16-мәтін
Қолқанатым менің!
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
Қолқанатым менің!- дейді.
Ұқыпты – аккуратный
Тап-тұйнақтай – чисто, опрятно
Ағайынды – родные (из одной семьи)
Үлкен – большой, старший
Жаздың күні – летом, в летние дни
Оянады – просыпаются
Үй шаруасы – дела по дому
Көмектеседі – помогает
Соқпақ жол – узкий тротуар
Мөлдір – чистый, прозрачный
Бұлақ – родник
Жуынамыз – умываемся, моемся
Әуелі-сперва, сначала
Қарындас – младшая сестра (для мальчика)
Есік алдында – во дворе
Соқпақ жол – тропинка
Жуындырады – умывает,моет
Шашатарын тарау – расчесывать волосы
Өріп береді – заплетает
Әдет – привычка
Күндегі – ежедневный
Содан кейін – потом
Содан кейін барып – только после этого
Ауылға қарай – в сторону аула(села,деревни)
Қарсы алады – встречает
Қолқанат – помощник
17-мәтін
Балқаш көлі оңтүстік-шығыста орналасқан. Ұзындығы – 614 шақырым (км), ені – 74 шақырым (км). Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды. Балқаш көлінің орташа тереңдігі – 6 метр, кейбір жерлері – 27 метр.
Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге (кв. км) азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты – бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байкал көлі туралы» заң бар. Парламент «Балқаш көлі туралы» заң қабылдаса, артық болмас еді. Себебі Балқаш көлі - еліміз үшін маңызы үлкен көл.
Көл-озеро
Оңтүстік-шығыс-Юго-восток
Орналасқан-расположенный
Ұзындық-длина
Ені-ширина
Өзен-река
Орташа-среднее
Кейбір-некоторые
Жалпы-общий
Соңғы –последний
Аумақ-площадь
Азайды-уменьшилось
Деңгейі-уровень
Түсті-спустилось
Балық-рыба
Апат-бедствие
Үкімет-правительство
Маңызды-важный
Достарыңызбен бөлісу: |