"Жас ұлан" әскери-патриоттық ойыны
9 мамыр-Ұлы Жеңіске 66 жыл және 7 мамыр-Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 19 жыл толуына орай колледж білімалушылары арасында өткізілетін «Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны
Әскери-патриоттық ойынның мақсаты: білім алушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
1. Өткізілетін орны және уақыты
Ойын 2011 жылдың 7 мамыр күні Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің алғашқы әскери дайындық алаңында өтеді.
2. Ойынға колледж білімалушыларынан құралған 3 бөлімше қатысады. 1-ші бөлімше -1202-10-9-1, 0902-10-9-1 топтары, 2-ші бөлімше -1305-10-9-1, 0518-10-9-1 топтары, 3-ші бөлімше -0105-10-9-1, 0103-10-9-1 топтары
3. Ойын келесідей жарыс түрлері бойынша өткізіледі:
- сап түзеу және ән байқауы;
- ату;
- викторина;
4. Жас ұландардың киім үлгісі:
Парад киімі (қара шалбар, әскери көйлек (немесе ақ көйлек), қара түсті аяқ киім);
5. Марапаттау
Ойын қорытындысы бойынша 3 командалық жүлделі орын анықталады. Үздік бөлімше командирі және үздік атқыш анықталады. Жарыс жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталады. Соңында мерекелік концерт.
Жарыс кезеңдерін өткізу шарттары
1. Сап түзеу және ән байқауы.
Қатысушылар ұжымдық іс-әрекеттер бөлімше құрамындағы үйлесімділік: бөлімшенің сапқа тұруы, сыртқы көрінісі, саптық жаттығулар, екі қатарға сапқа тұру, ән мен саптық байқауға дайындығы туралы бөлімше командирінің рапорты, сәлемдесуге қайтарған жауаптары, бір орында және қозғалыстағы бұрылулар, жауынгерлік сәлемдесу рәсімі және ән айтып өту (музыкалық сүйемелдеусіз).
2. Ату жаттығуы
Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – 3 жас ұлан. Нысана – №7 нысана, арақашықтық – 7 м; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – отырып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Жаттығуды орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «Жас ұлан______, атуға дайын» - деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша жас ұлан 3 рет есептік оқ атады және «Жас ұлан______, атуды аяқтады» - деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша жас ұлан өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады.
3. «Викторина» конкурсы.
Конкурстың шарты: Команданың барлық мүшелері қатысады. Әрбір командаға Қазақстан тарихынан, әскер және әскери дайындық бойынша сұрақтар беріледі.
Біріншілік команданың жинаған ұпай саны бойынша анықталады.
Ұйымдастырушы: Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы, запастағы сержант Түменбаев Д.Қ.
«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойынының бағдарламасы
1. «Сап түзеу және ән айту» сайысының бағдарламасы
Осы сайысқа Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Саптық жарғысының элементтері бар саптық тәсілдер енгізілген.
Бөлімше командирі:
— Бөлімше! Бір қатарға сапқа тұр! (бөлімшенің сапқа тұрғызылуы)
— Түзел! Тік тұр! Рет-ретімен санал! (бөлімшенің 1-шіден бастап соңына дейін. Соңғы нөмірлі саптан шықпай өз нөмірін айтып, «санақ аяқталды» деп жауап береді)
— Түзелу ортаға! (рапорт беру)
— Сержант мырза! ____бөлімше ____адаммен сапта жүру және ән айту байқауына сапқа тұрғызылды.
Қолбасшы:
— Құп болады! Саламатсыздар ма! (бөлімше хормен «Саламатсыз ба сержант мырза!»)
Сіздерді Ұлы жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын ! (бөлімше хормен «Ура!», «Ура!», «Ура!»)
Еркін тұр!
Бөлімше командирі:
— Еркін тұр! Бөлімше! Түзел! Тік тұр! Солға! Оңға! Айнал! Айнал! Бірінші-екіншіге санал!
Екі қатарға сапқа тұр! Солға! Оңға! Айнал! Айнал! Бір қатарға сапқа тұр!
Бірінші-үшіншіге санал! Үш қатарға сапқа тұр!
Оңға! Жақында! Бір орында адым бас!
Алаңды айнала адым -бас!
Ән сал! (бөлімшенің әнін айту 1 шумақ+қайырмасымен)
Бөлімше! Бір орында! Тоқта!
Солға! Тік тұр! Түзелу ортаға! (рапорт беру)
Сержант мырза! ____ бөлімше өзінің көрінісін аяқтады. Бөлімше командирі _______________ (тегі, аты)
Байқау қолбасшысы:
Қызметтеріңізге алғыс жариялаймын! (бөлімше хормен: «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз!»)
Еркін тұр! Тараңдар!
Бөлімше командирі:
Еркін тұр! Тараңдар! Солға! Оңға! Орынға адым бас! (варианттар)
Саптық тәсілдер және оларды орындау
Бір қатарлы сап
Бөлімшені бір қатарлы сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарлы сапқа тұр!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Бұл пәрмен бойына командир сап маңдайшебі тұсына «тіктелу» бойынша тұрады. Бөлімше аяқтарын бір сызық бойымен қойып, командирден солға қарай орналасады.
Саптық адым
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады. Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды.
Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
2. Ату жаттығу
Пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы.
Атыс жүргізу алдында қатысушылар қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады
Жаттығудың шарты:
Қатысушылар саны – әр бөлімшеден 3 білімалушы қатысады. Нысана – №7 нысана, нысана арақашықтығы – 7 метр; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – орындықта отырып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Жаттығуды орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «Жас ұлан______, атуға дайын» - деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша жас ұлан 3 рет есептік оқ атады және «Жас ұлан______, атуды аяқтады» - деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша жас ұлан өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады.
“Викторина” конкурсының сұрақтары
Бұл саты барысында ойынға қатысушы білімалушыларға Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әр бөлімшеге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауаптар саны ескеріледі. Қай бөлімшенің дұрыс жауаптар саны көп болса сол бөлімше конкурста жеңген болып есептеледі.
Егер қорытындылары бойынша дұрыс жауаптар саны бірдей болып қалса, онда олардың ішінен ең мықтылары қосымша сұрақтар арқылы іріктеледі.
Ендеше құрметті төрешілерден рұқсат болса, ойынымызды бастайық!
(Ескертпе: Жүргізуші сұрақтарды оқиды, төрешілерден кім бірінші болып қол көтергенінен сұрап, оған жауап беруді ұсынады. Егер жауап дұрыс болмаса, төрешілерден кім екінші болып қол көтергенін сұрап оған жауап беруді ұсынады. Жауап нұсқаға жақын болып, бірақ толық сәйкес келмесе төрешілерден төрелік етіп шешуді сұрайды)
Сұрақтар:
1-ші 10 сұрақ
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген.(Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (100)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр)
2-ші 10 сұрақ
1. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
2. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
3. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
6. Оңтүстік әскери өңірлігі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)
7. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қалай аталады? (қарауыл)
8. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
9. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бойынша бас штабының бастығы (Кәрім Мәсімов)
10. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)
3-ші 10 сұрақ
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)
2. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
3. Суық қару түрлерін атаңыз.(Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
4. Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?(Қатардағы сарбаздардан)
5.“ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?(Танкке қарсы мина)
6. Калашников автоматы қай жылы шықты? (1974)
7. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?(Жамбыл)
8. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
9. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (Әділбек Жақсыбеков)
10. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)
Мектептегі 6-8 сыныптар оқушылар арасында әскери – спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру.
1 . Мектептегі 6-8 сыныптар оқушыларымен ұйымдастырылатын әскери-спорттық ойындардың мақсаттары мен міндеттері.
Бұл жастық кезеңді өсу кезеңі ретінде сипаттауға болады. Сүйек-байланыс аппараттары күшейе өсуде (әсіресе ұзын қол және аяқ сүйектері), бұл өз кезегінде жасөспірім қозғалыс координациясын, біршама бұзады. Өкпенің өмірлік сыйымдылығы әжептәуір ұлғаяады. Ағзаның оттегіге зәрулігі зор, алайда тыныс алу аппараты әлі де жеткілікті дамымаған, осының әсерінен жасөспірімдердің тыныс алу жиі үстіртін болады, бұл үшін терең әрі үнемді тыныс алуды шығаруға ықпал ететін әртүрлі энергиялық бар ойындар үлкен маңызға ие.
Жасөспірімдер жүрегі жоғарылатылған қоздырушылықпен ерекшеленеді, сондықтаң үлкен қозғалуды талап ететін ойындар олардың жүрек бұлшық еттерінің тез соғылуына және қан қысымының жоғарлауына алып келеді. Алайда осыдан дені сау және машықтанған жасөспірім жүрегінің «толық қандылығы еместігі» туралы қорытынды шығаруға болмайды. Көптеген ғалымдар еңбектері бұл жастағы балалардың жүрек-қан тамыр жүйесі жылдамдыққа және шыдамдылыққа жасалатын жаттығулар жақсы бейімделетіндіктеріне куәлік етеді. Бұл ұзақ жүгіруге қарсы тұру және күресуі бар, шыдамдылыққа арналған ойындар, қозғалмалы ойындарды қолдануға мүмкіндік береді. Жүрек-қан тамыр жүйесі қызметіне кері әсер ететін асыра машықтанудан, асыра күш салудан өте күшті жүктемелерге жол бермеген жөн.
Егер бастауыш сыныптардағы қозғалмалы ойындар ұлдар немесе қыздарға арналған ойындарға бөлінбесе, енді ұлдар мен қыздар ойындарында кейбір ерекшеліктер пайда болады. Бұлшықет көлемінің ұлғаюы және олардың күштерінің өсуіне қарай қыздар мен ұлдар күш және жылдамдық мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық айтарлықтай байқалады. Қыздар-жасөспірімдер ұлдар ойнаған ойындардың барлығын ойнайды,алайда біріккен ойындарда олар қозғалыс және дене мүмкіндіктеріндегі қажеттіліктерге жауап беретін өздеріне қызқты әрекеттер мен ролдерді таңдайды. Ұлдар әдетте қыздарға қарағанда жылдамдыққа жүгіру, күресу элементтері бар, санымен бірге кіші доптарды немесе басқа заттарды нысанаға және қашықтыққа лақтыру сияқты ойындарда кейбір артықшылықтарға ие. Қыздарға хороводты ойындар көп тартады, ал ритмикалық (ырғақтық) қозғалысы бар ойындар оларға жеңіл ойналады. Оларға қолдардың епті, дәл қозғалысын, барлық дененің иілгіш қозғалысын талап ететін тұтасымен алғанда ағза нығайтатын ойындар пайдалы. Қыздардың дене дамулары үшін зор маңызға кеудеге арналған жаттығулары және дене салмақ теңдігі (ровновесия) элементі бар ойындарға ие. Шыдамдылыққа ойналатын ойындарда ұлдар мен қыздарды командаларға бөліп, ойынды жеке-дара өткізу керек. Екі жұптың қарсыласуы бар жұптың ойындарда жұптар бір жыныстылардан ғана тұруы тиіс. Дәл, координацияланған қозғалыстарды жетілдіруге арналған ойындар қыздарға да, ұлдарға да пайдалы.
Жасөспірімдер үшін сюжеттік ойындар енді сәйкес келмейді, жарыстың бастау сипатты ойындар негізгі орынға ие. Доппен ойналатын көптеген ойындар спорттық ойындарға өтпелі кезең болып табылады және оған спортық техника және тактика элементерінің бірқатары енеді. Командалық ойындарда жеке ойыншылар немесе топтардың («қорғаушылар», «шабуылшылар») роглдері сараланады. Жасөспірімдер үнемі бірқалыпты командалардың болғанын қалайды, қозғалмалы ойындарда оларды кейбір тактикалық тапсырмаларды шешу және ойын техникасын жетілдіру тартады. Олар ойын ережелерін анық қадағалауға тырысады, оқытушының ескерту мен түсіндірулері анықтала түседі.
Жасөспірімдер қозғалмалы ойындар бойынша жарыстарға зор қызығушылық пен қатысады. Оларды күрес, лақтыру, секіру, өрмелеуі бар, кедергілер жолақтарын жеңуі бар эстафета түрінде өткізуге болады.
6-8 сынып жастағыларға «Алау» әскери-спортық ойын өткізіледі.
«Алау» әскери-спорттық ойын оқушыларды дене және әскери-патриоттық тәрбиелеуге, орта сынптарда алғашқы әскери даярлық бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін оқушылар жұмысының маңызды формаларының бірі болып табылады.
«Алау» әскери-спорттық ойын төмендегі мақсаттарда өткізіледі:
ҚР Қарулы Күштер және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери дәстүрлерін оқушылардың оқып зерттеуі;
Мектептегі әскери-патриоттық жұмысты бұдан әрі күшейту. Оқушылар арасында отанды қорғау туралы қасиетті парызды үгіт-насихаттау, отан алдындағыпарызды орындау даяарлығын, патриотизімге тәрбиелеу;
Оқушылар бойында оқуға деген жауапты қарым-қатынасқа, саналы тәртіптілікке, ерік, батылдық, тапқырлық, шешім таба білу, жолдастық пен достық, ұжымдық сезім сияқты сапаларға тәрбиелеу;
Қазақстан халқының жауынгерлік және еңбек даңқы, орны бойынша әрбір оқушыны белсенді тарту, ҚР Қарулы Күштер жауынгерлік дәстүрлермен таныстыру, жауынгерлермен достықты нығайту;
Оқушылардың әскери-техникалық білім, білік және дағдыларды меңгеруі, оларды көпшілік зияншегу қаруынан қорғану тәсілдеріне үйрету;
Ойынға қатысушылардың «Қорғаныс және еңбекке даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын белсенді тапсыруы.
2. Мектептегі 6-8-ші сынып жасындағы оқушыларға арналған әскери-спорттық ойындар.
«Алау» әскери-спорттық ойыны.
Ойынның қатысушылары.
«Алау» әскери-спорттық ойынында сегіз жасарлық және орта жалпы білім беру мектептерінің отрядтары қатысады.
Отряд кеңесі командир және оның орынбасары басқаратын 5-8-ші сынып оқушыларынан жас Ұландар Батальоның құрады.
Командир, оның саяси бөлім бойынша орынбасары және штаб мүшелері жас ұландар батальоның жалпы жиналысында сайланады.
Кеңес жас ұландар отрядын қалыптастырады: оған мыналар кіреді, отряд командирі, орынбасары, барлаушылар, байланысшылар, атқыштар, санитарлы күзет, өрт сөндірушілердің жауынгерлік есебі, қозғалысты ретке келтіруші, жауынгерлік парақтың редакторы.
Отряд командирі, саяси бөлім бойынша оның орынбасары, жас ұландар отряды ұйымдастыру жиналысында ашық дауыс беру арқылы сыйланады.
Отрядқа бір сыныптан ғана шықан жас ұландар енгізіледі және тек шектеулі жағдайларда ғана паралельді V-VI немесе VII-VIII-ші сыныптардан ғана алуға болады. Жас топтарын араластыруға жол берілмейді.
ІІІ-ІV сынып оқушылар жас ұландар болуға даярланады, осы жас үшін арнайы мектеп масштабы ұйымдастырған әскери спорттық ойындарға конкурстарға және басқада іс шараларға қатысады.
Ритуалдары (салт жоралары). Ерекшелену белгілері.
Штаб батальоның құрылуы аяқталғаннан кейін ту беруі бар жас ұландардың салтанатты линейкасы өткізіледі. Әр түрлі шараларда: салтанатты линейкалар, парадтар, Қарулы Күштер, ел өміріндегі атаулы күндер мен мерекелерге арналған митингтерге толық құрамда қатысқан батальон дружина туын ұстап шығады. Отряд барлық жағдайларда да отряд жалауына ие.
Жас ұландар ерекшеленудің мынадай белгілерін алып жүреді.
Сол жеңінде «Алау» эмблемасы бар шеврон отряд командирлері жопсырмасында үш кішкентай жұлдызша, саяси бөлім бойынша командир орынбасарында екеу, батальон штаб мүшелері біреуден, штаб басшысы және батальон саяси орынбасары екеу, батальон командирі – үш үлкен жұлдыз. Жұлдыздар өлшемі 1,5Х см болатын жасыл түсті жапсырмаға бекітіледі.
Жас ұландар киімінің парадтық формасы – «Алау» эмблемасы бар комуфляж. Жергілікті ойындар және жарыстарға арналған киім формаларын ойынның аудандық және қалалық штабтар бекітеді.
Күнделікті, сонымен бірге финалдарда, жиналыстарда, жарыстарда және мерекелік линейкаларда жас ұландар бір-бірімен және ересектермен салют беріп амандасады.
Жас ұландармен жүргізілетін жұмыс мазмұны және ойындарды өткізу формалары: «Алау» әскери-спорттық ойыны жас ұландармен жұмыстар мазмұнына енеді:
Идеялық саяси жұмыс;
Жас ұландарды жалпы даярлау;
Жас ұландар мамандықтар бойынша даярлау;
Жергілікті жердегі ойындар.
Идеялық саяси жұмыс.
Әрбір жас ұландардың салтанатты уәдесінорындауына ықпал етуі, келесі тапсырмаларды жүзеге асыруға бағыттауы тиіс:
Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштер жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін оқып зеттеу – нақты патриоттық сезімдермен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Отан Қазақстан Республикасы ел таңбасы, ән ұраны және байрағы ұғымдарын қалыптастыру;
Әскери іске, азаматтық қорғанысқа, Қарулы Күштерге қызмет етуге ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру және дамыту. Әскери техника, қару жарақ және әскери мамандықтармен, Қарулы Күштер түрлерімен таныстыру. Отанды қорғау, қазақстандық жауынгер, әскери ант, жауынгерлік ордендермен медальдар, түсінігін ашу және ұғындыру.
Идеялық саяси жұмыстың маңызды бағыты – құрамды бөлігі «Алау» ойыны болып табылатын Қазақстандық халықтың жауынгерлік және еңбек даңқы бойынша шеру жасау. Шерудегі жас ұландар қатысуының негізгі формалары төмендегідей болып табылады:
Ұлы Отан соғысы және азаматтық соғыс батырлары, бүгінгі таңда өндіріс үздіктері өмірінен фактілерді, қызықты құжаттарды іздеу;
«Қазақстан Республикасы менің Отаным» экспидициясына қатысу. Туған өлкенің жауынгерлік және еңбек дәстүрлері, тарихымен, ірі құрылыстармен танысу. Өндіріс және ауыл шаруашылық үздіктерімен мамандармен кездесу өткізу;
Қарулы Күштер, әскери бөлімшелер, кемелердің жауынгерлік жолдары, азаматтық қорғаныс, оның жауынгерлік дәстүрлерінің дамуы, Ұлы Отан соғысының қатысушыларының ерліктері және өмірлік жолдарының тарихтарын оқып зерттеу;
Тимуршылар жұмысы; соғыс мүгедектері, партизандар, қайтыс болған жауынгерлер жанұяларына үнемі назар аударып қамқорлыққа алу, ескерткіштерге құрмет қарауылын орнату, олардың жанында патриоттық іс шараларды өткізу;
Әскери бөлімшелер мен кемелерге бару, жауынгерлік техника, жауынгерлер тұрмыс тіршілігімен танысу;
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен мектеп түлектерімен хат алмасу;
Соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру. Әскери және патриоттық тақырыптардағы кітаптарды оқу және талқылау. Кештер, тақырыптық викториналар ерлік сабақтарын өткізу;
Басқа республикалар, бауырлас елдер оқушыларымен хат алмасу. Интернационалдық достық клубтарын құруға және жұмыстарына қатысу.
