1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет23/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

41-мәтін
Әлемде барынша кең қолдау тапқан жасанды тіл. Оны варшавалық окулист Лазар Маркович 1887 жылдан бастап, оны жыл бойы көз майын тауыса отырып құрастырып шыққан. Қазір жер бетінде осы тілде сөйлей алатындардың саны 2 миллионнан асады. Оларды көбіне эсперантофондар деп атайды. Көптеген еуропалықтар «кез келген білімді адам өзінің ана тілімен қатар эсперантоны да игеруге міндетті» деп есептейді.
Олардың ойынша, бұл жасанды тіл жаппай қолданысқа енетін болса, әлемде тіл үшін болып жатқан тартыстар азайып, түбінде барша халықтар бір-бірімен аудармашысыз-ақ тілдесе алатын болады. Әдетте, шетелдіктер аралас некеден туылған балаларын эсперанто тіліне бейімдейді. Әр жылы эсперанто тілінде жүздеген кітаптар жарық көріп, фильмдер түсіріледі.
Қазір бұл тілдің болашағымен Бүкіләлемдік эсперанто қауымдастығы (UEA) айналысып жүр. Эсперанто алфавиті ... тіліне негізделіп жасалған, 28 әріптен тұрады. Ал сөздік қоры әлемде кең тараған бірнеше тілдерден жинақталған. Эсперантоның басты ерекшелігі – қай жағынан да (грамматикалық, фонетикалық) үйренуге оңай.
(интернет материалынан)

Барынша кең қолдау тапқан – популярный
Жасанды тіл – искусственный язык
Көз майын тауыса отырып (фразеологизм) – вкладывая усилия
Құрастырып шыққан – составил
Жер бетінде – на земле
Осы тілде – на этом языке
Сөйлей алатындардың саны – число умеющих говорить
Олардың көбін – многих из них
Деп атайды – так называют
Көптеген еуропалықтар – многие европейцы
Кез келген – любой
Білімді адам – образованный человек
Өзінің ана тілімен қатар – вместе с родным языком
Игеруге міндетті – обязан владеть, знать
Деп есептейді – так считают
Олардың ойынша – по их мнению
Жаппай қолданысқа енетін болса – если будут использовать все
Әлемде – в мире
Болып жатқан тартыстар азайып – уменьшатся борьба, споры, которые происходят
Түбінде – в конце
Барша халықтар – все народы
Бір-бірімен – друг с другом
Аудармашысыз –ақ – даже без переводчика
Тілдесе алатын болады – смогут общаться
Әдетте – обычно
Шетелдіктер – иностранцы
Аралас некеден туылған – рожденные в смешанном браке
Бейімдейді – адаптируют, учат
Жүздеген кітаптар жарық көріп – издаются тысячи книг
Фильмдер түсіріледі – снимаются фильмы
Бұл тілдің болашағымен – будущим этого языка
Айналысып жүр – занимается
Негізделіп жасалған – создан на основе
Сөздік қоры – словарный запас
Әлемде кең тараған – широко распространенные в мире
Жинақталған – собран

2-мәтін
Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында «Сарыкөл» деген шағын көл бар.Осы көлдің жағасында 1927 жылы Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалды.Татарлардың гармонын, қазақтардың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келді.

  • Оу, Қалдаяқ, ұлды болдың! –деген хабарды естіп, үйіне асығып келген әкеге шүберекке ораған

нәрестені ұстата қойыпты. Нәресте болса да, ересек адамның қолын сезе қойған бала шар етеді.Басқа балалардай шыңғырып жыламай, бір түрлі әуезді ырғаққа ұқсайтын үн шығарған ұлына қарап:

  • Мен сені хиссадағы Шәмшид патшаның атымен атағалы жүр едім. Бірақ

даусың патшанікі емес, әншінікіне ұқсайды екен, - депті Қалдаяқ.

  • Оу, Қалдаяқ, балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса да, тақияңа тар келмес,- депті оған Құдайберген деген құрдасы.

  • Айтқаның келсін, Шәмшид болсын,-депті сонда баладан басқа байлығы жоқ, әрі кедей, әрі өнерпаз әке.

Шәмшид деген ат алған бала содан отыз жыл өткен соң, Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, «вальстің королі» атанатынын сол тұрғандар білген жоқ.


3-мәтін
Адам үшін ең қымбат нәрсе –уақыт. Ол алтыннан да қымбат.Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы.Адамның құр босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес.
Кісінің іскерлігі уақытты босқа жібермеуден басталады. Біз көбінесе сол уақытты бағалай білмейміз.
Уақыт ақсүйектікті мойындамайды.Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат.Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биіктерге жетеді.Саналы адам уақыттың өмірді жасайтын негізгі құрал екенін жақсы түсінеді.
Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Ісіңнің өргебасуы
өзіңе ғана байланысты.Өз уақытын пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді.Уақыттың ысырап болуы – шығын.
Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ.Уақыттың бағасын біл.
Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста.Өзіңді-өзің тәрбиеле.


4-мәтін
Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді, ол туралы жалпы түсінік те бар. Табиғаттың берген сұлулығы бар. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз.
Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жан дүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ... сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. 
5-мәтін
Мен еліміздің шекарасын білемін.Кейде экономикалық аймақтары мен облыстарын шатастырамын. Оны сендермен бірге қайталаймын.
Қазақстан мемлекетінің жері кең-байтақ. Қазақстан – Батыс, Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік болып бірнеше экономикалық аймаққа бөлінеді. Құрамында 14 облыс бар және республикаға тікелей бағынатын 2 қала бар.
Қазақстанның жерінен Тобол, Есіл, Ертіс, Нұра, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Жайық, Талас, Шу, Іле, Ақсу, Балқаш атты көл-өзендер ағады.
Әр өңірдің топырағы мен ауа райына байланысты өсімдіктері де әр түрлі. Оңтүстік құмдарда бұталар, сексеуілдер өседі. Қазақстанның Солтүстігінде ақ қайыңды, қарағайлы ормандар кездеседі.Алтайда қылқанды ормандар сақталған. Батыста қарағаштың және теректің тоғайлары кездеседі.
Байтақ Қазақстанның жер реңі әр түрлі. Шексіз дала, басын қар басқан биік тау. Ыстық құмдар мен ну ормандар да кездесіп жатады. Республикада жер бетіндегі барлық климаттық құбылыстар кездеседі.


6- мәтін


Тау туризмі бұл тек әдемі ғана емес, бұл өте қиын еңбек те болып табылады. Таулардағы жаман ауа-райы, қатты жел, қардың жаууы,+20-дан -20-ға дейінгі температура үнемі кездесіп тұрады. Таулардағы ең қауіпті деген құбылыс қар көшкіні болып табылатын шығар. Көптеген туристер, альпинистер осы қар астында қалып қалған. Таулардағы биіктік де адам баласы үшін қауіпті.
Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады. Туризм – ел мен елді табыстырып, салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттаудың бірден бір жолы. Туризм бірқатар елдер экономикасының басты табыс көзі болып табылады. Өткен жылдың наурыз айында, Елбасы Н.Назарбаевтың бекітуімен туризм мәселесі 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енді. Бұның өзі – отандық туризм мәселесі үшін үлкен жетістік. Яғни Франция, Испания, Швеция, Германия, Түркия, АҚШ сынды туризм алыптарымен тәжірибе алмасу арқылы отандық туризмді дамытуға зор мүмкіндік туады.
Туризм – ол біздің қоршаған ортамыз, Отанымыз, оны құрметтеу, сұлулығын көркейту, тамашалау және басқаларға тамашалата білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет