26. Саясаттануғылым және оқу пәні ретінде, объектісі, парадигмалары. Саясаттану сөзі - политологиягректің политика және логос деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағына береді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі адамзат қоғамында саясат негізгі роль атқарады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ерте заманнан бері түсініп-біліп келеді. Ерте заманда саясат болмаған. Мысалы Мысырда, Вавилонда, Үндістанда сол кездегі мифтарға сүйенсек басқарушының билік көзі тек құдай болған, яғни жер бетіндегі істердің барлығын құдай тындырып отырған. Кейінірек адамзаттың іс- тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері пайда болды. Бұдан келіп саясат теориялары пайда болды. Саясаттанудың негізін салушы деп Аристотельді айтады. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытқан. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында жеке пән ретінде дамыды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор роль атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда саясаттану пәні АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғарғы оқу орындарына жеке пән ретінде оқытылады.
27. Саясаттану заңдары, категориялары (ұғымдары) және әдістері, қызметтері. Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады.1.Саяси-экономикалық заңдар. 2.Әлеуметтік заңдар. 3.Саяси психологиялык, заңдар. Саясаттанудың негізгі категорияларының бірі -билік. Осыған байланысты саяси биліктің дәстүрлі теорияларын зерттейді. Оларға: монархия, аристократия, автократия, авторитаризм, деспотизм, охлократия, плутократия, тирания, тоталитаризм, этатизм, элитаризм, бюрократия, олигархия (финанс билігі), теократия, технократия т.б. жатады. Саясаттану саяси ілімдердің утопиялық, діни, ғылыми түрлерін зерттейді. Саясаттану заңдарының қызметі: Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция;Танымдық функция;Практикалық функция;Конвенционалдық функция.