17. ҚР-ғы мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару. Мемлекеттік биліктің түсініктемесі және мәні. Мемлекеттік басқару – мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары. Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. Олардың жалпы сипаттамасы.
18. XIXғ. қазақ ағартушыларының (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев) саяси көзқарастары. Қазақ халқының өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылған. Нақты өмірден бастау алатын қазақтың философиялық көзқарастары қоғам мен табиғат туралы пікірлерге толы. Міне, осы қоғамдық қатынастар турасындағы кейбір тұжырымдамалар кеңес берушілік сипатқа ие. Ал кеңес берудің астарында саяси консалтинг технологияларын қолдану элементтері жатыр. Жалпы консалтинг (ағыл. consulting) ұғымының аудармасы кеңес беру дегенді білдіреді. Бұл кез келген құбылыстың ұйымдастырушылық дамуы мен басқару салаларының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған интеллектуалды шара. Аталмыш шараның түп қазығы тереңде жатыр. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ең алғашқы кеңесші қызметін өз шығармалары арқылы танымал Қытай философы Конфуций атқарған. Ежелгі дүниедегі саяси кеңес беруде философтар, шешендер мен абыздардың рөлі ерекше болды. Сондықтан Қазақстандағы саяси консалтинг нарығының қайнар көзін ертедегі билер немесе ақсақалдар кеңесінен бастау алатынына толықтай сенімдіміз. Сонымен қатар, өз заманының ойшылдары, ағартушы ғалымдардың шығармалары халықтың әлеуметтік-саяси көзқарастарын қалыптастыруға мол үлесін қосты. Саяси ғылымдарының докторы Ә. Бәкір республикалық «Алтын орда» газетіне берген бір сұхбатында: «Қоғамның әртүрлі сатысында жарнама әртүрлі рөл атқарған. Нарыққа дейін қазақ жарнаманың не екенін білмеді деуге болмайды.