Жас ұландардың жалпы даярлығы.
Сап даярлығы.
V-VI сыныптары: екі-үш және бір саптық – сап, бір саптан үш сапқа тұру, бір орында бұрылыс жасау, оңға, солға, айнала, саптық қадаммен қозғалу, жүріп бара жатып сөйлеу және әндерді орындау, саптағы дабылшының, горнистың, жалау ұстаушының әрекеттері және белгілерді орындау.
VII-VIII сыныптар: қосымша - отряд құрамында тұрып оңға, солға, айнала қозғалыстарында бұрылыс жасау.
Атқыштар даярлығы:
V-VI сыныптары: пневматикалық винтовкадан жас атқыш нормативін орындау.
VII-VIII сыныптар: аз калибрлі винтовкадан мерген атқыш нормативін орындау.
Азаматтық қорғаныс.
V-VI сыныптар: мақта, марлелік таңғыштарды даярлау, азаматтық қорғаныс белгілері бойынша әрекет ету, жеңіліс кезінде өзара көмек және өзіне көмек көрсету, противогазда отыз минут тұру.
VII-VIII сыныптар: қосымша
Жалпы жауынгерлерлік қорғаныс комплекстілерін кию. Химиялық бүлінген аумақтан өту. Күйіп қалған адамға противогаз кигізу; алғашқы медициналық көмек көрсету; бөлшекті дегазация, дезактивизацияны жүргізу.
Туристік даярлық.
V-VI сыныптар: 5-6км туристік дағдыларды тексеру мақсатында туристік шеру жасау. «Жас турист» төсбелгісіне нормалармен талаптарды орындау.
VII-VIII сыныптар: палаткаларды құру және қайтып жинау, рюкзакты қатпарлау, бөрене үстімен асу, арқан көмегімен биік құздарға шығу және төмен түсу, зардап шегушіні 50м-ге дейінгі арақашықтыққа тасымалдау.
12-16 шақырымға шеру жасау. Спорттық разряд және норма талаптарын орындау.
Дене даярлығы.
«Еңбекке және қорғанысқа даярмын» дене мәдениеті комплексінің нормалары мен талаптарын әрбір жас ұланның тапсыруға және даярлануға қатысуы.
V-VI сыныптар – І саты «Батылдар мен ептілер»
VII-VIII сыныптар – ІІ сапты «Спорттық ауысым». Барлық жасұландар спорттық күнтізбеге сәйкес таңдаулары бойынша дружиндер(отрядтар) спорттық жарыстарына қатысады.
Отряд командирі.
Сапты басқа білуі, отрядты шеру колоннасына тізбектік және керісінше қайта сапқа тұрғыза білуі, жергілікке бағдар жасай білуі, карта бетінен шартты белгілерді анықтап және картадағы арақашықтықты өлшегіш және сызғыш көмегімен өлшеу білуі тиіс. Берілген азимут бойынша қозғалып, көздеген жерге дейінгі арақашықтықты өлшей білу тиіс. Толық емес арнайы өңдеуді дұрыс жүргізе білуі, залалданған аймақтан өте ережелермен білуі, жас ұландар мамандықтары бойынша және жалпы даярлықпен қарастырылған әртүрлі тәсілдер және жаттығуларды орындай әрі жақсы таныс болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |