19. Саяси мәдениет түсінігі және атқаратын қызыметі. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. . Саяси мәдениеттің қызметтері: 1.танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды; 2.аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін;3.саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.3. саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді;4.қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады;5.қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.