1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет7/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

18-мәтін
Бір күні Болат далада демалып отырады. Оның жанында екі бала бір-бірімен сөйлесіп, ойнап жүреді. Болат сол балалардың әңгімесін зейін қойып тыңдайды. Біреуі жер қазып, балшықты қопарып одан бірнеше әдемі ойыншықтар жасайды. Ал екінші бала жерді қазып кішкентай бір ағаш отырғызады. Соңында екеуі қазған жерлерін тегістеп, Болаттың қасына келіп отырады.
- Ертең менің ағашым өссе, алма жейміз. Мен болашақта ағаш, өсімдік өсіретін маман боламын. Менің бақшам әлемдегі ең әдемі бақша болады,- дейді бір бала.
- Ал мен өскенде жерден балшық алып, кірпіш жасап , үйлер тұрғызамын. Менің үйлерім де ертегідегідей әдемі болады,- дейді екінші бала. Сосын екеуі лас болған үсті-бастарын тазалап, үйлеріне кетеді. Болат сол балалардың әңгімесіне таңғалады. Міне, осындай балалар – ертең біздің еліміздің болашағы, ал қазақ жері оларға тірек болып, өз байлығын береді,- деп ойлайды.



Бір күні – однажды
Жанында - рядом
Бір-бірімен – друг с другом
Зейін қойып - внимательно
Жер қазып (жер қазу )-копать землю
Ағаш отырғызады – сажает дерево
Балшық-грязь
Қопарып – выкапывая
Соңында – в конце
Тегістеп (тегістеу) – выравнивать, делать ровным
Болашақта – в будущем
Өсімдік – растение
Өсіретін –тот, кто выращивает
Маман – специалист
Бақша – огород,сад
Мен өскенде – когда я вырасту
Ертегі- сказка
Ертегідегідей – как в сказке
Лас – грязный
Таңғалады – удивился
Тірек – опора
Ойлайды - думает


19-мәтін

Табиғи ортаның ластануы

1Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүниежүзілік мұхиттың ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.


2 ..... «лас» өнеркәсіп салаларына тау-кен және құбылыс материалдарын өндіру мен өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі жатады.
3 БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық мониторинг жүйесінің мәліметтеріне қарағанда, өзендердің нитраттармен, фосфаттармен және пестицидтермен, қалдық сулармен ластануы артуда.
4 Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану қоршаған ортаға өзіндік қауіп-қатер төндіреді. 1986 жылы сәуір айында Чернобыль АЭС-нде болған жойқын апаттың зардаптары осы кезге дейін сақталып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қызметі атом энергиясы өндірісін экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігі жоғары салаға айналдыруға бағытталған.



Табиғи орта – природная среда
Әрекет – действие
Қоршаған орта – окружающая среда
Шамадан тыс – чересчур
Ластану – загрязнение
Алып келді – привело
Өнеркәсіп – прозводство
Ауыл шаруашылығы – сельское хозяйство
Қалдық – отход
Қабат – слой
Ауыр – тяжелый
Улы – ядовитый
Шоғырлануы – накопление
Тұрмыстық – бытовое
Ақыр соңында – в конце концов
Қауіп төндіреді – угрожает
Өндіру – производить
Өңдеу – обрабатывать
БҰҰ (қысқарған сөз) – ООН
Ғаламдық – глобальный, всемирный
Жүйе – система
Мәлімет – информация
Бейбіт – мирный
Мақсат – цель
Қауіп-қатер-опасность
Жойқын – разрушительный
Апат – авария
Зардап – плохия последствия
Бағытталған - направлен





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет