22-мәтін
Ертеде Үнді елінде ақылды данышпан болыпты. Ол шахмат ойынын ойлап тауыпты. Патшаға бұл ойын өте ұнапты. Данышпанға ойлап тапқаны үшін: «Сыйлыққа қалағаныңды ал»,- депті. ..... данышпан қарт патшадан алтын да, меруерт те сұрамапты, дән сұрапты. Дән шахмат шаршылары сайын екі есеге өсуі керек екен. Ақылды қарттың бұл сұраған сыйлығына бәрі күліпті, тіпті патша: «Менің жомарттығыма сай емес сыйлық сұрадың»,- деп ренжіп те қалыпты. Дана қарт өз сөзінде тұрып алыпты.
Сонымен сарай математиктері күндіз-түні демалмастан санапты, санап болған кезде данышпанның сұрағанына Үнді еліндегі дән жетпепті. Бәрі де шахматты ойлап тапқан данышпанның тағы бір тапқырлығына куә болып, таң қалыпты.
Ертеде – давным-давно
Үнді –Индия
Данышпан – мудрец
Ойлап тауыпты – придумал
Ұнапты – нравился (-ась)
Ойлап тапқаны үшін – за то, что придумал
Қалағаныңды ал – возьми что пожелаешь
Меруерт-жемчуг
Сұрамапты – не просил
Дән –зерно, зернышко
Екі есеге – в два раза
Өсуі керек – должно возрастать
Қарт – старик
Сай емес – не достойно
Жомарттық – щедрость
Өз сөзінде тұрып алыпты (тұрақты тіркес)- настоял на своем
Сарай – дворец
Демалмастан – без отдыха
Санапты – посчитал(-и)
Ойлап тапқан – придумавший
Тапқырлық – находчивость
Куә болу – стать свидетелем
Таң қалу - удивиться
23-мәтін
Атасы он жасар ұлымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көрдің бе, не істеп жүр?
- Көрдім, өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көрдің бе?
- Көрдім, аузында нанның қиқымы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қарашы, аспанда не көрінеді?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы айтты:
- Көрдің бе, балам, ол кішкентай жәндіктердің бәрі еңбек етіп жүр. Өрмекші өзіне азық ету үшін маса, шыбынға тұзақ құрып жүр. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ іздеп, нанның қиқымын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя істеу үшін шөп жиып жүр. Байқадың ба, балам жұмыссыз жүрген ешкім жоқ. Сен де осылардан үлгі ал, жұмыс істеуді үйрен» - деді.
Өрмекші – паук
Тоқып жүр – вяжет
Құмырсқа-муравей
Нанның қиқымы – крошка хлеба
Жүгіріп кетіп барады – бежит
Жоғары – высоко
Жоғары қарашы – посмотри на небо, выше
Қарлығаш – ласточка
Аузында – во рту
Шөп-трава
Жәндіктер – насекомые
Еңбек етіп жүр – трудятся
Азық ету үшін – чтобы поесть/в качестве пищи
Ұя-гнездо
Жиып жүр – собирает
Байқадың ба – вот видишь/ заметил?
Жұмыссыз-без работы
Үйрен – учись, научись
|