1-мәтін Қарлығаш әулие Ел ауған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»



бет2/5
Дата20.12.2021
өлшемі41,89 Kb.
#104233
1   2   3   4   5
Байланысты:
PIRLS Ешенкулова И.

Жоңғар қолбасшысы

  • Төле би




    1. Оқиға қай кезеңді қамтиды?

    1. Ұлы Отан соғысы кезі

    2. Тәуелсіздік алған кез

    3. Барлық жауап дұрыс

    4. Дұрыс жауап жоқ

    5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезі






    2-мәтін

    Күй құдіреті

    Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған домбырасымен күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда әлгілер қамығып жылай бастайды. Және бір күй тартқан сәтте бәрі маужырап ұйықтап қалыпты. «Бұл күйлерді тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп Фараби хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмір оны қанша іздесе де таба алмапты.



    1. Шығарма қай жанрда жазылған?

    1. Ертегі

    2. Аңыз әңгіме

    3. Шешендік сөз

    4. Поэзия

    5. Дұрыс жауап жоқ




    1. Фарабиді бұл аңызда қандай адам етіп көрсеткен?

    1. Күйші

    2. Жыршы

    3. Ғалым

    4. Математик

    5. Әдебиеттанушы




    1. Мына сөйлемнен бастауышты көрсет: «Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен»

    1. сарайша

    2. барыпты

    3. бірде

    4. Фараби

    5. әмір




    1. Мәтін түрін анықта

    1. Жыр

    2. Ертегі

    3. Әңімелеу

    4. Пайымдау

    5. Сипаттау




    1. Күйдің құдіреті қай сөйлемдерде берілген?

    1. 1, 2

    2. 2, 3

    3. 3, 6

    4. 4, 5

    5. 6, 7






    3-мәтін

    Бала Абай

    Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.

    Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды.Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек , бөлек бір дос тапты. Онысы – әжесі. Онан қала берсе, шешесі.

    Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:

    – Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен...– деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда, әжесінің тізесінен ақырын қағып:

    –Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен... – деп, тағы да әңгімені тілегенін білдіруші еді.

    Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын...

    Мұхтар Әуезов


    1. Мәтін М. Әуезовтың қандай романынан алынған үзінді

    1. «Абай жолы»

    2. «Қорғансыздың күні»

    3. «Жетім»

    4. «Көксерек»

    5. Дұрыс жауап жоқ




    1. Сөйлемнен сілтеу есімдігін тап. Мұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен.

    1. біртүрлі

    2. әңгімеші

    3. Мұның

    4. әжесі

    5. екен




    1. Мәтін қанша абзацтан тұрады

    1. 3

    2. 2

    3. 4

    4. 5

    5. 6




    1. Төмендегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері қай сөйлем мүшесіне жатады?

    Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын.

    1. Анықтауыш

    2. Пысықтауыш

    3. Толықтауыш

    4. Бастауыш

    5. Баяндауыш




    1. Абайдың әжесі қандай адам?

    1. Жыршы

    2. Күйші

    3. Әңгімеші

    4. Сыншы

    5. Барлық жауап дұрыс






    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет