23. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты. Азақстан Республикасындағы саяси модернизация. Саяси даму.Қазiргi саясаттану ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпытаныған анықтамасы жоқ. Көбiнесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады: экономикалық дамудың алғышарты; өндiрiстiк қоғамға тән саясат; саяси модернизациялау; ұлттық-мемлекеттi басқару; әкiмшiлiк және құқықтық даму; жаппай жұмылдыру және қатысу; демократиялық қоғамды құру; өзгерiстер сабақтастығы мен тұрақтылығы; әлеуметтiк өзгерiстердiң көпжақты процесiнiң бiр аспектiсi. Саяси iлiмдер тарихында саяси дамудың әр түрлi концепциялары қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкiлдерi,саяси дамудың өлшемi ретiнде адам құқығының жоғарылығын, мемлекеттiң азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар, саяси дамудың негiзгi құндылықтары ретiнде саяси iс-әрекеттегi моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билiктi ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейдi.
24. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.