5- мәтін
Мұғалім оқушыдан: - Неге үй тапсырмасын орындамадың?-деп сұрады.
Оқушы: - Әкем: «орындамай - ақ қой, сен бәрібір екі аласың» деп еді,- деп жауап берді.
Мұғалім – учитель
Оқушыдан – у ученика
Орындамадың – не выполнил
Бәрібі-всё равно
Жауап берді - ответил
6-мәтін
Шоқан «аттың құлағында ойнайды» дейтін баланың бірі еді. Төрт-бес жасынан тайға мініп үйренген Шоқан алты-жеті жасында асау тайларды өзі үйрете бастаған. Сегіз-тоғыз жасынан ірі асауларды да үйретуге араласқан. Тек бәйге атына ғана мінген жоқ. Хан тұқымы болғандықтан рұқсат берілмеді.
Аттың құлағында ойнайды (фразеологизм) – мастер верховой езды
Бірі еді – был одним из...
Тай- стригун, стригунок (жеребенок по второму году)
Асау – необъезженный, неприрученный
Өзі – сам
Үйрете бастаған – начал учит, начал обучать, тренировать
Ірі – крупный
Араласқан – вмешивался, принимал участие, начал заниматься
Хан тұқымы – потомок хана
Рұқсат бермеді – не разрешалось
7-мәтін
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті, бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды. Ораз не істерін білмей аңтарылып тұр.
- Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз,- деді Асқар.
- Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деймін,- деді Ораз.
Есік алдында – во дворе
Ойнап жүр – играют
Тепті – пинал
Әрі-туда
Бері – сюда
Қақпа – ворота
Қора – сарай
Енді – теперь
Бір кезде – в один момент
Дәлдеп ұрды – прицелился
Іздей бастады – начал искать
Қараңғыда – в темноте
Сыртқа беттеген – направился к выходу, собирался выйти
Сол кезде – в тот момент, тогда
Шыға берісте – у выхода
Сүт ақтарылды да қалды – молоео разлилось
Не істерін білмей – не зная что делать, как быть
аңтарылып тұр – стоит удивленно
қорықпа – не бойся
төгіп кетіпті – разлил
өтірік – ложь
байқаусызда – внезапно
,
8-мәтін
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді. - Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
- Қолым тимеді, ағай!
- Не істедің?
- Үй шаруасымен айналыстым.
- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
- Әкем үйде жоқ. Жолаушылап кеткен. Апам ауырып жатыр. Мұғалім аяғандай болды.
-Отыра ғой, шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.
Сұрағанда – когда спросил
Білмеді – не знал
Неге білмейсің? – почему не знаешь?
Оқымадың ба ? – не читал?
Қолым тимеді (фразеологизм)- не было времени
Шаруа – дело/дела
Сенен басқа – кроме тебя
Жолаушылап кеткен – уехал (далеко)
Ауырып жатыр – болеет
Аяғандай болды – пожалел
Шырағым (қаратпа сөз - обращение)- голубчик, лучик, светик (ласковое обращение к молодым)
Ертеңіне – на следующий день
Келмей қалды – не пришёл
Мұраттыкіне бардық – пошли к Мурату домой
Терлеген – вспотел
Шаршаған – устал
Жабылып – все вместе, толпой, всей командой
Отын- топлива (дрова для печки)
Тасып бердік – помогли завести
Шөп- сено
9-мәтін
Кішкентай құмырсқалар бір-біріне мұрттарын тигізіп амандаса бастады.Бұл оларға сондай қызық көрінді.
- Ал енді тізіліп,сап құрып тұра қалыңдар. Біз балабақшаға барамыз. Ол жерде ойнайсыңдар.Қалай өмір сүру керегін үйренесіңдер.Құмырсқалар ілімімен танысасыңдар,-деп тәрбиеші кішкентай құмырсқаларды қараңғы дәлізбен ертіп жүрді. Балабақшада оларды күтушілері қуанышпен қарсы алды.Тәтті,дәмді ас беріп тамақтандырды. Тамақтанған бала құмырсқалар: «Қандай дәмді? Тағы да бар ма?»-деді жамырап. Сонда тәрбиешілердің біреуі: - Әрине. Тек енді әркім өз қорегін өзі жинайды,-деді.
Құмырсқа – муравей
Бір-біріне – друг-другу
Мұрт – усы,усики
Амандаса бастады – начали здороваться
Сондай – так, настолько
Қызық – интересно
Көрінді – покаалось, казалось
Тізіліп – выстраившись
Сап – ряд
Сап құрыңдар – встаньте в ряд
Өмір сүру – жить
Үйренесіңдер – научитесь, будете учиться
Ілім – наука
Танысасыңдар – ознакомитесь, познакомитесь
Тәрбиеші – воспитатель
Қуанышпен – с радостью
Дәліз – корридор
Дәлізбен – по корридору
Ертіп жүрді- водил(а) за собой
Күтуші – няня
Қарсы алды – встретил
Тамақтандырды – накормили
Жамырап – хором
Өз қорегін – свою пищу
Өзі жинайды – сам собирает
|