1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі


Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер (Дж. Локк, Т. Гоббс, Ш. Монтескье, К. Маркс)



бет4/28
Дата19.12.2022
өлшемі60,67 Kb.
#163272
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
саясат сессия

5. Жаңа замандағы саяси ой-пікірлер (Дж. Локк, Т. Гоббс, Ш. Монтескье, К. Маркс). Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі, француздың ағартушы ғалымы – Шарль Луи Монтескье (1689– 1755 жж.). Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қалдырған ғұлама, ғалым. Ш.Л. Монтескье «Заңдар рухы» еңбегінде екі мәселеге ерекше назар аударады, біріншісі «Заңдар рухы» болса, екіншісі «Басқару образы». Ол одан әрі осы еңбегінде «Көптеген заттар адамдар өміріне тікелей әсер етеді: соның ішінде климат, дін, заңдар, мемлекетті басқару қағидаттары, өткен тарих, әдет-ғұрыптар, осының барлығы жинала келіп сол халықтың рухын айқындайды» деп есептейді. Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы – Томас Гоббс (1588–1679 жж.). Ол өз ой-тұжырымдарын «Левиафан немесе материя, форма және мемлекет билігі» деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жоғарғы билік пен ізгілікті мемлекет оның еңбегіндегі басты идея. Ол Англиядағы монархиялық билікті барынша арашалап алуға тырысты, бірақ, соған қарамастан биліктің құдайдан екенін жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол монархиялық биліктің қайнар көзі – қоғамдық келісімде жатыр деп түсіндірді.
6. Сыртқы саясат ұғымы, мақсаты, жүзеге асу формалары, әдістері, құралдары. Сыртқы саясат - халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал - екі жақты немесе көпжақты келісімдермен келіссөздер. Сыртқы саясаттың басты мақсаты барлық уақытта да мемлекет өзінің ішкі саясатының мақсаттары мен міндеттерін толыққанды жүзеге асыру үшін қолайлы халықаралық жағдай жасауы болып табылады.Түптеп келгенде,сыртқы саясат пен ішкі саясат ортақ бір міндет атқарады,яғни, мемлекеттегі қоғамдық қатынастар жүйесін сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді. Кез келген мемлекеттің сырқы саяси қызметі бәрінен бұрын осы қоғамдастықтың ұлттық мүдделерін оның басқа жекелеген мемлекеттерімен қарым қатынастары барыснда қамтамасыз етуге бағытталады.сыртқы саясат арқылы жүзеге асырылатын басы ұлттық мүдделер қатарына мемлекет егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоғамның әрі оның барлық азаматтарының жан-жақты прогресі үшін сыртқы жағдайлар жасауды,халықтың өзге халықтармен және мемлекеттермен өзара тиім-ді экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын жолға қоюды,т.б. жатқызуға болады.Сонымен,сыртқы саясат – мемлекеттің сырт жердегі басқа субъектілермен: жекелеген мемлекеттер-мен , шетелдік партиялармен, басқа қоғамдық ұйымдармен, т.б. қарым-қатынастарын реттейтін қызмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет