2. Қазақстанның 2050 даму стратегиясы. 2012 жылдың желтоқсанында мемлекет басшысының ел халқына жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты-мықты мемлекеттің дамыған экономикасының және жалпыға ортақ еңбектің негізінде біркелкі қоғам құру. Қазақстанның ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: 1.Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм; 2.Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; 3.Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; 4.Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; 5.Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; 6.Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 7.Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
3. Азаматтық қоғам ұғымы, белгілері, жүзеге асу принциптері.Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық қоғамның белгілері: 1.адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі; 2.өзін-өзі басқару; 3.оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі; 4.еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм; 5. жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы; 6.өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады); 7.экономиканың көпжақтылығы; 8.биліктің заңды және демократиялық сипаты; 9.кұқықтық мемлекет.