1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет100/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

Маңғыстаулық фермер
Маңғыстаулық фермер жағдай төмен отбасыларына және мүгедек жандарға жиырма жылдан бері тегін сүт және басқа да азық-түліктерді таратып келеді. Көмекке мұқтаж жандардың айтуынша, фермер қайрымдылығы үшін ештеңе алмайды екен. Өзінің жомарттығын фермер: егер менің қолымда өзімнен артылған бірдеңе болса, неге мұқтаж жандармен бөліспеймін. Әрине, бөлісемін. Балалар мен жарымжан, қарт адамдардың көзіндегі қуанышты көргенде өзімді ең бақытты адаммын деп санаймын.
Фермердің шаруашылығында он алты сиыр бар. Сиырды сауысымен жаңа сауылған алпыс литр сүтті, бірінші кезекте өзінің қамқорлығындағы адамдарға таратады екен.
Өзінің жеке басының ғана емес, талай халықтың жағдайын жасап жүрген осындай азаматтан өнеге алуға болады.
Нумизматика

Нумизматика сөзі латыннан «тиын» деп аударылады. Бұл тарих ғылымының тиындары зерттейтін көмекші саласы. Дархан Ересенов – осы ғылыммен айналысып жүргендердің бірі.


Он үш жасқа толғанда әкесі сыйлаған бір уыс шетел тиындары оны нумизматикаға қызықтырған. Оның ішінде 1861 жылғы патшалық Ресейдің тиыны болды. Содан бастап он жыл бойы шетел тиындарын жинапты. 2011 жылы досы Өзбекстаннан көне тиындар әкеліп берді. Дархан ойламаған жерден арабша жазуы бар тиындар тауып алады. Осы күннен бастап оны тиынның тарихы қызықтыра бастайды. Дархан ендігін жерде араб тілін үйреніп, тарих факультетіне оқуға түсіп, тиындардың тарихын зерттеумен айналысады.

Марат Құлибайұлы. Қамқоршы
Ырым әже немересін ертіп жолға шықты. Ырғалып-жырғалып жүргенде түскі автобустан қалып қойды. Енді аялдамаға келіп көлік күтті. Ақ жаулықты әже мен 5-6 жастағы сары баланың алдарынан өткен жеңіл көлік ала кетпекші болды. Бірақ жолдары бір емес екен, тек көше қиылысына дейін ғана жеткізіп кетті.
Бет алған жерлері Бақалы ауылы еді. Аралық біраз жер. Біраз күтіп, ешбір көліктің қарасы көрінбеген соң, амалсыз жаяу-жалпы тартып отырды. Күн болса ыстық.

  • Әже, ауыл мына тұрған жерде дегеніңіз кәне?- деп бұртиды немересі.

  • Сәл шыда, құлыным. Қазір жетеміз,- деді әже баланың басынан сипап.

Шамалы дем алып, тынығып алған қарт әже:

  • Ауыл әне тұр,- деді саусағымен нұсқап.

Орнынан тұрған бала баратын ауылдарына әлі де біршама жер бар екенін аңғарды.

  • Әже, сіз отыра тұрыңыз. Мен барып бір көлік тауып қайтайын деді. Екеуімізді жеткізіп тастасын, - деді ол ересек адамдай.

  • Қайда барасың? Болды, қой енді, сөз таластырмай, - деді әжесі немересін тыйып.

Осы кезде жоғарыдан жеңіл машина көрінді. Бала жүгіріп жол шетіне шығып, қол көтерді.
Машина қастарына келіп тоқтады. Немересінің көлік тоқтатып, қамқоршы болып жүргеніне әженің іші жылыды. Жақын келіп, қолынан тартып тұрғызып жатқанда құшағына тартып, маңдайынан сүйді.
Жуалы ауданы, Жамбыл облысы. («Балдырған» журналы, №7. 2015 жыл)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет