1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет31/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

5- мәтін
Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден озар алдында қасына ұлын шақырып алып:

  • Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан, - депті.

Күндердің бір күні бала әкесінің қалдырған қазынасын іздеймін деп жолға шығып, әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.

  • Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – ... . Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік.Тілден қымбат қазына жоқ, - деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін тауып беріпті.



6- мәтін
Баяғыда бір баланы жат жұрттықтар тұтқындап, еліне алып кетіпті. Еліне әкелген соң, қой бақтырып қойыпты.
Бала қой бағып жүріп, далада қалған қу бастың қасына келіп: «Сенің арғымақтың басы екенінді кім білсін, менің Тортай сыншының баласы екенімді кім білсін?» деп зарлайды екен.
Күндердің күнінде баланың қожасы үш аргымақ әкеліп балаға сынатыпты.
– Бала, мына арғымақтардың қайсы жүйрік? – деп сұрапты. Бала:
– Мен білмеймін, әкем білетін еді, - депті.
Мұнан соң бай сәйгүліктерді балаға бақтырып қойыпты. Бала ең тұлпарын танып, жарата беріпті. Бір күні бала тұлпарға мініп, еліне тайып отырыпты. Жат жұрттықтар жабыла қуыпты. Бірақ бала оларға жеткізбей кетіпті. Сөйтіп аман-есен еліне жетіпті.
7- мәтін
Әлемдегі мемлекеттің рәміздеріне қарап отырсаңыз, қызыл түсті туларды жиі кездестіресіз. Ақ, көк, сары, қара, жасыл түстер де бар. Әр түрлі түстердің мағыналары бар.
Қызыл түс – өмір түсі. Қанды, отты, махаббатты, батылдықты, күшті білдіреді. Ол бостандық пен тәуелсіздік жолын бейнелейді.
Ақ түс – бұл тазалық, жарық, даналық, үміт. Ақ ту – келісімді, бейбітшілікті білдіреді. Түріктер үшін қасиетті ақ түс. Ананы кейіптейді, бейнелейді.
Көк түс – аспан мен теңіздің түсі, биіктік пен тереңдікті бейнелейді, сондай-ақ тұрақтылық, әділдік, ерлікті білдіреді. Көк түстің саяси мәні – азаматтық бірлік, ынтымақ.
Сары түс – Күн түсі, даңқты, тәңірлік билікті, сенімді , тұрақтылықты, бірлік, тұтастықты білдіреді. Бұл өмір түсі. Қытайда сары түс – императорлық түс болып саналады. Сары ту сонымен қатар карантинді білдіреді.
(«Түрік тілдес мемлекеттердің рәміздері» кітабынан)

1-мәтін
Бір адам жылына кем дегенде 750 литр су ішеді екен. Сол себепті оның ағзасының 70 пайызы судан тұрады. Су - денеміздің басты қорегі. Адам аурының 80 пайызы судан екенін біреу білсе, біреу білмейді. ...... таза су ішу, суымыздың таза болуы – бірінші орындағы мәселе. Біз ішіп жүрген ауыз суды таза деп айта алмаймыз. Краннан аққан судың құрамында денсаулыққа зиянды неше түрлі қосындылар бар. Олардың бәрі қосымша тазартуды қажет етеді. Ал оны немен тазартамыз? Суды мың да бір ауру- сырқатқа ем болатын шунгит тасымен тазартуға болады.
Шунгит тасы суды ғана тазартып қоймайды, ол адам ағзасын да тазартып, денеге қажетті элементтердің жанданып, қайта жетілуіне жол ашады. ........ шунгит тасы адам ағзасын ионмен қамтамасыз етеді де, қуат көздерін ашып, науқастан айығуға тікелей әсер етеді.

2-мәтін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет