1-мәтін Қарлығаш әулие Ел ауған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»



бет5/5
Дата20.12.2021
өлшемі41,89 Kb.
#104233
1   2   3   4   5
Байланысты:
PIRLS Ешенкулова И.

«Зерде» журналынан

  1. Мәтін түрін анықта

  1. Сипаттау

  2. Пайымдау

  3. Әңгімелеу

  4. Барлығы дұрыс

  5. Дұрыс жауап жоқ

  1. Мәтіндегі қанша сөйлемде оқшау сөздер кездеседі?

  1. 3

  2. 4

  3. 5

  4. 1

  5. 2




  1. Төмендегі сөйлемнен сын есімді тап.

Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды.

  1. Телдидарға

  2. бала

  3. әдетте

  4. кітап

  5. құмар




  1. Сөйлем ішіндегі бірыңғай мүше қай сөйлем мүшесіне жатады? Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.

  1. Анықтауыш

  2. Толықтауыш

  3. Пысықтауыш

  4. Бастауыш

  5. Баяндауыш




  1. Мәтін қанша абзацтан тұрады?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5






7-мәтін

Ғажайып көл

Үнді мұхитының бір аралында ғажайып бір көл бар. Оның сұлулығындай көлді ешкім көрмеген болар. Күндіз айнадай жарқырап тыныш жатады. Ал, қалай кеш батты деңіз, сол-ақ екен, көл үсті отша жанып, өртене бастайды. Кәдімгі бейне бір салют беріп жатқандай. Міне, бұрқ етіп шоқтар ұшты. Олар су үстіне  сөнбеген қалпы қайта жауып жатыр. Қайсыбір жерде от сақиналар дөңгелеп, біріне-бірі соғысып атылады. Енді бір жерде шұбалаңдаған арқан тәріздес оттар көрінеді.  Кәдімгі айдаһардан бір де кем емес. Егер де осындай тамашаны көріп тұрған сіз ол суға шомылатын болсаңыз, онда өзіңіз де отша жанып, жарқылдап кетер едіңіз.


     Көлдің бұлай от болып жарқырау себебі оның үстіндегі миллиардтап жыбырлап жүрген бір клеткалы организмдердің әсері екен. 

«Ғалам ғажаптары»

  1. Мәтін түрін анықта

  1. Сипаттау

  2. Пайымдау

  3. Әңгімелеу

  4. Барлығы дұрыс

  5. Дұрыс жауап жоқ




  1. Мәтіннің қай бөлімінде термин сөздер кездеседі?

  1. Қорытынды

  2. Негізі

  3. Кіріспе

  4. Кездеспейді

  5. Барлық бөлімінде кездеседі




  1. Төмендегі сөйлемнен бастауышты тап.

Үнді мұхитының бір аралында ғажайып бір көл бар.

  1. Үнді

  2. мұхитының

  3. бір

  4. көл

  5. бар




  1. «Күндіз айнадай жарқырап тыныш жатады» сөйлем ішінен теңеуді тап.

  1. Күндіз

  2. айнадай

  3. жарқырап

  4. тыныш

  5. жатады




  1. Мәтін не туралы?

  1. Таңғажайып

  2. Айдаһар

  3. Көл

  4. Арал

  5. Үнді мұхиты туралы






8-мәтін

Ата көрген оқ жонар

Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбексүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі-бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, теріден, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни, қолөнер шеберлігіне баулыған. Әкелері мен аталары  ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.



Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып, күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету – тәрбиенің  басты шарты болып есептелген. 


  1. Мәтінге арқау болған тақырып

  1. Ұлттық тәрбие

  2. Спорт

  3. Табиғат

  4. Дұрыс жауап жоқ

  5. Барлығы дұрыс




  1. Тәрбиенің шарты туралы мәтінің қай бөлігінде кездеседі?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. Бастапқы бөлімінде

  5. Дұрыс жауап жоқ




  1. Біріккен сөзді тап.

  1. Қонақ күту

  2. аударыспақ

  3. бұйым

  4. еңбексүйіш

  5. мақсат еткен

  1. Тұйық етістікті тап.

  1. аң аулау

  2. қолөнер

  3. есептелген

  4. тәрбие

  5. мақсат еткен




  1. Мәтінде қанша қос сөз бар?

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 4

  5. 5





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет