1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет62/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

10-мәтін
Ғарыш кемелерін ұшыру жүйесінің екі түрі бар: көп сатылы зымырандар және көп рет қолданылатын кемелер – шатллдар. Американдық шатлл орбитаға экспедицияларын 1981 жылы бастады. Ол қатты отынды екі зымыран-жылдамдатқыштың көмегімен ұшырады. Олар екі минуттан кейін шатллдан бөлініп, қайта қолданыс үшін жерге кері құлайды. Сегіз жарым минуттан кейін негізгі отын бағы түсіп қалады да, шатлл орбитаға шығады. Шатлл оралғаннан кейін атмосфераға үйкелу салдарынан ашық қызыл түске еніп, жарқырайды. Ол жерге түсу үшін өз қанаттарын пайдалануды жоспарлайды.

11-мәтін
Су-сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су - тіршілік көзі, ол Жер шарының ¾ бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%, ал өсімдіктердің 90% судан тұрады. Мысалы, салмағы елу килограмдық жасөспірім ағзасында отыз екіден отыз бес литрге дейін су құрайды екен. Су ағзадағы түрлі артық заттарды тазартуға көмектеседі. Күннің ыстық кезінде де, терді басу үшін салқын су ішеміз. Ол күннің жарық сәулесінен қорғайды. Адам тамақсыз бір ай өмір сүре алса, сусыз 5-6-ақ күн өмір сүре алады екен.
12-мәтін
Мектеп өмірінде мұғалім – басты ...... . Ол ........ оқытып қана қоймайды, оқумен қатар тәрбиелейді. Мұғалім өзіне берілген сынып оқушыларының оқу-тәрбие жұмысының ......., әрі ұстазы, ақыл-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан ол – қиын да жауапты іс. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын: - ол сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.
1
Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнау, домбыра үнін тыңдау - әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалғанда көңілде қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы ұлттың болмысын, қазаққа тән барша қасиетін түсінуге болады.
Домбыра үні арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын жөндеуге мүмкіндік алады. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады, білім алуға құштарлығы оянады, мәдени ой-өрісі жоғарылап, еңбек етуге құштарлығы арта түседі.
2
Кішкене Қасым қалайда кінәлы болып қалды. Әкесіне шындықты айтудың орнына ол бар кінәні басқа біреуге жаба салды. Әкесі оған ешнәрсе айтпады, бірақ ұлының өтірік айтқанына қатты қайғырды. Бірнеше апта өтті. Қасым тағы кінәлі болып қалды. Оны мойнына алу қиын болып, тағы да шындықты айтқан жоқ. Сол кезде әкесі Қасымды бақтың ішіне шақырып алды.
-Мына өскінді жұлып алшы,- деп әкесі оған кішірек ағаштың жас өскінін көрсетті.
Әкесінің айтқанын Қасым бұлжытпай орындады.
-Қалай, жұла алдың ба?
-Иә, - деді Қасым көңілдене.
-Енді мына ағашты жұлып көрші,- деп ол өздері көлеңкесінде тұрған үлкен еменді көрсетті.
-Бұл өте үлкен, оны жұлу ауыр болады ғой. Әкесі ұлының иығына қолын қойды да, былай деді:
-Міне, көрдің бе? Қазір ол кішкене болғандықтан, сен оны оңай жұлып ала аласың, ал үлкен болып өскен кезде, оған шамаң келмейтін болады. Сенің жалған өтірігің де ........... сияқты. Сен оны кеудеңнен кішкене өскін кезінде алып тастауың керек еді, бірақ сен олай етпедің. Енді саған бұл күнәмен алысу қиын болар. Бірақ әлі де кеш емес. Байқа, күнәнің ұлғайып кетуіне жол беріп алма. Кейін одан құтыла алмайсың.
Ұялғанынан Қасымның екі беті қызарып кетті.

3


Бір патшаның бір-бірімен сыйыса алмайтын үш ұлы бар екен. Әкелері үш ұлын мемлекеттің үш тарапына жіберіп, «дүниедегі ең асыл затты алып келгендеріңе патшалықты беремін»,- депті.
Ағайындардың үлкені шығысқа жол тартып, сол жерде кілем сатушыларға өз күшін күреспен көрсетіп, жеңімпаз атанады. Оған кілем сатушылар ұшақ-кілем сыйлайды.
Ортаншысы барған елінде жекпе-жекке түсіп, сыйлыққа бір дүрбі алыпты. Бұл дүрбінің қасиеті, қалаған нәрсеңді көрсетеді екен. Садақ атудан мерген кенжелері барған жерде оқ ату жарысына қатысады. Бір адамның басына алманы қойып, соған тигізу керек екен. Кенже жігіт алмаға дәл тигізді. Таң қалған жұрт алмаға көзін жұмып тигізсе, сиқырлы алма береміз дейді. Алайда жігіт бұл ұсыныстан бас тартты. Риза болған ел сиқырлы алманы бәрібір сыйлапты.
Үш ағайынды қайтар жолда кездесіп, тапқан сыйлықтарын бір-біріне көрсетіпті. Әкелерін көргісі келіп, дүрбімен қараса, әкелері қатты ауырып жатыр екен. Дереу үлкен ағаларының ұшақ-кілемдеріне мініп, үйлеріне жол тартады. Келген соң кенже ұлдың берген алмасын жеп, әкелері жазылыпты. Өмірде бастары қосылмаған үш жігіт осылайша .......... күшін түсініпті.

4


1910 жылы қазақ палуаны Қажымұқан Мәскеу мен Петербургте атақты палуандар Петр Янковский және Лурихпен күресіп, екеуін де жеңеді. Сол жылы ол басқа да палуандармен бірге Солтүстік Америкаға сапар шегіп, осы жолғы сайыстарда барлық қарсыластарын тізе бүктіреді. 1911 жылы Варшавада ол алтын медальды жеңіп алады. 1913 жылы Троицкіде 18 палуанмен күресіп, бәрінің де жауырынын жер иіскеткен болатын. Өзінің спорттық өмірінде Қажымұқан Париж, Лондон, Берлин, Варшава; Будапешт, Стокгольм қалаларында болып, барлық қарсыластарын жеңіп отырған. 1909-1911 жылдары шығыс елдеріне жасаған атақты .................. кезінде түрік жанкүйерлері оған қажы деген атақ береді.

5


Қазақстанның халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпова радиодан балаларға арнап ертегілер ...... . Радиоспектакльдерге қатысып, балаларға арналған ертегілерге қоса, М.Әуезовтің, С.Сейфулиннің, И.Байзақовтың көркем шығармаларынан үзінділер оқиды. Әртістің үн тазалығы,жағымды даусы тыңдаушысын ерекше баурап алатын.Қазақ тілінің байлығы, керемет ертегілері З.Шәріпованың әуезді үнімен қазақ даласына кең таралып жататын. Қазірде де З.Шәріпованың оқыған ертегілері радио арқылы балалардың рухани әлемін байытып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет