1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі


XIX ғ. Батыс еуропадағы саяси ой-пікірлер



бет9/28
Дата19.12.2022
өлшемі60,67 Kb.
#163272
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
саясат сессия

12. XIX ғ. Батыс еуропадағы саяси ой-пікірлер. XVIII - ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды. Оған Ұлы Француз революциясынан кейінгі онеркәсіп төңкерісі себеп болды. Капиталистік қатынастар дамып, буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты. Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа, прогреске, заңдылықтың болуына ұмтылды. Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды. Олардың идеологтары Б.Констан, И.Бентам т.б. болды. Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркіндігін, дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркіндік, мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді. Бұл кезеңдегі либерализмге буржуазияның дамудағы революция мен радикализмнен гөрі байыпты дамитын эволюциялық жолға түсуі байқалды. Оның көрнекті өкілі француз Бенамен Констан (1767-1830 жж.) болды. Ол буржуазияның құқы мен бостандығын қорғап, либералдық саяси тәртіпті жақтады. Сондай-ақ, ол революциялық демократтардың идеологиясын оның ішінде Ж. Руссоның халыққа егемендік беру керек деген теориясына қарсы шығып соны сынады. Ол жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мәселеге де назар аударып, оны либерализм тұрғысынан шешуге тырысады. Халықтардың бостандықтарының ірге тасы олардың жеке құқы, саяси еркіндігі деп біледі. Азаматтық бостандықты мойындамайтын билік тиранға айналып өзінің негізін жояды дейді. Бұдан шығатын қорытынды мынау: саяси билік монархтың ба, әлде халықтың ба қолында болса да бәрібір шексіз болмауы тиіс. Оны болдырмайтын шекара болып жеке тұлғаның құқы есептеледі. Өкіметтің қызмет бабын асыра пайдалануына қарсы күш біріншіден, парламентте шоғырландырылған қоғамдық пікірдің күші болса, екіншіден, билікті бөліп басқаратын, олардың теңдігін қамтамасыз ету деп біледі.
13-билет. Саяси биліктің субъектілері, легитимділігі. Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.Саяси билік принциптері - легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. «Легитимдiлiк» терминi aлғашында XIX ғасырдың басында Францияда пайда болды. Ал «билiктiң легитимдiлiгi» (заңдылығы) туралы ұғымды ғылымдa aлғаш рет нeмic әлеуметтанушы әрі саясаттaнушысы Макс Вебер енгiздi. Қазiрде саясаттaну ғылымы бұл терминсiз aлғa баса алмaйды.Легитимдiлiк ұғымы және бұдан туындайтын легитимация (заңды деп тану) деген сөз өзiнің бастамасын латынның (заңды және зaңдылығы негiздеу) деген сөзiнен алған. Бұл сөздiң түбiрiмен бaйланысты легальділік-ресмилілік (aшық) және легализация деген күнделiктi өмipдe жиi қолданылатын ұғымдардың бiршама басқаша мағынасы бар. Егер, тек саяси мекемелер мен ұйымдаp ғaнa емес, сонымен бiрге басқа да мекемелер мен ұйымдаp өздерiнiң заңды түрде жұмыс жасау құқығынa ие болyға тиістi бола тұрып, мұндай құқыққа ие болмаса, онда олар ашық-легальдық емес түрде жұмыс жасауына мәжбүр болады.
14. Әлемдік саясат, сыртқы саясат. Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалып- тасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық қатынастарСыртқы саясаттың басты мақсаты барлық уақытта да мемлекет өзінің ішкі саясатының мақсаттары мен міндеттерін толыққанды жүзеге асыруы үшін қолайлы халықаралық жағдай жасауы болып табылады.Түптеп келгенде, сыртқы саясат пен ішкі саясат ортақ бір міндетті атқарады, яғни, мемлекеттегі қоғамдық қатынастар жүйесін сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді.Кез келген мемлекеттің сыртқы саяси қызметі бәрінен бұрын осы қоғамдастықтың ұлттық мүдделерін оның басқа жекелеген мемлекеттермен қарым-қатынастары барысында қамтамасыз етуге бағытталады. Сыртқы саясат арқылы жүзеге асырылатын басты ұлттық мүдделер қатарына мемлекет егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоғамның әрі оның барлық азаматтарының жан-жақты прогресі үшін сыртқы жағдайлар жасауды, халықтың өзге халықтармен және мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын жолға қоюды, т.б. жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет