Ж. Б. Абылхожин (Негізгі бөлім)



бет1/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,29 Mb.
#32643
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті
Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

УДК 930.221

№ мем. тіркеу 0115РК01054
БЕКІТЕМІН

Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ директоры,

тарих ғылымының докторы, профессор

_____________________ Х.М. Әбжанов

«_____» ____________________ 2016 ж.


«ХАЛЫҚ ЖАДЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТЫҚ ХРОНИКАЛАР: ПӘНАРАЛЫҚ СИНТЕЗ ӘДІСТЕРІМЕН ДЕРЕКТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ (КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРІЛГЕН ТАЛДАУ ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ҚҰРУ)»



атты «Елдің интеллектуалды әлеуеті» бағытындағы гранттық қаржыландырылатын

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

(аралық)
ЕСЕБІ

Жоба жетекшісі: ________________ Г.С. ЖҮГЕНБАЕВА



т. ғ. д., доцент





Алматы 2016




ОРЫНДАУШЫЛАР ТІЗІМІ






ЖЕТЕКШІ:

т.ғ.д.


____________


Г.С. Жүгенбаева

(Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)


ОРЫНДАУШЫЛАР:







Басбғылымибқызметкер,

т.ғ.д., профессор


____________



Ж.Б. Абылхожин

(Негізгі бөлім)


Басбғылымибқызметкер,

т.ғ.д.

____________

А.У. Тоқтабай


Кіші ғылыми қызметкер,

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ докторанты


____________



(Негізгі бөлім)
Н.Н. Құрманалина

(Негізгі бөлім)












Ғылыми қызметкер,

магистр

____________

Б.Б. Бұрханов

(Негізгі бөлім)


Кіші ғылыми қызметкер


____________


З.Б. Байжұманова

(Негізгі бөлім)

Кіші ғылыми қызметкер,

магистр


____________


А.Н. Қоңқабаева

(Негізгі бөлім)


РЕФЕРАТ
Есеп көлемі: 90 бет, 57 деректер



Ұйытқы сөздер: ТАРИХИ ЖАД, ҚАЗАҚСТАН, ХVІІІ-ХІХ ҒҒ., ТОТАЛИТАРИЗМ, КЕҢЕСТІК МОДЕРНИЗАЦИЯ, ТӘУЕЛСІЗДІК, ШЕТЕЛДІК ҚАЗАҚСТАН ТАНУ, ЭЛЕКТРОНДЫ МҰРАҒАТ, ПӘНАРАЛЫҚ ТАЛДАУ.

Зерттеу нысаны: Ауызша тарих материалдары, жеке адамдық құжаттық деректемелер, мұрағаттық құжаттар

Зерттеу мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша бірегей транслятор және ретроспективті ақпарат консерваторы ретінде тарихи жадыны жүйелеу және тану.

Зерттеу әдістері: Жобаны жүзеге асыруда келесі әдістер қолданылатын болады: тарихнамалық әдіс, ғылыми эвристика, герменевтика, синтез және анализ, тарихи компаративистика. Осылармен қатар тарихи талдау үшін аралас және сонымен қатар дәл ғылымдардың әдістері мен технологиялары: саясаттану, әлеуметтану әдістері (далалық экспедиция тәсілдері, контент-анализ, сұхбат және т.б.), экономикалық-метематикалық моделдеу, талдаудың статистикалық әдістері, квалиметрия және т.б. әдістер де қолданылатын болады. Тарихи зерттеудің заманауи методологиясының негізгі компоненті ретінде пәнаралық синтез шығады.

Ғылыми нәтижелер: барлық жарияланым көлемі - 46, монографиялар – 1, мақалалар - 10, шетел рейтингтік журналдарындағы жарияланымдар - 2, ғылыми іс шараларға (конференциялар, форумдар, дөңгелек үстел және т.б.) қатынасу - 21, БАҚ-да берілген сұхбаттар - 12.

Ендіру дәрежесі – зерттеу нәтижелері ғылыми басылымдарда, халықаралық және республикалық деңгейде өткен ғылыми конференциялардағы баяндамаларда көрініс тапты.
РЕФЕРАТ
Объем отчета: 90 страниц, 57 источников.

Ключевые слова: ИСТОРИЧЕСКАЯ ПАМЯТЬ, КАЗАХСТАН, XVIII-XIX ВВ., ТОТАЛИТАРИЗМ, СОВЕТСКАЯ МОДЕНИЗАЦИЯ, НЕЗАВИСИМОСТЬ, ЗАРУБЕЖНАЯ КАЗАХСТАНИКА, ЭЛЕКТРОННЫЙ АРХИВ, МЕЖДИСЦИПЛИНАРНЫЙ АНАЛИЗ.

Объект исследования: Материалы устной истории, источники личного происхождения, архивные источники

Цель исследования: систематизировать и изучить историческую память как уникальный транслятор и консерватор ретроспективной информации по истории Казахстана.

Методы исследования: При реализации Проекта будут использованы следующие методы: историографический метод, научная эвристика, герменевтика, синтез и анализ, историческая компаративистика. Наряду с этим, использованы будут для исторического анализа методы и технологии смежных, а также точных наук: методы политологии, социологии (приемы полевых исследований, контент-анализ, метод интервью и др.), приемы и методики экономико-математического моделирования, статистические методы анализа, методы квалиметрии и др. Ключевой компонентой современной методологии исторического исследования выступит междисциплинарный синтез.

Научные результаты: Всего публикаций - 46, 1 монография, 10 научных статей, 2 публикации в зарубежных рейтинговых журналах, 21 выступлений в научных мероприятиях (конференции, форумы, круглые столы и т.д. ), 12 выступлений в СМИ.

Степень внедрения – результаты нашли отражение в научных публикациях и учебных пособиях, в докладах на конференциях международного и республиканского уровней.
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ................................................................................................................................6

8

НЕГІЗГІ БӨЛІМ..................................................................................................................12




ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................................68




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ.......................................................................75




ҚОСЫМША..........................................................................................................................78




А Монографиялар.................................................................................................................78

Ә Жарияланымдар ...............................................................................................................79

Б Конференциялар мен дөңгелек үстелде қойылған баяндамалар ................................81

В БАҚ-да берілген сұхбаттар .............................................................................................84

Г Сертификаттар, куәліктер мен дипломдар ....................................................................85

Ғ Пікір мен сын пікір, кадрлар дайындау, құрастырушы және редакторлық жұмыстар...............................................................................................................................87






Д Күнтізбелік жоспар 2016 ж. ............................................................................................88
КІРІСПЕ
№ 1896/ГФ4 «Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)» ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру тақырыбына есеп.

«Халық жадындағы құжаттық хроникалар: пәнаралық синтез әдістерімен деректанулық зерттеу (компьютерлендірілген талдау және мәліметтер базасын құру)» мемлекеттік бағдарламасы бойынша есеп.



Таңдаудың негіздемесі мен зерттеулердің бағыттары: Әлеуметтік және гуманитарлық пәндердің дамуында адамзат тұлғасына бет бұру жаңа әлеуметтік-мәдени қажеттіліктермен, сонымен қатар біздің мемлекетіміздің өз азаматтары алдындағы гуманистік парыздарымен де сәйкес келеді. Тарихи жадыны сақтау және жалпы тарихи білімді қалыптастыру Қазақстан халықтарының конфессияаралық және мәдени сұхбат бірлігінің қазақстандық диалогының өзінше бір көрінісі болып табылады. Ауызша тарих – кеңестік тоталитарлық жүйенің көзі тірі куәгерлерінің тарихи естеліктері ретінде ғылыми айналымға кеңінен енгізілуі қажет. Кеңестік режим Қазақстанды бірнеше ұлттардың отанына айналдырды. Қазақ халқы да түрлі мемлекеттерге ауа көшуге мәжбүр болды. Депортацияланған халықтар мен репатрианттар тарихын зерттеуді жаңа дерек түрлерімен толықтыру аса маңызды және өзекті мәселе болып табылады.

Ғылыми жаңалығының негізделуі XX ғасыр дәстүрлі эпистолярлық материалдардың маңыздылығының кемуіне алып келді, заманхат шығармашылығының баяулауын туғызды. ХХ ғ. 1-ші жартысындағы әлеуметтік және соғыс бейнеттері жазба құжаттардың едәуір бөлігін жойып жіберді, саяси жүйе адамдардың жазба құжаттарға сеніп, өз көзқарастары мен ойларын бөлісуге мүмкіндік туғызбады. «Ұлы адамдардың сөздерінің тарихы осы қоғамның барлық мүшелеріне тән жасырын ой құрылымдарының тарихымен ығыстырылғаны» туралы пікір дұрыс боп тұр.

Өзін имманентті «аңыздық» ауызша тарихи деректерден шектей отырып, тарих ғылымы өз зерттеулерін құжаттармен ғана толықтырды. Кеңес дәуірінің тарихшылары айтарлықтай дәрежеде ресми сипаттағы деректермен бетпе-бет қалған. Бейресми деректер, әдеттегіше, жұтаң және объективті емес еді.

Отандық тарихты жан-жақты зерттеудің қажеттілігі мен деректердің ахуалы арасындағы қарама-қайшылықтардан шығу жолы ауызша тарих әдістерімен сәйкес құжаттық материалдарды жасаудан табылуы мүмкін.

Белгілі болып отырғандай, әр дәуір жадта өзінің ерекше ізін қалдырады. Жад – бұл өткеннің образы, ол туралы білім бүгінде де бар. Жад – бұл адам өмірінің қанық көрінісі. Жадсыз әлеуметтік өмір адамның өзіне тән сипатын көрсете алмас еді. Ерекше қатынаста жадпен бірге тарих – мамандардың өткенді зерделеуі.

Тарих – кәсіби зерттеу, өткенді зерттеудегі нақты ережелер жиынтығы бар ғылым. Тарихтың міндеті – құжаттық деректерді жүйелі түрде зерттеу. Кәсіби тарихшылардың өткеннің тарихи маңызды құбылыстарына ерекше назар аударуы кәсіби тарих ғылымын әлеуметтік жад алдында көтеріп тастады, соның нәтижесі халық жадының аңызға жатқызылуына алып келді. Сондықтан да мәселе әділетсіз түрде бірталай тарихшы буындардың жұмысында ұмыт қалып, мән берілмеген «жаңа» тарихи деректі жасау және қолдану туралы болып отыр. Өзінің табиғи сипатына қарай ол тарихи сананы қалыптастырудың айқын көрсеткіші, өзара қоғамдық келісім мен әр тұлғаның жеке жауапкершілігін реттейді, мұның өзі біздің жас республикамыздың мемлекеттік саясат негізінде азаматтық қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді.

Алайда қазіргі адам қоғам үшін көргенін және білгенін сақтап қалуға тырыспайды, бұл болжамдық ақпарат дерегі ретінде әлеуметтік жад феноменін талдауға, ұлттық және мемлекеттік ерекшеліктің қалыптасуының ішкі механизмін ашуға және түсінуге практикалық тұрғыда мүмкіндік бермейді. Мәселе басты оқиғаларды ерекшелеп, олардың көпшілік жадында қалай сақталғанын байқауда емес. Не, қалай, неліктен, не үшін есте қалғанын, еске түсетінін түсіну маңызды. Онымен қоймай қазіргі заман әлеуметтік жадтың әрекеттеу механизмін оқиғалар ретроспекциясы деңгейінде, яғни көзімен көргендер арқылы байқауға болатындығымен бірегей болып саналады. Және бұл өткеніміз бен қазіргіміз туралы ауызша хабарларға – «ауызша тарихқа» назар аударған кезде мүмкін.

Зерттеу тақырыбына қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге шолу және олардың осы Жобамен өзара байланысы.

АҚШ-та ауызша тарих саласында үлкен жұмыстар жүргізілуде [1]. 1948 ж. өзінде Колумбия университетінің профессоры A.Невинсауызша тарих Жобасын ұйымдастырған. Қазіргі күнде АҚШ-та стратегиялық маңызды ақпаратты алудың осы тәсіліне ғылыми ұйымдармен қатар көптеген мемлекеттік және өндіріс орындары жүгінеді [2].

Ауызша тарих жинақтау үрдісі ретінде, әдетте диктофонның көмегімен сұхбат алу, естеліктер, бұрынырақ өткен оқиғаларды сипаттау немесе интерпретациялау әдістерімен анықталуы мүмкін. Ауызша тарих – бұл, түсінік бойынша, аңыздандырылған тарих, тарихшы-зерттеушінің міндеті аңызды шындықтан бөліп алуда ғана емес, сонымен қатар аңыз шығармашылығының анық және жасырын себептерін анықтауда түйінделген. Итальян тарихшысы А. Портелли жад пен факт проблемасы қатынасын талқылай келе тарихи деректер үнемі шынайы болмайтынын байқаған. Адамдардың бастан кешірген оқиғалар туралы жады мен әңгімелері қате фактілік оқиғалар болмаса тіпті ойдан шығарылған тарихты туғызуы мүмкін. Алайда ауызша әңгіменің осы сынды «жалғандығы» оның әлсіздігі емес, күштілігіне жақын, себебі ол факт арқылы оның мағынасына жетелейді [3].

Адам жады – бұл механизм, ол санада өткенде орын алған іс-әрекет үлгісін сақтайды. Ол осы тәжірибенің негізінде қазіргі қоғамдық іс-әрекеттің болмысын туғызады. Адам – қоғамдық үрдістің қатысушысы, әлеуметтік әлемді адам көңіл-күйінің, сенімінің, пікірінің, моральдық нормаларының күрделі құрылымы арқылы қабылдайды. Осы сипаттамалар белгілі бір өмір құндылығы мен іс-әрекет жүйесіне байланысты өзгеріп отырады. Бұл фактор мемлекеттіліктің негізі болып табылады және азаматтық қоғамдағы қоғамдық-құқықтық қатынастардың тұрақтандырушысы ретінде шығады.

Сөзсіз, XX-XXI ғғ. тоғысы бұл әлемдегі ғаламдық қоғамдық катаклизмдер ғана емес. Бұл гуманитарлық білімнің жаңа гносеологиялық парадигмаларының пайда болуы. Бүгінде ғылыми танымның принциптік мәселелері ерекше қатаң жұтаңдаған. Отандық гуманитарлық ғылым жауап іздеу барысында өз тәжірибесін терең қарастыруда және өткенді зерттеудің жаңа алгоритмдерін іздеуде. Тікелей ХХ ғасыр әлемге ғалым-гуманитарлықтардың санасына осындай ұстанымдарды паш етті. Осы қозғалыстағы шешуші бетбұрысты француздардың «Анналдар» мектебі жүзеге асырды: «анналдың» тарихшылары өткенді тұтас ретінде қарап жетуге, тарихты оның бар ауқымымен және жан-жақтылығымен түсінуге ұмтылды. Адамды оның барлық көптүрлілігі мен бар сипатында зерттеу орталық проблемаға айналды. ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басындағы тарих ғылымындағы тарих ғылымындағы радикалды жылжу мазмұнының мәні тарихи антропология атауына ие болған [4-5] .

Қазақстанда осындай зерттеу бірінші рет ұсынылып отыр. Мәселенің жекелеген аспектілері микротарих, тарихи статистика проблемаларын зерттеу шеңберінде қазақстандық ғалымдармен (М. Койгелдиев, Нұртазина Н.Д., Жангуттин Б.О. және т.б.) қарастырылған [6]. Алайда зерттеу жұмысы проблеманың қойылу шекарасымен, ауызша тарихты зерттеудің жекелеген аспектілерін талдаумен шектелді. Жадқа негізделген ауызша тарихи деректемелерді кешенді түрде деректанулық талдаулар жүргізу тиісті деңгейде жүзеге асырылмай келеді.

Жалпы, ауызша тарих Қазақстандағы пәнаралық зерттеулерде салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Ұсынылған проблематика енді-енді ғылыми қызығушылыққа ие болып келеді.

Әлеуметтік сұраныс пен жобаны жүзеге асыруға мүдделілік және оның нәтижесін алу, күтілетін әлеуметтік эффект, қаржыландыруға негіздеу ауызша тарих материалдарын, далалық экспедицияның этномәдени мағлұматтарын, зерттеулерді, халық өнері мен фольклор бойынша материалдарды ғылыми айналымға енгізу, толеранттылықтың, мәдениетаралық сұхбаттың және Қазақстан халқының өткен тарихына ортақ қатыстылық сезімінің нығаюына, оның өткені мен қазіргісі туралы білімнің кеңеюі «жад мәдениетінің» қалыптасуына, отбасымен, қазақстандық әлеуметпен, мемлекетпен, тәуелсіздіктің рәміздері және нышандарымен байланысты құндылыққа бет бұруға бағыттайды.

Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы Зерттеудің өзектілігі. Адам жады – бұл механизм, ол санада өткенде орын алған іс-әрекеттің болмысын сақтайды. Ол осы тәжірибенің негізінде қазіргі іс-әрекет үлгісін, қоғамдық құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Алайда қазіргі адам қоғам үшін көргенін және білгенін сақтап қалуға тырыспайды, бұл болжамдық ақпарат дерегі ретінде әлеуметтік жад феноменін талдауға, ұлттық және мемлекеттік ерекшеліктің қалыптасуының ішкі механизмін ашуға және түсінуге практикалық тұрғыда мүмкіндік бермейді. Отандық тарихты жан-жақты зерттеудің қажеттілігі мен деректердің ахуалы арасындағы қарама-қайшылықтардан шығу жолы ғылыми айналымға зерттеушілердің назарынан тыс қалған деректерді енгізу, оларға деректанулық тәжірибе жүргізу деректік-бағытталған құжаттардың мәліметтер базасын құрудан көрінеді.

Адамзат тұлғасына әлеуметтік және гуманитарлық пәндердің дамуы жағдайында бет бұру жаңа әлеуметтік-мәдени қажеттіліктермен де, сонымен бірге мемлекетіміздің өз азаматтары алдындағы адамгершілік міндеттерімен сәйкес келіп отыр. Тарихи жадты сақтау және ортақ тарихи сананы қалыптастыру қазақстандықтардың түрлі дәуір мәдениеттеріндегі сұхбатының сұранысына, Қазақстан халқының конфессияаралық және мәдениетаралық келісімінің тиімді алаңы ретінде жауап береді. Ауызшатарих – кеңестік тоталитарлық жүйенің көзі тірі куәгерлерінің тарихи естеліктері ретінде ғылыми айналымға кеңінен енгізілуі қажет. Кеңестік режим Қазақстанды бірнеше ұлттардың отанына айналдырды. Қазақ халқы да түрлі мемлекеттерге ауа көшуге мәжбүр болды. Депортацияланған халықтар мен репатрианттар тарихын зерттеуді жаңа дерек түрлерімен толықтыру аса маңызды және өзекті мәселе болып табылады.

Методология ретінде (А.С. Лаппо-Данилевский) феноменологиялық тәсіл қолданылады. Бұл тұжырым қазіргі деректанудыңталаптарына, ХХІ ғасыр зерттеушісінің гуманитарлық санасында қалыптасқан, микротарихты зерттеуде антропологиялық тәсілдердіқолдануға толық жауап береді.

Күтілетін соңғы нәтижелер және оның қолданылуы: 25 б.т. көлеміндегі аннотацияланған есеп; 20 б.т. көлеміндегі ұжымдық монография (қолжазбасы); Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатымен бірлесіп жасалған «Қазақстан тарихы. Халық жадындағы хроникасы» электронды мұрағаты. Методологиялық семинарлар циклін, ғылыми конференцияны өткізу.



Нақтылы тұтынушылар: Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы тарих факультеттері, гуманитарлық саладағы ҒЗИ, мемлекеттік мұрағаттар, профильді министрлік және мемлекеттік мәдениет және білім беру мекемелері.

Жобаның ғылыми және практикалық маңыздылығыауызша тарихтың бірегей материалдар жиынын сақтауда және зерттеуде түйінделеді. Қазақ халқының жадында құжаттық өткеннің пайда болуы мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілу феномені Орталық Азия көшпенділерінің мыңжылдық тарихында жасырулы. Тарихи жадты Дж. Рюде анықтамасы [7] бойынша «тарихтағы тобыр» әрекетінің латентті механизмі ретінде зерттеудің ұлттық және халықаралық дәрежедегі маңызын көрсетеді.

Жобаның мақсаты мен міндеттері. Мақсат – Қазақстан тарихы бойынша бірегей транслятор және ретроспективті ақпарат консерваторы ретінде тарихи жадыны жүйелеу және тану.

Міндеттер: жинақтау, археографиялық өңдеу, тарихи ақпарат халық жадының трансляторы ретінде компьютерлендірілген талдау және ғылыми зерттеу, «мұрагерлікті» сақтау және әйгілеу механизмі.

Жад өткенді жеке қабылдау арқылы түсінуге аса икемделген. Тарихшы зерттеушінің міндеті субъективті көзқарасты объективті шындықтан ажыратуда ғана емес, сонымен қатар жеке және ұжымдық субъективті пікірдің жасырын себептерін анықтауда болып табылады.

«Қазақстан – 2050» стратегиясын [8] жүзеге асыру барысындағы мемлекеттік міндеттерді құруда Отан тарихын сақтау және зерттеу проблемасын кешенді түрде шешу стратегиялық өзекті шешім үшін қызмет етеді, қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік маңыздылығын тану, оның қазақ мемлекеттілігінің болашағы алдындағы жауапкершілігі арқылы билік пен қоғам арасында сенімді серіктестік қатынас орнату.

Осы ғылыми міндеттерді жүзеге асыру келесі кезеңдік міндеттердің шішімін табуды көздейді:

– Анықталған эмпирикалық материалдарды жүйелендіру және заманауи ақпараттық технологияларды (компьютер және Интернет-технологияларын ақпараттарды жинау және таратудың тиімді құралдары ретінде) қолдану арқылы мәліметтер базасын құру;

– Методикалық регламентті анықталғаны бойынша зерттеу, тарихи материалдарды археографиялық өңдеу және ғылыми игеру, бұқаралық ақпарат бойынша инновациялық құралдарды зерттеу жұмысы.

ҒЗЖ орындау барысындағы кезеңнің зерттеу орыны. Бұл кезең ҒЗЖ бойынша жоспар бойынша орындау жұмыстары негізгі болып табылады, Қазақстан тарихы бойынша анықталған эмпирикалық мәліметтің талдау мен ғылыми қорытындыны қосады, тарихнамалық талдаудың мәселелерін өзіндік қамтамасыз етеді, ғылыми нөтижелерді жариялау арқылы пәнаралық синтезінің әдістемесін дәлелдеу, бірқатар ғылыми-практикалық шараларды өткізу, тарихи сана сезімін қалыптастырудың нәтижелі көрсеткіші ретінде ғылым дамуының негізгі зерттеулеріне белсене үлес қосу болып табылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тәуелсіз ел тұрғысында қазақ халқының өз тарихына барынша объективтілікпен, табиғи шынайылықпен, заманауи ғылыми танымның мүддесінде қайрылуы жүзеге аса бастады. Қазақ халқының тарихи өткеніне қатысты тарихи деректерді анықтау, оларды сұрыптау, сараптау, деректемелік талдау жүргізіп, ең соңында тарихымызды зерттеуге қатыстыру отандық деректанушылардан салмақты ізденістерді талап етеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2014 ж. халыққа Жолдауындағы «Мәңгілік ел» идеясының [8] ұлттық тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық мемлекеттіліктің тарихи негізін тереңдетуге маңызын зерделеу үшін де, ұлттық деректемелік кешеннің бірегей қорын қалыптастыру аса көкейкесті мәселе болып табылады. Өткеннің бірден-бір айғақты куәсіне айналатын тарихи деректердің сан алуан ақпараттық мүмкіндігін сарқа пайдалану ыждағатты ізденістермен ғана жүзеге асады.

Халықтың тарихи жадында сақталған өткен туралы мәліметтерді жинау, оларды тарихи деректемелік қорға енгізу, жүйелеу, сөйтіп, ұлттық деректер қоры кешенін орнықтыру аса маңызды бағыттардың қатарында.Бұрынғы тарихнамадан қалған енші Қазақстан тарихынсырт, шет елдік дереккөздері (еуропалық, қытай, араб, парсы, орыс деректері) арқылы танып-білу және негізінен биліктің орыс тілді құжатнамасы арқылы тарихи деректер тізбесін қалыптастыру өз мәнісін қай жағынан да жоғалтып үлгерді. Бұл тікелей осы сұрақтың теориялық-методологиялық мәселелерін айқындауға да және қолданбалық міндеттерді шешуге де жайсыздық танытады.

Осы орайда аталмыш жобаның алдына қойған мақсатының бастысы қазақ халқының өз жадында сақталған өткен тарихы туралы естеліктерді, ауызша тарих түрлерін барлық шамасымен, сақталу формалары мен түрлерінің әрқилылығына қарамастан жинап, жүйелеп, деректанулық сын әдістерімен талдау жасап, ғылыми айналымға енгізу болатын.Халық жадының құжаттық хроникаларын тарихи дерекке айналдырудың негізін дамыту оны қазақстандық тарихнамадағы дербес деректанулық бағытқа айналдыру.

Тікелей оның нақтылы көрінісі ретінде осы жұмыс жобасы қолға алынғаны белгілі. Соның нәтижесінде Қазақстан тарихының беймәлім немесе тасада қалған тұстарын толықтыру, түгендеу, қазақ халқының тарихи зердесін жаңғырту, дамыту ісі қозғалуда.Бұл істі жүзеге асырудың табысты жолдары ел арасына барып, аймақ-аймақтарға барып, естеліктер жинау екені сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет