1. Мектептің тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде сынып жетекшісі қызметін тағайындау қажеттілігі қандай?


Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?



бет2/5
Дата11.02.2022
өлшемі24,77 Kb.
#131524
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 СРО

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.


4.Сынып жетекшісі туралы ережелер қай жылдары бекітілді және олардың бір-бірінен ерекшелігі қандай?
Сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемсн бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітідді.

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 12 қаңтардағы
№ 18 бұйрығымен бекітілген

сынып жетекшілігі туралы ереже


1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже сыныптағы білім алушылардың оқу-тәрбие процесі шеңберіндегі қызметін үйлестіру бойынша педагогке (бұдан әрі - сынып жетекшісі) жүктелген функцияларды айқындайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.04.2020 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Сынып жетекшісі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарына және білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.


4. Сынып жетекшісінің қызметі – білім беру ұйымының жарғысы, білім алушыларға білім берудің өзекті міндеттері, жаңартылған мазмұны, әдіснамасы, сондай-ақ тәрбие нысандары ескерілген тұлғалық бағдарлы тәсіл негізінде құрылған мақсатқа сай бағытталған, жүйелі, жоспарланған процесс.
5. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын ұйымдастыру саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеріп, жоғары өнегелілік қасиеттерге ие бола, білім алушыларды жігерлендіріп, оларға қолдау көрсетіп және биік адами мұраттарға бағыттайды.
Сынып жетекшісіне тағайындауға кандидатураларды іріктеуді білім беру ұйымының әкімшілігі жүзеге асырады, кейін басшының бұйрығымен бекітіледі.
6. Сынып жетекшісі қызметіне бақылауды жалпы орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
7. Білім беру процесінің қатысушылары білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері, білім беру ұйымдарындағы жұмыскерлер (мектептің медициналық қызметкерлері, психологтар, логопедтер), білім алушылар, олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері болып табылады.

5.Соңғы жылдары сынып жетекшісі қызметінің жаңа түрлері және оның пайда болу себебі не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет