1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет24/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

1- мәтін
Киім адам өмірінде маңызды орынға ие. Халық арасындағы «Киіміңе қарай қарсы алады», «Адам көркі – шүберек» деген сөздер соны айғақтайды. Египет әйелдері бұрындары «жоғары жақсыз», тек мықындарын айналдыра мата ораған. Осы киімдердің кейбір түрлері Шығыстан тарағаны туралы деректер бар. Жібек бізге Қытайдан келсе, мақта Үндістаннан әкелінген, бағыныштылықтың белгісі – жапқыш болып табылатын қалыңдық желегі Шығыстан шыққан, орыстардың ұлттық киімі – сарафан да Шығыстан келген. Тек, сарафан Шығыста әубаста ерлер киімі болып саналған көрінеді.
Киімнен сән қуғанда оның қалай жарасатынына мән берген абзал. Мысалы, қысқа юбка кию үшін қыздардың аяғы түзу, сымбатты болуы қажет. Ашық сарафанды кию арқа терісі таза, әдемі жандарға ғана лайықты. Адамның сыртқы келбетін ... етіп көрсетуде оның киімінің жақсы үлгіде тігілуі, үтіктелуі, аяқ киімінің тазартылған, шашының таза, көзқарасының жылы, тілектес болғаны, бетті әдемілеу, үстіге иіссу құю шектен шықпауы, тырнағының күтілген, сақал, мұртының басылған күйде көрінуі шарт.
Әйтеуір, сыртқы келбет пен жан дүниесі бір-бірімен үйлесімді болса, сол адам өзгелерді жақсы әсерге бөлейді.

2- мәтін
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің бірі – музыка аспаптары. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Музыкалық дарыны мол қазақ халқы басқа тарихи-профессионалдық дәстүрі бар елдер сияқты балаларына белгілі бір музыкалық аспапта нота арқылы білім беріп, айрықша оқытпағанымен де оларды өз ортасынан шыққан музыканы асқан шеберлері-әнші,күйші, жыршы, жырау ақындар секілді тума таланттардың өнерпаздық өнегелі өнерлерін үйретіп, олардан үлгі алуға баулып отырған.
Халқымыздың музыкалық аспаптарының үнінен қазақ ұлтының сыршыл сезімдерін таңғажайып құбылыстарымен ұштастыра білгенін байқауға болады. Өз даласының әуенін, адам сезімімен байланысып жатқанын музыка аспаптарының көмегімен бұл өнерді халқымыз біздің заманымызға жеткізе алды. Сондықтан баланы ұлттық музыкаға тартып, халық өнеріне құрметпен қарау, оны сүю, ұлттық салт- дәстүрлерді қастерлеуге тәрбиелеу басты парызымыз. Ұлттық дүние бала жүрегінен орын алса, оны өмірдің мәні деп қабылдаса, онда ол ертеңгі өзінің Отанының, халқының, туған жерінің азаматы болады деп сеніммен айтуға болады.
Халқымыздың өткендегі аса бай музыкалық мұрасы бүгінде кәсіби музыка мәдениетіміздің асыл қорын молайтып, сарқылмас бір қайнар бұлағына айналып отырғаны баршамызға мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет