1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет33/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2
153591
2- мәтін
«Адамның денесінде бір ет бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол – көңіл». Көңілдің жақсы болуы-жаман мінезден тазарып, жақсы мінез қалыптастыр дегенді білдіреді. Адамға өз кемшілігін көруі қиын. Сондықтан сенімді досыңнан сұрап кемшіліктеріңді біле аласың. Адамға дұшпандарының айтқан сөздері де, өз айыбын, кемшілігін білуге себеп болады. Өйткені дұшпан адамның айыбын іздеп, бетіне басады.
3-мәтін
Полярлық станциялардың маңында көп пингвин өмір сүреді. Олар төбелерінен ұшып өтетін тікұшақтарға (вертолет) қызыға қарайды. Тікұшақтарға қараймыз деп шалқасынан құлап жатады екен. Денелерінің қолапайсыз болғандығы сондай, құлаған пингвиндер өз беттерінше аунап, тұра алмайды екен.
Әрбір тікұшақ ұшқан сайын оларға көмекке арнайы маман келеді. Әйтпесе, байғұстар жатқаннан тұрмай кетуі әбден мүмкін. Бұл мамандық пингвин аударушы деп аталады екен.
4-мәтін
Таутөбет - тау, таудай, үлкен, ірі, дәу, кесек дегеннен туған сөз. Таутөбеттер үйшікке жатпайды. Қар немесе мұз үстіне жата салса да, аязға еш тоңбайды. Әлемдегі 116 ит түрі ішінде қазақтың таутөбеті ең ірісі болып табылады. Оның кеудесі, мойны, тұмсығы - жуан, басы, аузы - үлкен, тістері - ірі, езулері салақтап жүреді. Тұмсығы келтелеу болса да, жуан болып келеді. Жүні қалың, ұзын қылшықты. Бас жүні бет-аузын жауып тұрады. Құлақтарын да жүн басып алған. Денесін де қалың түбіт қаптаған. Екінші түрінде жүні сәл тықырлау, алайда түбіті қалың шығады.
5-мәтін
Тышқан баласына оңашада: «Адам деген мықты жауымыз бар, ағаштан қақпан құрып, үстіне ғана май байлап қояды, соны жеймін деп барсаң, қақпан ұстап алады, балам, соған жолай көрме»,-депті. Бір күні әлгі баласы ойнап жүріп, майдың иісі шыққан жерге келіп, «неғылып қойған екен» деп, қасына жоламай, алыстан сығалап қана қараса, шешесінің айтқан қалыбынша қақпан, үстінде майымен тұр екен. Тышқан ойлады: «Қарашы, адамның ақылсызын, ағаштан қақпан істеп, үстіне ғана май байлап, бізді қызықсын деп қойғанын, біз сол қулыққа бола қоямыз ба?»- деп, олай-бұлай одыраңдап жүгіріп жүрді де айтты:
- Сөйтсе де, айхай майы құрғырдың иісінің жақсысын-ай, жемесем де сәл ғана жақындап иіскеуге болады ғой, - деп, бірте-бірте жақындай-жақындай бара жатқанда, қақпан тарс етіп тышқанды ұстап алыпты.
6-мәтін
І. Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.
ІІ. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
ІІІ. Ал осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындатты. Осы «Coco-colaмен» көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шығады.
ІҮ. «Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. ___________, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!
7-мәтін
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. ....... киіз үй оның тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мақтанышы деп бағаланады. Шынында да арғы, бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі зор екеніне көз жеткіземіз. Атап айтқанда, ата-бабаларымыздың ақыл-ойы,тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем болмағанын көреміз. Бұрынғы- соңғы ғұламалар айтып кеткендей осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлемі , есептеу жүйесі туралы да, экономикалық біліктілігі , мәдениет пен өнердегі талғамы туралы да- жалпы алғанда өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Біздің киіз үйіміз сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды.
8-мәтін
Жоңғарлардың ең үлкен батыры Мықтым далада жүрген жерінде Қабанбайға жолығып қалады да, «мен сіздің атыңызды сырттай естіп, әттең, бір сайыссам деп жүр едім, бүгін жақсы кезіктік, маған сүт пісірім уақыт беріңіз, сауыт-сайманымды киіп сізбен жекпе-жек бір айқассам»дейді. Мұны Қабанбай мақұл көреді. Мықтым тез барып сауыт –сайманын киіп келеді де, дереу екі батыр жекпе-жекке шығады. Әрі алысып, ...... алысып бірін-бірі жеңе алмайды. Сұрапыл шайқастың нәтижесінде, ақыры, екі батырдың да сауыт-саймандары қаусап жерге түсіп, аттарының аяқтары тізеден жерге кіріп кетеді. Ең соңында Мықтым батырдың аты жығылып, Қабанбай оны әрең жеңеді. Ал, Мықтым болса, «қазақты жеңу қиын екен, ендігі жерде екі жақ соғысты тоқтатып, тату-тәтті өтелік» деген келісімді мойындайды. Содан былайғы жерде қазақ пен моңғол соғыспай өткен екен дейді.
9-мәтін
1898 жылы ағылшын ғалымы, Лондон корольдік институтының профессоры Дж. Дьюор сұйытылған газ сақтауға болатын «Дьюор колбасын»( ыдыс) ойлап тапты. Колба қос қабатты шыныдан немесе металдан жасалды. Жылу жібермес үшін қос қабат шынының(металдың) арасына қуыс қалдырды. 1904 жылы германиялық Рейнольд Бюргер бұл түтікті үй шаруашылығына қолдануға болатынын түсінді. Бірақ оны қалай атауға болады? ”Колба”сөзі үй тұрмысына қолдануға келіңкіремейді. Әрі ойлап, бері ойлап әбден басы қатқан Бюргер жаңа өнімге жақсы ат тапқан адамға сыйлық беретінін жариялайды. .... “колба” орнына “термос” сөзін ұсынған адам жеңіп шығады да, Бюргер уәдесін орындайды. Грек тілінде бұл сөз “жылу сақтау үшін” деген мағынаны білдіреді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет