1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет15/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
31-мәтін
Түркістан- Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХІІ-ХҮІ ғасырларда Түркістан қаласы Шабғар, Яссы деп аталған. ХҮІ ғасырдың ортасынан бастап қалаға жаңа атау берілді. Ол – Түркістан. Түркістан қаласы ХҮІІІ ғасырға дейін қазақ хандарының ірі орталығы және ресми ордасы болды.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қаланың көне тарихынан сыр шертеді. Қожа Ахмет Түркістанда дүниеге келіп, өмірінің басым бөлігін осы арада өткізген. Ғұлама Қожа Ахметтің мазарына жыл сайын мыңдаған адам ағылып келіп жатады. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш рет темір жол келген. Қазір Түркістан- тарихи және туристік қала.Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған.Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.
Бүгінгі Түркістан- туристердің назарын аударып отырған қала. Түркістан қаласында туризмнің дамуына мүмкіндіктер мол. Туризмді экономиканың бір саласы деуге болады.

Көне – старый
Бірі – один из...
Тығыз байланысты – тесно связан
Ғасыр – век
Атау – название
Берілді – дали, присвоено
Ірі-крупный
Орталық – центр
Ресми – официальный
Орда – столица
Кесене – мавзолей
Сыр шертеді (фраз.)-рассказывает
Басым бөлігі – большая часть
Осы арада – в этом месте, в этой местности
Өткізген – провел
Ғұлама – философ
Жыл сайын – ежегодно
Ағылып келіп жатады – приходят/приезжают толпами
Қасиетті- святой, священный
Алғаш рет-впервые
Темір жол – железная дорога
Алдымен – сперва
Сәулет – архитектура
Озық үлгісі – лучший образец
Бөлік – часть
Монша – баня
Жер астында – под землей
Ғибадатхана – молитвенный дом
Әлемге әйгілі болды – стал знаменитым на весь мир
Мүмкіндіктер – возможности
Мол – очень много
Саласы - направление





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет