Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Жазғытұры кең- пейіл дүние шыққа малынып, маужырап түр. Бармақ басындай қара ала аралар үлбіреген гүлдерге қонып, бал жинап жүр. Ат тұяғының жапырып кеткен балғын көк шөптеріне жаның ашығандай.
Жал-жал болып біткен қалың орманды, қара топырақты құйқалы жер. Көл де көп. Көл бетінде шомылып болып, айнаға қаранып, сыланып отырған аққу, қаз су бетіне түскен сәулелерімен сұлулық салыстырып, сырласып отырғандай. Жайылымнан қайтқан мыңдаған үйректер суылдап келіп, көлге қонады. Қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбыр сырласады да, қайта ұшады. Оттады - тойды, су ішті - қанды, енді қамыты, томарлы көлдердегі ұялары еске түсті. Қайта ұшып кетті.
Қабылан - жолбарыс сияқты ірі жыртқыш аңның бірі. Оның дене тұрқы 1,8 метрге, салмағы 100 килограмға жетеді. Қабыланның терісі әдемі, теңбіл-теңбіл, сол себепті ол ағаш пен бұта арасында жүргенде көзге оңай түсе қоймайды.
Қабылан жемтігін көбінесе түнде аңдиды. Негізгі қорегі - елік, тауешкі, арқар, кейде қабанға да шабады. Жемтігін аңдардың жортатын соқпағында, суат басында аңдып жатып ұстайды. Үй жануарларына шабуы сирек. Қабылан жаралы кезінде немесе соңына түсіп қуғанда болмаса, адамға шаба қоймайды.
Оның тіршілік ететін жерлері - Кавказ, Өзбекстан мен Түрікменстанның таулы аймақтары, Қиыр Шығыс. Апаны көбінесе жартастардың арасында, үңгірлерде, ит тұмсығы батпайтын жыныс тоғайдың ішінде болады.
Біздің елімізде қабыланды аулауға тыйым салынған. Ол сирек кездесетін әдемі аң болумен бірге аса пайдалы да. Себебі, алдымен ақсақ-тоқсақ, ауру-сырқаулы аңдарды ұстап жейтін болғандықтан, табиғатта «санитар» қызметін атқарады. Оның үстіне қабылан – қасқырдың қас жауы. Ол жүрген жерде қасқырды емге таба алмайсың.
М. Зверев
Мәтін қанша абзацтан тұрады
3
4
5
6
Абзац жоқ
Қабланның мекен ететін жері туралы қай абзацта берілген
1
2
3
4
Барлық абзацта
Мәтіннің түрін анықта
Сипаттау
Пайымдау
Әңгімелеу
Барлық жауап дұрыс
Дұрыс жауап жоқ
Мәтіннің қанша сөйлемінде қос сөздер кездеседі?
3
4
5
2
6
Төмендегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері қай сөз табынан?
Негізгі қорегі - елік, тауешкі, арқар, кейде қабанға да шабады. Сын есім