1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет26/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

5- мәтін
Ерте, ерте, ертеде ән алтын күннің астында, ақша бұлттың үстінде ұшып жүреді екен.Ән көркем, әдемі жерлерді көргенде жер баурырлай ұшады екен.Сонда әннің әсем сазын тыңдаған адамға анық естіледі.
Бірден ән кең-байтақ қазақ даласының үстінен өтіпті.Көкшенің жерін көріп, көгілдір тауларына, күміс көлдеріне қатты қызығыпты.Ән еріксіз төмендепті. Кең даланы айнала, жер бауырлай ұшыпты.Одан әрі Жетісуға жетіпті.Жеті өзенге шомылыпты.Содан кейін Алатауды әрі асып, қимай-қимай кетіпті.
Төмендеп ұшқан әнді халқымыз ұйып тыңдапты. Құлағына құйып алыпты.Содан қазақтың көмейіне үн қоныпты, көкірегіне жыр дарыпты.Содан бері қазақтар асқақтата ән салыпты, күмбірлете күй тартыпты.Халқымыз «әнші халық» атаныпты.
6- мәтін
Қазақстанның шығысында кездесетін табиғат тартуының бірі – Марқакөл. Марқакөл көлі Алтай тауының арасында орналасқан. Оның суы – тұщы. Көлдің түсі – көгілдір. Оның тереңдігі – 27 метр. Балығы мол. Марқак­өлдің солтүстігінде - Күршім тауы, оңтүстігінде Азутау қоршап жатыр. Осы жерді мемлекет арнайы қорық ретінде қамқорлығына алған. Қорықта көптеген орман, тоғайлар бар. Онда «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстардың түрлері де кездеседі.
Қоңыр аю, елік, алтай суыры, ақ қоян, жабайы шошқа, борсық, таутеке, арқар, маралдар осында қорғауға алынған.
Марқакөл байлығының бірі – құстар. Құстардан қара дегелек, балықшы, ұлар, аққу, тырна, лашын бар. Марқакөлде терісі бағалы құндыз да бар.
Марқакөл – ел мақтанышы. Оны қорғау және тамаша байлықтарын келешек ұрпақ үшін сақтап қалу – біздің міндетіміз.
7-мәтін
Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдан тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Есік алдынғы қарды қалай ғана тазалап үлгересің сен? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен өзі тазаланып, осылай болады» деді.
8-мәтін
Джейсон О Нейл деген балақай небәрі 9 жасында кәсіпкер атанды. Бірде Джейсон ерігіп отырып, қарындашқа кигізетін қалпақшалар жасайды. Балақай сүйкімді қоңыздарға ұқсайтын қалпақшаларды Pencil Bug деп атайды.
Күндердің бір күні Джейсонның «қоңыздарын» сыныптастары көріп қалып, қатты қызығады.Олар Джейсонға қолқа салып, өздеріне де дәл осындай қалпақша жасап біреуін өтінеді.Кішкентай кәсіпкер тауарына сұраныс барын дереу түсіне қояды.Сөйтіп, қоңыз-қалпақшаларды сатуға кіріседі.
10 жасында Джейсон О Нейл өз бизнесін ресми түрде ашты. Ол Pencil Bug-ты ел көп жиналатын жерлерде сата бастайды.Кәсіпкер бала pencilbugs.com деген сайт ашып, сауданы қыздыра түседі. Бірте-бірте «қоңыздардың» суретін футболкаларға, кітаптың бетін белгілейтін қағаздарға, открыткаларға жапсырып, бизнестің аясын кеңейте береді.Бүгінде Джейсон пайдаға шаш етектен кенеле бастады.Тапқан ақшасын барынша ұқыпты пайдаланады.Бір бөлігіне компьютерлік бағдарламалар шығаратын компанияның акцияларын сатып алды.Арасында қаржысын қайырымдылық мақсатқа да жұмсап, өз ісін дамытудың жоспарын құруда.Басты арманы – өндірісті автоматтандыру.
Өндірістің қарқыны артса, табыстың еселене түсетінін балақай жақсы түсінеді.
Джейсонның тағы бір арманы – «қоңыздары» жайлы тамаша мультфильм түсіру.Ал әзірге кішкентай кәсіпкер кітап жазуға кіріскен көрінеді.(Дерек @www. 1000ideas.ru-бизнес идеялар порталы сайтынан алынды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет