1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет32/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
Аманхан Әлімұлы: - Cерікболдың кемшілігін айтып жатырсыз. Қанша дегенмен жас ақын ғой. Жетістігі де бар шығар...
-Әлбетте. «Бәрі де өзгерген», «Басқаша болады...» деген өлеңдері тамаша. Мұнда ақынның әдемі сыр ашуы бар. Адамды сырласуға шақырады. Серікбол-ақындық мүмкіндігі бар жігіт. ... өлеңге шындап кіріспеген сияқты. Атүсті қарайтын болуы керек. Прозаизм басымдау.
-Аға, жаңадан бері жас ақындарды шықпыртып сынап жатырсыз. Сіздің көңіліңізден шығып жүрген жастар бар ма?
-Жақсылық Қазымұратұлы, Бауыржан Әліқожа, Олжас Қасым деген жігіттер ойымнан шығып жүр. Жақсылық тәп-тәуір жазады. «Қара ала сырмақ» деген кітабы шықты. Бауыржанның тілі жатық. Образды ойлау жүйесі тың, поэзиядағы дыбыс, ырғақ, әуенді жақсы сезінеді. Мен поэзияда образ, тіл, музыка – үшеуін жоғары қоямын. Бауыржанда осылардың бәрі бар. Қарапайым адам көрмейтін құбылыстарды көреді. Көрген дүниесін шебер суреттейді, теңеулері жақсы. «Пойызда» өлеңі керемет. Олжас Қасым да жақсы ақын болады. Кейде өлеңге салдыр-салақ қарап кетеді. ....... бастысы ақындық қасиеті бар. Осы үш жігіттен үміт күтемін.


3-мәтін
16 желтоқсанның ақ таңы алаулай атты. Ашық аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Арқаның шыңылтыр аязы шымырлата қысқанымен, ауа таза, төңірек тымық. Ақ қарды күн нұрымен шағылыстыра, көз қарықтыра шықырлатқан Арқаның аязы ару Астананы арайландыра түскен. Мереке құшағындағы елорда тұрғындары мен қонақтары қыстың қысқа күні арқан бойы көтерілген кезден-ақ жаңа қалаға – Есілдің сол жағалауына ағылуда. Аязбен алабұртқан жұрт жүзінде ерекше бір тамашаға ынтыққан әуестік бар.
Иә, бүгін «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы ашылды!


4-мәтін

Бір құмырысқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен бос болыпты. Жем іздеп жүріп бір дән тауып алыпты. Оны жалғыз өзі әрі-бері сүйреп орнынан қозғалта алмапты. Енді көмек сұрауға достарын іздепті. Гүл жинап жүрген араны тауып:



  • Достым, маған көмектесіп жібер, - деп өтініпті. Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, -деп ара көнбепті. Енді қоңыздан көмек сұрапты:

  • Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете береді қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен кездеседі. Олар мұның түрін көріп:

  • Не істеп жүрсің? – депті. Ол өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. ...... құмырсқа қайта үйіріне қосылады.



5-мәтін
Біздің ауылдың сыртында кішігірім әдемі көл бар. Жазда балалар осы көлге суға түседі. Көлдің суы тап-таза, мөп-мөлдір. Күнге шағылысқанда айнадай жарқырап жатады.
Бірде таңертең Ернұр екеуміз көлдің жағасына келіп, тынығып отырдық. Балықтар ойнап, шоршып жүр. Бір кезде Нұрлыбек аға машинамен келіп тоқтады да, машинасын жууға кірісті. Бізді көрді де көмекке шақырды. Біз машинаны жуып болып, суға түсуге бардық. Көлдің суы лай, майланған. Шошыған балықтардың бірі жоқ. Нұрлыбек мұны сезбейді. Сөйтіп, басымызды салбыратып үйге қайттық. Ернұр екеуміз үлкен болғанда машинамызды ешқашан көл жағасында жумауға келістік.
«Балдырған»журналынан
1-мәтін
Вайхир селосының жанында үлкен өзен бар. Ыстық күндері өзен жағасына балалар көп жиналады. Замин су алуға келді. Ол су ала бергенде, басы айналып өзенге құлап түсті. Замин жүзу білмейтін еді. Суға кеткен баланы көре сала үшінші сыныпта оқитын Иса Мамедов суға секіріп кетті. Иса Заминнің бір қолынан ұстап жағаға сүйрей жөнелді. Жағаға әрең алып шықты. Иса үлкен ерлік жасады. Ол Заминді құтқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет