек. Егер мұның бәрі болмаса, ұлттықкелісімге жарықшақ түседі, ұлттаралық шиеленіс, алауыздық белең алады.Ұлттаралық қатынастар мәдениеті түрлі ұлт өкілдері арасындағы ізгі, адамгершілік қатынастардың неғұрлым жоғарғы деңгейін білдіреді. Олар адамдардың іс- әректінен, көзқарасынан, мінез- құлық тәрбиесінен, басқа халықтарға адамдарға еңбекте, тұрмыста, демалыс сәтінде, сайып келгенде ұлттық мүдделер мен ұлтық ерекшеліктер байқалатын қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінеді.
Қоршаған орта мен қарым- қатынас нәтижесінде адам сол ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.Егер оған тексіздік, нигилизм сияқты жағымсыз тәрбие әсер етсе, оның Отанға деген ықыласы кемиді, тіпті оны мойындамай қояды.Керісінше, түрлі жағымды әсерлер адам санасында өнегелі қасиеттерді нығайтып,Отан үшін қандайда қажеттің бәрін істеуге құлшындырады.
Адам бойына сіңген әлеументтік және рухани құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың, ізгіліктің бастауы бола отырып, Отан алдындағы борыш пен міндетті орындауда кездескен қиындықтарды батыл жеңуге құлшындырады. Ол үшін қоғам мүддесі дәрежесінде қабылдануы керек.
Әрбір адам өзін қоршаған болмысты танып – біле отырып, сол болмыс құбылыстарынан өзіне қжетті, пайдалы жақтарды ала білуге ұмтылады.Мұндй саналы, мақсатты ықылас жемісті болады, өйткені адам қоршаған ортаны танып – білмей, оны бағаламай, жаны мен тәніне қажетқұндылықтарды іздемей тіршілік ете алмайды.Адамға қатысты бола тұра, оған пайда әкелетіндердің,адам қоғамын дұрыс жолда дамытуға және жеке адамның жарасымды жетілуіне себеп болатындардыңбарлығы құндылықты болып табылады.Тиісінше, бұған жоралғы болмайтындардың, тіпті бөгетжасайтындардың барлығықұндылықтар емес, яғни құнсыздықтар. Нақты әлеументтік зертеулер нәтижесі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға қатыстыңдеңгейі әрбір жеке адам бойында патриотиз мен ұлтаралық қарым- қатынас мәдениеттініңдеңгейіне байланысты болатынын көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа «Жолдауында» еліміздің сегіз артықшылығының бірі ретінде: «Біздің жетінші бекем тұсымыз – қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бірлігінде жатыр. Біз қоғам ішінде тікелей тай таласқа жібермей, ахуалды тұрақтандыра білдік, мұны мақтан етеміз, өкінішке қарай, көптеген дамушы және кешегі коммунистік кейінгі елдердің бұған қолы жеткен жоқ. Алайда толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бірліктің ауылы әлі алыс жатыр, сондықтан біздің баршамыз өзімізді біртұтас отбасымыз деп сезіну, өз мақсаттарымызды айқын біліп, оларға қарай келісе ілгерілеу үшін алдағы уақытта көп жұмыс тындыруға тура келеді», баршамыздың алдымызға аса маңызды тарихи міндет қойды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Закон РК «О всеобщей воинской обязанности». – 1993.
«Военная доктрина Республики Казахстан», от 10.02.2000г.
Государственный стандарт по специальности: «050104-Начальная военная подготовка», 2004г.
«Основы военно-патриотического воспитания» г.М., 1988г. Г.В. Средин
«Военно- патриотическое воспитание молодежи», г.М. 1991г. Ю.И.Дерюгин
«Военно – патриотическое воспитание учащихся на занятиях по НВП»г.М., 1988г. К.М. Катуков.
Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию учащихся /Под ред. Ф.Е.Штыкало - М.: Просвещение, 1985.
№ 2 таќырып: Әскери – патриоттық тєрбиеніњ мақсат және міндеттері.
Оқу сұрақтары:
Әскери патриоттық тәрбиенің мақсаттары.
Әскери патриоттық тәрбиенің міндеттері.
Єскері – патриоттыќ тәрбие – мемлекеттік органдардыњ, қоғамдық бірлестіктердіњ жіне ұйымдардыњ жастарда жоғары патриоттық түйсікті із Отанына шын берілу, ізініњ азаматтық парызын орындауға дайын болуды қүруға бағытталған коп жоспарлы, жүйелі, мақсаты іс – әрекет.
Әскери – патриоттық тәрбиеніњ мақсаты – жастарда азаматтылық патриоттылықты дамыту. Оларда өмірдіњ әр саласында керекті белсенді көрінулерді қүру.
Осы мақсатытарға қол жеткізу ұшін келесі негізгі міндеттерді орындау талабы орын алады:
жастардыњ санасында және сезімінде патриоттық қүндылықтарды, көзқарасын және сенімдерін, Ќазақстанныњ мєдени және тарихи өткеніне ілтипат мемлекеттік, әсіресе әскери ќызметтіќ деңгейін кілтіруді бекіту;
жастарда Отанға шын берілудіњ дамуын қамтамасыз ететін тиімді, жеқе єскері – патриотыњ жүйе қүру;
әскери – қызметтік тєрбие жұйесініњ түтас қызмет ету єсерін қамтамасыз ететін оныњ ішінде ЌР Ќарулы күштер қатарында қызмет етіп жатқандарда қамтамасыз ететін механизм қүру.
Әскери патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу . Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.
Әскери патриоттық тәпбиенің негізгі алатын қоғамдағы ролі ерекше болып саналады.
Жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тұрғыда ерекше болып саналуы мүмкін.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан отанға деген сүйінспеншіліктерін артыруы қажет ол дегеніңіз патриоттық тәрбие негізін түсіндіру болып табылыды.
Достарыңызбен бөлісу: |